11-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жеріне байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері (бұдан әрі – тұрған жері) деп салық төлеуші (салық агенті) жатқызылған субъектінің санаттарына байланысты мынадай жерлер танылады:
1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматтың тіркелген жері;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген жері жоқ, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматының тұрғылықты жері – Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматтың Қазақстан Республикасында соңғы тіркелген жері;
3) дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері – Қазақстан Республикасында салықтық тіркелу кезінде мәлімделген, олардың қызметі басым түрде жүзеге асырылатын жер;
4) резидент-заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тұрған жері – Қазақстан Республикасында тіркелу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген, оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;
5) қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тұрған жері – Қазақстан Республикасында салықтық тіркелу кезінде мәлімделген, қызметті Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын жер;
6) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның тұрған жері – Қазақстан Республикасында салықтық тіркелу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген, директорлар кеңесінің жиналысы немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған Қазақстан Республикасындағы нақты басқару органының тұрған жері;
7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелу кезінде мәлімделген, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның уақытша болатын жері;
8) Қазақстан Республикасында болмайтын, салық агенті болып табылмайтын адамнан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден жеке табыс салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемесі туындайтын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – Қазақстан Республикасындағы көздерден осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға кіріс төлейтін адамның тұрғылықты (тұрған) жері.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
11-бап. Салық саясаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық базаны өзгерту жөніндегі шаралардың жиынтығы салық саясаты болып табылады.
Салық саясаты жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпке сәйкес салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асырады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы