Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен өзі орындаған хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға және шешілуге жатпайды.
Г.Б.Тәжібаева «Алматы қаласы МКД Наурызбай ауданы бойынша МКБ» РММ-ге өзінің жылжымайтын мүлкі - сауда кешенін сатуына байланысты шығарылған камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінді.
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2020 жылғы 27 мамырдағы шешімімен арызды қанағаттандырудан бас тартылды.
Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысының 2020 жылғы 14 қазандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.
Кассациялық сатыдағы соттың 2021 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен іс бойынша қабылданған сот актілерінің күші жойылды, іс бойынша іс жүргізу мынадай негіздер бойынша тоқтатылды.
СК-нің 96-бабының 2-тармағына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жолдаған салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы танылады.
Бұл жағдайда Г.Б.Тәжібаева хабарламамен келіспей, салық органына 2019 жылғы 6 мамырда қарсылық берді.
Г.Б.Тәжібаеваның қарсылығына жауап ретінде салық органы хабарлама орындалмаған деп танылғанын, бұл туралы оның атына хат жолданғанын көрсетті.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес жеке қолданылатын құқықтық актінің қолданылуы осы құқықтық акт өздеріне арналған тұлғалар оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды орындаған кезден бастап тоқтатылады.
«Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» НҚ-ның 19-тармағына сәйкес АПК-нің 293-бабының бірінші бөлігін ескере отырып, салық төлеушінің жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен орындаған камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға және шешілуге жатпайды. Судья мұндай арызды қабылдаудан бас тартады (АПК-нің 151-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы), ал азаматтық іс қозғалған жағдайда сот ол бойынша іс жүргізуді тоқтатады (АПК-нің 277-бабының 1) тармақшасы).
Аталған жағдайларда жергілікті соттар материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаған және түсіндірмеген.
Г.Б.Тәжібаева камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға қарсылық білдіре отырып, оны орындағандықтан, оның камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулау туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпағандықтан, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуы тиіс еді.
Салық төлеушілер өз арыздарында олардың орташа тәуекел дәрежесі бар салық төлеушілер санатына жатқызылғанын көрсетеді, сондықтан жоғарыда көрсетілген СК нормасы негізінде оларға қатысты мемлекеттік кірістер органы хабарламаны емес, хабарлауды ресімдеуі тиіс.
Нормативтік-құқықтық база
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегі ережелерден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.
Соттар салық заңнамасын қолдануға байланысты істерді қарау кезінде басшылыққа алуы тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:
1.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – СК);
3.1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК) (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі (Ерекше бөлім);
- 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
- 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) ;
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
9.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары (бұдан әрі – НҚ):
- «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4;
- «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2;
- «Мәмілелер жарамсыздығының және соттардың олардың жарамсыздығының салдарларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6;
- «Соттардың АПК 29-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық бұйрықтары.
ҚР ЖС 2020 жылы және 2021 жылғы 3 айда салық заңнамасын қолданудың сот практикасын қорыту 2021 жылғы 9 шілдегі
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.