Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істері бойынша телефон арқылы онлайн заңгерлік кеңес
Сот шешімі азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен адалдық парасаттылық пен әдiлдiк талаптарынан туындағанда ғана заңды болып табылады.
Талапкер Ә. жауапкерлер «АЛҚА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – ЖШС), А.-ға қарсы сотқа талап арыз беріп, қайғылы оқиғаның мекемеге қатысы бар деп тануды және Н-1 актісін толтыруды міндеттеуді, 15 000 000 теңге моральдық зиян өндіруді сұраған. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2012 жылғы 03 қазандағы шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған. Облыстық соттың кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгеріссіз қалдырған. Ә. Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына берген өтінішінде соттардың іс жүргізу және материалдық құқық нормаларын бұзғандығын көрсетіп, дау айтылған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істері бойынша телефон арқылы онлайн тегін заңгерлік кеңес
Сонымен қатар соттар әділетсіз, заңсыз және негізсіз шешімдер шығарып, өзінің құқықтарын өрескел бұзды деп санайды. Қосымша өтінішінде Ә. даулап отырған сот шешімдері қойылған талаптарға сай емес деп санайды. Жауапкер ЖШС қарсы пікірінде бірінші сатыдағы соттың шешімі мен апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларын өзгеріссіз, ал өтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әріАІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, соттың материалдық не іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзуы заңды күшіне енген шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Қадағалау сот алқасы тараптардың уәждерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегі негіздер бойынша өтініш қанағаттандырылуға, даулы сот актілері бұзылып, азаматтық іс Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жаңадан қарауға жіберілуге жатады деген тұжырымға келді. АIЖК-нiң 218-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешiмi туралы» нормативтік қаулысының 5-тармағына сәйкес, сот шешiмi заңды және негiздi болуы тиiс.
Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк талаптарынан туындағанда ғана заңды болып табылады. Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген және шынайы дұрыс дәлелдермен құпталса немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мәнжайларға сәйкес келсе немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады. Алайда, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының, Маңғыстау облыстық соты сот алқаларының даулы актілері жоғарыдағы заң талаптарына сәйкес келмейді. Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшының ұлы, марқұм Б. 2012 жылғы 25 мамырда Маңғыстау облысы, Атамекен селосында, «Синтез» бау-бақша серіктестігіне қарасты бағанадағы электр тогымен зақымдану салдарынан қайтыс болған. Б. ЖШС-ға қарасты «Синтез» бау-бақша серіктестігінде мердігерлік шарт бойынша электрожөндеу жұмыстарын атқарған.
Жоғарыда айтылған оқиғаларды тараптар мойындаған және дауламаған. Осы қайғылы оқиғаға байланысты, Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің 2012 жылғы 05 маусымдағы бұйрығымен арнайы комиссия құрылған. Тексеру барысында Б.-ның ЖШС-да жұмыс істегенін растайтын құжаттар анықталмаған. Сотта куәгерлер, марқұмның туыстары Ә., Н. оның ЖШС-да жұмыс істегенін айтқан. Бірінші сатыдағы сот Ә.-нің қайғылы оқиғаны мекемеге қатысы бар деп тану және Н-1 актісін толтыруды міндеттеу, моральдық залал өндіру туралы талабын қанағаттандырудан бас тарта отырып, Б. ЖШС-да қызмет атқармағандығын, Б. мен жауапкер ЖШС арасында еңбек шартының болмағандығын негізге алған. Сонымен қатар, куәгерлер марқұмның туыстары болғандықтан, олардың берген түсініктемелерін іс бойынша дәлел ретінде қабылдамаған. Қадағалау сот алқасы бірінші сатыдағы сот, облыстық соттың сот алқалары іс үшін маңызды мән-жайларды анықтамай, даулы мәміленің жасалуы жөніндегі айғақтарға нақты құқықтық баға бермей, негізсіз сот актілерін қабылдауға жол берген деп санайды. Іс құжаттарына қарағанда, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 172 қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлігінің 12-тармағына сәйкес, марқұм Б. ЖШС-да электромонтер қызметін атқарған деп көрсетілген. Куәгер Д.-ның түсініктемесіне қарағанда, оқиға болған жерге ЖШСнің директоры қызметін атқаратын С. келіп, марқұмға құран оқытқан. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің хатына сәйкес, ЖШС-нің басшылары Д., С., А., Т. және Қ.-дан түсініктемелер алынған. Олар түсініктемелерінде Б.-ның ЖШСда қызмет атқармағанын, бағана басына шығуға тапсырма берілмегендігін және оқиғаның қалай болғанын көрмегендерін көрсеткен. Алайда, кейіннен жоғарыда аталған куәгерлер өз түсініктемелерін өзгертіп, Б.-ның ЖШС-да қызмет атқарғандығын, бағана басына шығу туралы тапсырманы орындау кезінде қайғылы оқиғаға ұшырағанын айтқан.
Бұл мән-жайлар істі қараған соттардың назарынан тыс қалған. Сонымен қатар талапкер Ә. дәлелдеме ретінде ЖШС берген, нотариалды куәландырылған Б.-ның білім дәрежесін тексеру куәлігін және марқұмның 2012 жылдың мамыр айында Атамекен ауылы, Шуақ көшесінде арнаулы жұмыс киімімен жұмыс істеп жүргенін көрген Р.-ның көрсетуін сотқа ұсынған. Айтылған білім дәрежесін тексеру куәлігі қалай пайда болғаны және оны кім жазып бергені туралы мәлімет сотта анықталмаған. Істің мұндай тұрғысында, іс бойынша қабылданған даулы сот актілерін заңды және негізді деп тануға болмайды. Сондықтан қадағалау сот алқасы сот актілердің күшін жойып, талапкердің өтініште келтірген уәждері мен істің мән-жайын толық, объективті зерттеу, сот тергеуінің кемшіліктерін жою және маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтау үшін, азаматтық істі Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қарауына жолдауды дұрыс деп есептейді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істері бойынша телефон арқылы онлайн тегін заңгерлік кеңес
131 рет жүктеп алынды -
Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істері бойынша телефон арқылы онлайн тегін заңгерлік кеңес
119 рет жүктеп алынды