37-1 бап. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуы Халықтың көші-қоны туралы Заңы
1. Жұмыс берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартады.
2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
3. Жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілуге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсаты алынған шетелдік жұмыскерлерді бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан ұйымдарға іссапарға жіберуді қоспағанда, рұқсатта көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қолданылады.
4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алымдар төленген кезде беріледі немесе ұзартылады.
Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алған немесе ұзартқан кезде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне төленеді.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алымды төлеу бөлігіндегі осы тармақтың ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
5. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беруді немесе ұзартуды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.
6. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны персоналды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасқа сәйкес келуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға немесе Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай келуі тиіс. ЗҚАИ-ның ескертрпесі! 7-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.01.2030 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы