261-бап. Орман иелеріне және (немесе) орман пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Ауыл және орман шаруашылығын кешенді жүргізу үшін орман иелерінің және (немесе) орман пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануына берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш және бұта өсімдіктерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасы Орман кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
2. Мемлекеттік орман қорының учаскелері пайдалануына берілген орман иелері және (немесе) орман пайдаланушылар оларда орман орналастыруды жүргізуге және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысуға міндетті.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, молықтырылуын және пайдаланылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы