Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабына түсініктеме. Билік өкілін қорлау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабына түсініктеме. Билік өкілін қорлау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабына түсініктеме. Билік өкілін қорлау

1. Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау —

сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Дәл сол іс-әрекет жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалса, —

жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескертпе. Билік өкілінің қызметтік қызметі туралы сын пікірлер айтылған жария сөз сөйлеулер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

ҚР Конституциясының 3-бабына сәйкес, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.

Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

Қазақстан Республикасында ешкім де билікті иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кету заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан сөз сөйлеу құқығы Президентке, сондай-ақ Парламентке оның конституциялық өкілеттіктері шегінде тиесілі. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктер шегінде сөз сөйлейді.

Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидатына сәйкес, олардың өзара іс-қимылы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі бұл іс-әрекеттің билік органдарының қалыпты қызметін бұзуында, олардың беделіне нұқсан келтіруінде, сондай-ақ билік өкілінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауында болып табылады. Соның салдарынан билік органдарының жұмысында іріткі туындайды.

Қарастырылып отырған қылмыстық теріс қылықтың объектісі билік өкілінің қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қосымша объект ретінде билік өкілінің беделі, ар-намысы мен қадір-қасиеті, сондай-ақ оларды қорғауға кепілдік беретін қоғамдық қатынастар танылады.

ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтан жәбірленушілер билік өкілдері болып табылады.

ҚК-нің 3-бабының 9) тармағына сәйкес, билік өкілі — Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзіне қызметтік бағыныстылығында жоқ адамдарға қатысты өкімдік өкілеттіктер берілген мемлекеттік қызметте жүрген адам, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері, әскери полиция органының қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын әскери қызметші.

Билік өкілінің мәртебесі, ең алдымен, лауазымдық өкілеттіктермен байланысты. Олардың ұғымы лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚК-нің 361-бабы), билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК-нің 362-бабы), салғырттық (ҚК-нің 371-бабы), қызметтік жалғандық жасау (ҚК-нің 369-бабы) туралы істер бойынша теория мен сот практикасында қалыптасқан.

Биліктік өкілеттіктер деп ведомстволық тиесілігі мен бағыныстылығына қарамастан азаматтар, мекемелер мен ұйымдар орындауға міндетті шешімдер қабылдау, талаптар қою құқығы түсініледі.

Билік өкілінің функциялары негізінен лауазымды адамдарға тән. Олардың ұғымы ҚК-нің 3-бабының 26) тармағында бекітілген: лауазымды адам — мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында билік өкілінің функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адам.

Қылмыстық теріс қылықтың объективтік жағы билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты қорлаудан көрінеді.

Қарастырылып отырған бапта билік өкілін қорлау деп кінәлі адамның билік өкілінің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін және әдепсіз нысанда көрініс табатын әрекеттері түсініледі.

Қорлау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін: ауызша, жазбаша, ым-ишара арқылы, сондай-ақ билік өкілінің қадір-қасиетін қорлайтын дене қимылдары арқылы (мысалы, түймелерін, погондарын жұлып алу, бетіне түкіру, шапалақпен ұру, әдепсіз дене қимылдарын жасау және т.б.).

Билік өкілінің өмірінен алынған, оның беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келетін фактілерді де әдепсіз нысанда хабарлау адамның әрекеттерінде ҚК-нің 378-бабы бойынша сараланатын қылмыстық теріс қылық белгілерін тану үшін жеткілікті негіз болатынын атап өткен жөн.

«Өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде» деген ұғымды ашу үшін «қызметтік міндет» деген анықтамаға түсінік беру қажет. Қызмет — қандай да бір лауазымды атқаруға байланысты іс-әрекеттер аясы. Міндет — сөзсіз орындалуға тиіс нәрсе. Осылайша, қызметтік міндет — басқару жүйесінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған және орындалуы міндетті қызметкер әрекеттерінің жиынтығы.

Демек, «билік өкілінің өзінің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде» деген ұғым деп мемлекеттік қызметшінің, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери полиция органы қызметкерінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын әскери қызметшінің қызметте (жұмыста) болуын және басқару жүйесінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, сөзсіз орындалуға тиіс әрекеттерді орындауын түсіну керек.

Егер іс-әрекет көрсетілген мән-жайлардан тыс, яғни билік өкілі өзінің қызметтік міндеттерін атқармаған кезде жасалса, онда қылмыстық жауаптылық «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты 1-тараудың тиісті баптары бойынша туындауға тиіс. Яғни жеке бас араздығы себептері бойынша билік өкілін қорлау қарастырылып отырған қылмыстық теріс қылық құрамын құрмайды.

Судьяны және сот талқылауының басқа да қатысушыларын қорлау сотты құрметтемеу үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін ҚК-нің 410-бабы бойынша қарастырылуға тиіс.

ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамы құрылымы бойынша формальды болып табылады. Тиісінше, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір теріс салдардың туындауы талап етілмейді, билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау фактісінің өзі жеткілікті.

Қорлау жәбірленуші болмаған кезде жасалған жағдайларда талданып отырған қылмыстық құқық бұзушылық оған қатысты айтылған қорлау сөздері басқа адамдар арқылы жеткізілген сәттен бастап аяқталған деп есептелуге тиіс.

Түсіндіріліп отырған қылмыстық теріс қылықтың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты қорлап отырғанын сезінеді және соны қалайды.

Мәселен, Д. өзінің тұрғылықты жерінде достарымен бірге спирттік ішімдіктер ішіп, карта ойнап, сол арқылы тыныштықты бұзған. 102 пультіне келіп түскен шақыруға байланысты Н. тиісті мекенжайға келген. Кезекшілікте жүрген, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті ЖПП МПС инспекторы Н.-ның тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасау мақсатында Сарыарқа ауданының Полиция басқармасына бару туралы талабына Д. өзінің әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын сезіне отырып, қоғамдық қауіпті салдардың туындауының болмай қоймайтынын алдын ала болжап және олардың туындауын тілей отырып, өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілі Н.-ның атына балағат сөздер айтқан, яғни оны қорлаған, осылайша билік өкілі ретінде Н.-ның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіткен.

ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың субъектісі он алты жасқа толған, есі дұрыс кез келген адам бола алады.

ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігі билік өкілін жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын не телекоммуникация желілерін пайдалана отырып қорлағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілейді.

Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жария түрде қорлау — баспа басылымдарын, теле- және радиоарналарды, интернет-сайттарды, мессенджерлерді және т.б. пайдалану арқылы әдепсіз нысанда білдірілген ар-намысы мен қадір-қасиетін жария түрде кемсіту не оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату болып табылады.

Қарастырылып отырған қылмыстық теріс қылықтың саралаушы белгілерінің неғұрлым егжей-тегжейлі сипаттамасы жоғарыда, ҚК-нің 373-бабын талдау кезінде берілген.

Осы бапқа ескертпеде билік өкілінің қызметтік қызметі туралы сын пікірлер қамтылған жария сөз сөйлеулер түсіндіріліп отырған бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтыны көрсетілген.

ҚК-нің 378-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер қылмыстық теріс қылықтарға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Исидор Шамилұлы Борчашвилидің 2021 жылғы түсініктемесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Указ Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына бай...

Толық оқу »

321-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану

321-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану 1. Өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомб...

Толық оқу »

328-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жауапты мемлекеттік лауазымын атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру

328-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жауапты мемлекеттік лауазымын атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру 1. О...

Толық оқу »

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Билік өкілін қорлау

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Билік өкілін қорлау 1. Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе олардың орында...

Толық оқу »

390-бап. Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

390-бап. Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Бил...

Толық оқу »

371-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК әскери қызметшісін қорлау

371-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК әскери қызметшісін қорлау 1. Бір әскери қызметшінің екіншісін орындау кезінде немесе әскери қызметтің...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілікке тарту | қорлау Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау / жала жабу көрінеу жалған мәліметтер тарату / моральдық зиянды өндіріп алу

Қылмыстық жауапкершілікке тарту | қорлау Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау / жала жабу көрінеу жалған мәліметтер тарату / моральдық зиянды өндіріп алуСот ашық сот отырысында...

Толық оқу »

Түсініктеме 130-бабына Қорлау туралы  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің

Түсініктеме 130-бабына Қорлау туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз нысанда кемсіту –жүз айлы...

Толық оқу »