Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман иелену құқығымен беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 305 қаулысы
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:
1) "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шелек орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 12946 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
2) "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Байғанин орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 30000 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
3) "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Орқаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 56895 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
4) "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 16685 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
5) "Жамбыл облысының әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 368086 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
6) "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Үлкен Нарын орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 87780 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
7) "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының "Жасыл белдеу" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 3578,57 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін орман иелену құқығымен берілсін.
2. Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының және Шымкент қаласының әкімдері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі | О. Бектенов |
| Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2026 жылғы 22 сәуірдегі№ 305 қаулысынақосымша |
Орман иелену құқығымен берілетін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің экспликациясы
| гектар |
Жүктеу
| Орман пайдаланушының атауы | Жалпы ауданы | оның ішінде | ||||||||
Орманды жерлер | Ормансыз жерлер | |||||||||
Барлы ғы | оның ішінде | Барлығы | оның ішінде | |||||||
орман көмкерген | орманның жинақталмаған ағаштары | орман көмкермеген | шабындықтар | жайылымдар | жолдар | басқа жерлер | ||||
Жүктеу
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шелек орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 12946 | 6063 | 5842 | 41 | 180 | 6883 | 29 | 3830 | 56 | 2968 |
| "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Байғанин орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 30000 | 10000 | 10000 | - | - | 20000 | - | 20000 | - | - |
| "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Орқаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 56895 | 9300 | 9300 | - | - | 47595 | - | 3595 | - | 44000 |
| "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 16685 | 12048 | 8811 | 1386 | 1851 | 4637 | 274 | 2634 | 22 | 1707 |
| "Жамбыл облысының әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 368086 | 329194 | 184594 | - | 144600 | 38892 | - | 30099 | 1695 | 7098 |
| "Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Үлкен Нарын орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 87780 | 38028 | 35329 | 226 | 2473 | 49752 | 730 | 33150 | 96 | 15776 |
| "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының "Жасыл белдеу" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 3578,57 | 3523 | 2003 | 132 | 1388 | 55,57 | - | - | 19 | 36,57 |
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау