Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi Орман кодексі Қазақстан Республикасының

15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi Орман кодексі Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi Орман кодексі Қазақстан Республикасының

     Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

     1) Алып тасталды-ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

     1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

     2) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, олардың функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

     3) мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді, бекітеді және орындауды іске асырады;

     4) орман өрттерін сөндіру үшін жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техниканы, ұйымдардың Көлік және басқа да құралдарын тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды жүріп-тұру, өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;

     5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті өртке қарсы құралымдардың жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;

     6) табиғи өртті сөндіру үшін орманда өрт қауіпті маусымға арналған жанар-жағармай материалдарының резервін, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерін сөндіру үшін әуе кемелерін тартқан жағдайда авиациялық отын резервін құрады;

     7) шаруа және фермер қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдарда және шабындықтарда сабандарды, өсімдік және өзге де өсімдік қалдықтарын жағуды, орман қорына іргелес аумақтарда шөпті өсімдіктерді күйдіруді жүргізуін бақылауды қамтамасыз етеді;

     8) ормандарды үнемдеу, ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындау туралы мәселелерді өртке қарсы насихаттауды, бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялауды ұйымдастырады;

     9) облыс аумағында орман өрттеріне қарсы күрес жөніндегі жұмысты үйлестіреді, қажет болған жағдайда осы мақсат үшін арнайы комиссиялар құрылады;

     10) орман қорының аумағында орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес және оның санитариялық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

     11) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешімдер қабылдайды;

     12) орман қорын мемлекеттік есепке алу, Мемлекеттік орман кадастры, олардың функционалдық қарамағындағы ормандардың мемлекеттік мониторингі жөніндегі материалдарды уәкілетті органға ұсыну үшін дайындайды;

     13) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде олардың функционалдық қарауындағы орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген аяқталған объектілерді және дайын өнімді қабылдайды;

     13-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын әзірлейді (тамырына жіберілетін сүрек үшін ставкаларды қоспағанда);

     14) облыстың уәкілетті органы мен жергілікті өкілді органының қатысуымен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді ұйымдастырады және өткізеді;

     15) (алынып тасталды);

     15-1)Алып тасталды-ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

     15-2) орман пайдаланушыларға Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; балық шаруашылығы мен балық шаруашылығын жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі құрылыс объектілеріне арналған учаскелерді береді;

     15-3)алынып тасталды-ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

     15-4) ведомстволық бағыныстағы орман мекемесінің символикасын (эмблемасы мен Туын) бекітеді;

     15-5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен орман қорының жерлеріне басқа санаттағы жерлерді ауыстыруды жүзеге асырады;

     16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексі

 

 

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы