91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi Орман кодексі Қазақстан Республикасының
1. Жергiлiктi халықтың сүрекке, оның ішінде отындық сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету, одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген өтiнiмдер басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын тиiстi мемлекеттік орман иеленушіге берiледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы