37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
Өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жергілікті атқарушы орган беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың берілгені немесе ұзартылғаны үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш айдан аспайтын мерзімге жергілікті атқарушы орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алған жағдайда, келе алады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы