Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1. Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өлтірумен, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту –

      екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      2) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

      3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;

      4) телекоммуникация желілерін, ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет –

      үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану –

      төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген:

      1) екi немесе одан көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;

      5) бірнеше рет;

      6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      7) төтенше ахуал кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;

      8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану –

      жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген:

      1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) аса қатыгездікпен жасалған;

      4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;

      6) бірнеше рет;

      7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

      9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы