262-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, осындай учаскелерді пайдалану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру кезiндегi экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзетуді, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орман иеленушілердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалануға (сервитут) құқығы бар.
2. Табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсер етулерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерi шекараларының бойымен енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
3. Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде ормандардың жай-күйiне жағымсыз әсер ететiн қызметке тыйым салынады.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы