⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу

 

Еңбек кодексінің 53-бабының 6-тармағына сәйкес Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу Еңбек кодексінің 65-бабында көзделген тәртіптік жаза қолдану тәртібі және Еңбек кодексінің 66-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.

Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелсіз себеппен үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Р. ЖШС-ға жұмысқа қайта алу, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіріп алу, моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Тараптар арасында 2020 жылғы 10 маусымда еңбек шарты жасалды, оған сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 48 сағатты құрайды.

Ауысымдық жұмыс режимінде ауысымның ұзақтығы 12 сағатты құрайды (1-ауысым сағ. 08.00-ден сағ. 20.00-ге дейін;

2-ауысым сағ. 20.00-ден сағ. 08.00-ге дейін), міндетті салықтар мен зейнетақы жарналары тӛленгеннен кейін лауазымдық айлықақы - 70 000 теңге.

ЖШС бас директорының 2020 жылғы 21 сәуірдегі бұйрығымен 2020 жылғы 19-20 сәуірде жұмыс орнында үш жұмыс сағатынан артық болмауына байланысты талап қоюшымен еңбек шарты бұзылды.

Іс материалдарынан анықталғандай, жұмыскермен еңбек шартын бұзуға 2021 жылғы 21 сәуірдегі ҚТ және ЕҚ жөніндегі инженердің баянжазбасы және 2021 жылғы 21 сәуірдегі жұмыскердің жұмыс орнында болмауы туралы акт негіз болды.

Алайда сотқа 2021 жылғы 21 сәуірде емес, 2201 жылғы 20 сәуір деп кӛрсетілген акт ұсынылды, оның мазмұнына сәйкес Р. жұмыс орнында 2021 жылғы 19 сәуірде сағат 01:00-ден бастап сағат 3:30-ға дейін болмаған. Өзге акт, оның ішінде 2021 жылғы 21 сәуірдегі акт сотқа ұсынылмаған.

Сонымен бірге сотқа ҚТ және ЕҚ жөніндегі инженердің 2021 жылғы 21 сәуірдегі баянхаты ұсынылмаған. ҚТ және ЕҚ жөніндегі инженердің 2021 жылғы 16 сәуірдегі баянжазбасынан инженер Р.-ге кейіннен жұмыстан шығара отырып, ауызша қатаң сөгіс жасағаны туындайды.

Бұдан басқа, жауапкер Еңбек кодексінің 65-бабы 1, 2-тармақтарының талаптарын бұза отырып, талап қоюшының түсініктеме беруден бас тартуы жӛніндегі актіні ұсынбаған, талап қоюшының бұйрықпен танысқанына немесе оларды пошта (курьерлік) қызметі арқылы талап қоюшыға жібергеніне дәлел жоқ.

Бірінші сатыдағы сот еңбек шартын бұзуды заңсыз деп танып, аталған мән-жайлардың талап қоюды қанағаттандыруға негіз болып табылмайтынын, өйткені талап қоюшы оны жұмысқа қайта алуды сұрағанын, бірақ бұл ретте ол еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты дауламайтынын кӛрсетті.

Ал НҚ-ның 10-тармағына сәйкес жұмыс берушінің актісінде Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын тоқтату үшін негіз көрсетілуге тиіс.

Осыған байланысты соттардың жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы актісін жарамсыз деп танығаны және одан кейін жұмыскерді жұмысқа қайта алу мәселесін шешкені жөн.

Осы дауды қарау кезінде 2021 жылғы 21 сәуірдегі бұйрыққа дау айтылмағандықтан, күші жойылмағандықтан және заңсыз деп танылмағандықтан, сот талап қоюшыны жұмысқа қайта алу туралы мәселені шеше алмайды.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2021 жылғы 8 қарашадағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

АК-нің 9-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғауды сот: құқықтарды тану;

құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.

Еңбек кодексінің 6-бабына сәйкес әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.

Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.

НҚ-ның 10-тармағының мазмұны бойынша жұмыс берушінің актісінде Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын тоқтату үшін негіз кӛрсетілуге тиіс.

Осыған байланысты соттардың жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы актісін жарамсыз деп танығаны және одан кейін жұмыскерді жұмысқа қайта алу мәселесін шешкені жөн.

Осыған байланысты, жұмыскердің еңбек құқықтарын бұзу фактісі дәлелденген кезде еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану туралы дербес талаптың болмауы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.

Басқа мысал

           И. ЖШС-ға еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта алу, жоғалтқан табысын ӛндіріп алу туралы сотқа талап қоюмен жүгінді.

Петропавл қаласы № 2 сотының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі шешімімен И.-дің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылды.

И.-дің талап қоюын қанағаттандырудан бас тарта отырып, сот жұмыс орнында қатарынан үш сағаттан артық болмау фактісі сотқа ұсынылған дәлелдемелермен расталғанын кӛрсетті.

Талап қоюшының жұмыс орнында болмауының дәлелді себептері болмаған жағдайда, Еңбек кодексінің 65-бабының 2-тармағында көзделген жұмыскердің түсініктеме бермеуі түріндегі тәртіптік жазаны қолдану тәртібін сақтамауы елеусіз мән-жай болып табылады және жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қолдануға кедергі келтірмейді.

Дауланып отырған бұйрық заңды болып табылады, талап қоюшыны жұмысқа қайта алуға және бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақы өндiруге негiздер жоқ.

Сонымен қатар, сот И. келісу комиссиясына да, сотқа да жүгіну мерзімін ӛткізіп алған деген тұжырымға келді.

Талап қоюшы өтініш беру мерзімін өткізіп алудың дәлелді себептерін ұсынған жоқ.

СҚО азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысымен Петропавл қаласы № 2 сотының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі шешімінің күші жойылды, жаңа шешім шығарылды. И.-дің ЖШС-ға қойған талабы қанағаттандырылды.

Еңбек кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыскерге табыс етіледі не оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы оған жіберіледі.

Еңбек кодексінің 23-бабында жұмыс берушінің актілерімен курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жіберу жолымен таныстырудың өзге де тәсілдері көзделген.

Еңбек кодексінің 65-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) не жұмыскердің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде түсініктеме талап етуге міндетті.

Жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша түсініктеме беру туралы талап жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) ресімделеді және жұмыс берушінің талабын алғаны растала отырып, жұмыскерге жеке өзіне немесе курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы тапсырылады.

Жұмыскер талапты алудан жалтарған немесе бас тартқан жағдайда жұмыс берушінің өкілі тиісті акт толтырады.

Егер жұмыскер талапты алған немесе талапты алудан жалтару немесе бас тарту туралы акт жасалған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейін түсініктеме бермесе, онда жұмыс берушінің өкілі тиісті акт толтырады.

Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.

НҚ-ның 17-тармағына сәйкес жұмыскердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы туралы акт жазбаша түсініктеме беру туралы талап қойылғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң жасалады.

Жасалған теріс қылық фактісі жөнінде түсініктеме беру туралы талап жазбаша түрде ресімделеді. 2021 жылғы 9 маусымдағы № 286 бұйрықпен И.-мен еңбек шарты оның 2021 жылғы 9 маусымда дәлелді себепсіз жұмыста болмауына байланысты Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы негізінде бұзылды.

Жұмыс беруші 2021 жылғы 23 маусымда талап қоюшының жұмыс орнында болмау фактісі бойынша түсініктеме беруден бас тартқаны туралы акт жасады. И. бұйрықпен 2021 жылғы 23 маусымда танысты, қол қоюдан бас тартты.

Талап қоюшыны жұмыстан шығару Еңбек кодексінің 65-бабы 2-тармағының, 61-бабы 3-тармағының талаптарын бұза отырып жүргізілді.

Талап қоюшы жұмыстан босату туралы бұйрықпен уақытылы танысқан жоқ.

Жұмыстан шығару туралы бұйрық 2021 жылғы 9 маусымда шығарылды, ал талап қоюшының түсініктеме беруден бас тартатыны туралы акт 2021 жылғы 23 маусымда жасалды.

Жұмыс беруші талап қоюшыға жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша, яғни жұмыс орнында болмау фактісі бойынша түсініктеме беру туралы талап жіберілгенін куәландыратын дәлелдемелерді ұсынбады.

Бұдан басқа, Еңбек кодексінің 61-бабының 3-тармағын бұза отырып, жұмыскерге еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың көшірмесі жіберілмеген Жұмыс беруші Еңбек кодексінің 65-бабының 2-тармағында көзделген тәртіптік жазаны қолдану тәртібін бұзған.

Жұмыскерден жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша түсініктеме беру туралы талап тапсырылғаннан немесе ӛзге тәсілмен жіберілгеннен кейін жұмыс беруші жұмыскерге жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша түсініктеме беру үшін кемінде екі жұмыс күнін беруге тиіс және талапты алған немесе талапты алудан жалтару немесе бас тарту туралы акт жасалған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейін ғана түсініктеменің жоқтығы туралы акт жасалады.

Бұл ретте жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша түсініктеме беру туралы талапқа, жұмыскердің талапты алудан жалтаруы немесе бас тартуы туралы актіге, жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша түсініктеме беруден бас тарту туралы актіге жұмыс берушінің өкілі қол қояды.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

Тәртіптік жаза қолданудың жоғарыда көрсетілген тәртібі сақталған кезде ғана жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісі шығарылады, ол шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыскерге қол қойғызып жарияланады немесе бұйрықтың көшірмесі жұмыскерге курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жіберу жолымен не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жолдануы тиіс.

Жұмыс берушінің тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзуына байланысты алқа мәлімделген талаптардың негіздігі туралы дұрыс тұжырымға келді.

 

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау

 

Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарын қолдану практикасы АПК-нің 148-бабы талап қоюдың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін қамтиды.

АПК-нің 148-бабы 1- тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес, егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, арызда жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Еңбек тәртібінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша дауларды соттар қарайды.

Яғни жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын даулар бойынша келісу комиссиясында дауды алдын ала қарауды сақтау талап етілмейді.

Келісу комиссиясына жүгіну туралы талап еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде кӛзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, оның ішінде әскери қызметте тұратын жұмыскерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.

           Алайда заңның осы талабы бұзылған, жұмыскерлердiң арыздары оған заңды негiздерсiз қайтарылған жағдайлар бар.

К. ЖШС-ға қызметкерлердің штаты қысқартылған кезде жалақыны, өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін, өсімпұл мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 19 тамыздағы ұйғарымымен К. жалақы бойынша берешегі туралы анықтаманы бермеуіне, сондай-ақ келісу комиссиясының шешімі болмауына байланысты талап қоюшы барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылды.

Қайта жүгінгеннен кейін Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі ұйғарымымен арыз дауды сотқа дейін реттеудің сақталмауына байланысты талап қоюшыға тағы да қайтарылды.

Сот арызды қайтара отырып, іс материалдарында талап қоюшының келісу комиссиясына жүгінгені туралы арыздың көшірмесі бар екенін көрсетті. Алайда оны қарау үшін жұмыс берушіге тиісінше тапсырылғанын растайтын құжат және келісу комиссиясының шешімі жоқ.

2022 жылы 14 қазанда талап қоюшы тағы да сотқа жүгінді. Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымымен тараптар арасында медиативтік келісім бекітілді.

Алайда іс материалдарында мемлекеттік еңбек инспекторының хаты бар, оның мазмұнынан анықталғандай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің (ТСОБТ) мәліметтері бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтамасына сәйкес ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген. ЖШС микрокәсіпкерлік субъектісіне жататындықтан, келісу комиссиясында еңбек дауын сотқа дейінгі реттеу тәртібі талап етілмеген.

Орал қаласы № 2 сотының 2022 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымымен Д. ЖШС-ға жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қоюы сотқа жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін бұзғаны үшін талап қоюшыға қайтарылды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 тамыздағы ұйғарымымен 2022 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымның күші жойылып, іс материалдары дауды мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберілді.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қайтара отырып, ЖШС-ның келісу комиссиясына жүгіну қажеттігіне сілтеме жасай отырып, Еңбек кодексінің 159-бабының 1-тармағын басшылыққа алды.

Бұл ретте сот талап қоюшының осы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы және басшысы болып табылатынын, тиісінше келісу комиссиясына жүгіну қажеттігі талап етілмейтінін назарға алмаған.

Бәйтерек ауданы № 2 сотының 2021 жылғы 1 қарашадағы ұйғарымымен У.-дың ЖШС-ға жалақы өндіріп алу туралы талап қоюы талаптардың даусыз болуына және нотариусқа жүгіну арқылы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау қажеттігіне байланысты қайтарылды.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 20 қаңтардағы ұйғарымымен аудандық соттың 2021 жылғы 1 қарашадағы ұйғарымының күші жойылды, іс материалдары дауды мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберілді.

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 92-1-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының талаптарына сәйкес нотариус қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбаны немесе тиісті қаулыны шығарады.

Талап қоюдың мазмұнынан анықталғандай, дау тараптардың арасында еңбек шарты жасалмаған, демек, талап қоюшыға жалақы есептелмеген, оны ӛндіріп алу туралы талап жұмыс уақытын есепке алу табеліне және жолдама парағына негізделген.

Көрсетілген мән-жайлар тараптар арасында талап қоюшының жауапкермен еңбек құқықтық қатынастарын жүзеге асыруына және жалақы бойынша берешегінің болуына байланысты даудың бар екенін куәландырады. Демек, дау сотта қаралуға жатады.

 

Соттылық

 

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының (бұдан әрі - НҚ) 5-тармағына сәйкес еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптар жауапкердің – заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша немесе дауда жауапкер ретінде болатын жұмыс беруші жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жалпы азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сотқа қойылуға жатады.

АПК-нің 29-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

АПК-нiң 30-бабының үшiншi бӛлiгiнде кӛзделген тәртiппен филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша талап қоюлар берiлген кезде тек заңды тұлғалар ғана жауапкер бола алады. Қорытылатын санаттағы істер бойынша соттылық мәселелері қиындық туғызбайды.

Мысалы, Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға залалды қндіру, үстеме жұмыс үшін ақы төлеу, моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюға қатысты азаматтық іс мәні бойынша қарау үшін соттылығы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына берілді.

Соттың ұйғарымы дұрыс, өйткені жауапкер - заңды тұлға Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі мекенжайында орналасқан және тіркелген, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша сотқа берілуге тиіс.

Бұдан басқа, соттардың назарын Еңбек кодексінің 19-бабының талаптарына аудару қажет деп есептеймін, оған сәйкес шетелдік заңды тұлға филиалының немесе ӛкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.

Демек, қызметкер филиал басшысының заңды тұлғаның мүдделерін білдіру құқығын алдын ала тексеріп, шетелдік заңды тұлға филиалының орналасқан жері бойынша талап қоюмен жүгінуге құқылы.

Жұмыс беруші оңалтылған не банкрот болған жағдайда еңбек дауларының соттылығын айқындау мәселесі

Сонымен АПК-нің 35-бабы сегізінші бӛлігінің ережелеріне сәйкес оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы АПК-нің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті ӛндіріп алу туралы істерді қарайды.

Ақтөбе қалалық сотының 2021 жылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға жұмыстан шеттету, шығару туралы, жұмысқа қайта алу, үстеме жұмыс үшін жалақыны өндіріп алу туралы, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру, өсімпұлды, моральдық зиянды өндіру туралы бұйрықтардың күшін жою туралы талап қоюы осы соттың соттылығына жатпайтындықтан, КК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы негізінде қайтарылған.

Сот талап қоюды қайтара отырып, Ақтөбе облысы МАЭС-тің шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі қолданылғанын, осыған байланысты АПК-нің 35-бабының 8-бөлігіне сәйкес іс экономикалық соттың қарауына жататынын көрсетті.

Заңды күшіне енген Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2016 жылғы 14 қазандағы шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі іс жүзінде қолданылған.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 5, 7) тармақшаларының ережелеріне сәйкес сот борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды, сондай-ақ оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер.

Тараптар арасындағы дау еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтыны, еңбек заңнамасының нормаларына және еңбек шарттарының талаптарына негізделгені және оңалту рәсімін жүзеге асырумен байланысты еместігі анықталды.

Сот АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелерін дұрыс қолданбағандықтан, сот алқасының 2021 жылғы 12 наурыздағы ұйғарымымен мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға бере отырып, сот ұйғарымының күші жойылды.

Жұмыс беруші банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған жағдайда еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар (жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу және т.б. туралы) жалпы юрисдикция соттарында қаралуға және шешілуге жатады, АПК-нің 35-бабының сегізінші бөлігі ережелерінің нормалары еңбек дауларына қолданылмайды.

 

Мемлекеттік баж

 

           СК-нің 610-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

СК-нің 951-бабы 1-тармағының талаптары негізінде моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы.

АПК-нің 149-бабының талаптарына сәйкес, талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

СК-нің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес соттарда талап қоюшылар еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот АПК-нің 117-бабына сәйкес мемлекет кірісіне мемлекеттік бажды оны төлеуден босатылмаған жауапкерден ӛндіріп алуға міндетті.

Соттардың АПК-нің 149-бабы 1-бӛлігінің 2) тармақшасын бұза отырып, мемлекеттік баж төленбеген талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған жекелеген жағдайлары анықталды.

Іс материалдарынан анықталғандай, А. ЖШС-ға жалақыны, бос тұрып қалғаны үшін өтемақыны, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күшінде қалдырылған Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен ЖШС-дан А.-ның пайдасына жалақыны өндіру бойынша берешекті, тұрақсыздық айыбын, моральдық зиян өтемақысын, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары өндірілді.

ЖШС-ға 2021 жылғы 22 маусымнан бастап 2021 жылғы тамызға дейін А.-ның еңбек қызметінің кезеңіне зейнетақы аударымдары мен басқа да міндетті төлемдерді жүргізу міндеті жүктелді.

 

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері

 

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері (Еңбек кодексінің 160-бабы)

Келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі келісу комиссиясына табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша жүгінген кезде не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамаған кезде келісу комиссиясы шешімінің кӛшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап екі ай;

2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Жүгінудің белгіленген мерзімі дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда келісу комиссиясы еңбек даулары бойынша келісу комиссиясына жүгіну мерзімін қайта бастай алады және дауды мәні бойынша шеше алады.

Келісу комиссиясы жұмыскердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскердің белгіленген мерзімдерде келісу комиссиясына жүгінбеу себептері дәлелді себептерге жататындығын не жатпайтындығын дербес айқындайды.

Еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісу комиссиясына жүгінбей, сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарына қатысушылар үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап үш ай; басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған жұмыскер өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

Жоғарыда келтірілген заң нормаларынан анықталғандай, жұмыскерлердің жекелеген санаттарын қоспағанда, еңбек шартының  тараптары арасындағы жеке еңбек дауларын қарау бойынша дауды сотқа дейін реттеу, атап айтқанда келісу комиссиясына және реттелмеген мәселе бойынша жүгінген кезде шешімнің көшірмесін алғаннан кейін ғана не оның шешімін еңбек шартының тарапы орындамаған кезде - сотқа жүгінудің тәртібі белгіленген.

Бұл ретте келісу комиссиясы болмаған жағдайда жүгіну мерзімінің өтуі ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады, бұл жеке еңбек дауын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуіне әкеп соқпайды.

Еңбек кодексінің 159- бабының 3-тармағына сәйкес келісу комиссиясын қалыптастыру тәртібі және оның қызметі келісу комиссиясының жұмысы туралы келісімде не ұжымдық шартта айқындалады.

М. №1 ЖШС-ға, №2 ЖШС-ға жұмыстан шығару, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу, міндетті зейнетақы жарналарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды аударуды міндеттеу туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан толық кӛлемде бас тартылды.

Бірінші сатыдағы сот М. 2020 жылғы 13 мамырдағы еңбек шарттарының негізінде №1 ЖШС-ға және №2 ЖШС-ға жабдықтаушы болып жұмысқа қабылданғанын кӛрсетіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Талап қоюды жұмыстан шығару туралы бұйрықтар оның арыздары негізінде шығарылған. 2020 жылғы 14 шілдедегі актіге сәйкес М. бұйрықпен танысудан бас тартты.

Сотта талап қоюшының өкілі жұмыстан шығару туралы арызды М.-нің жазғанын растады, Жұмыстан шығарылғаннан кейін жұмыс беруші онымен толық есеп айырысты.

Сот отырысында жауапкердің өкілі талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхат мәлімдеді, өйткені талап қою жұмыстан шығарылған кезден бастап бір жылдан астам уақыт өткен соң берілген.

Талап қоюшы жұмыстан шығару туралы бұйрықтарға дау айту туралы сотқа 2021 жылғы 16 қыркүйекте жүгінген, ал жұмыстан шығару туралы бұйрық 2020 жылғы 13 шілдеде шығарылған.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 5 наурыздағы №1 ЖШС-ның және №2 ЖШС-ның талап қоюшыны жабдықтаушы лауазымынан шығару туралы бұйрықтары заңсыз деп танылып, жауапкерлерден жалақы бойынша берешек ӛндірілді.

Бірінші сатыдағы соттың іс бойынша шешімін өзгерте отырып, сот алқасы талап қоюшының сотқа жалақыны өндіріп алу туралы талап қоюмен, кейіннен бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы талаппен жүгінгенін, бұл туралы Қордай аудандық сотының 2021 жылғы 18 мамырдағы, 2021 жылғы 1 шілдедегі сот актілері бар екенін көрсетті.

Осыған байланысты талап қоюшы ескіру мерзімін өткізіп алмаған. Талап қоюшы талаптарын бір жылдық мерзім шегінде мәлімдеген.

Жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың заңсыз деп танылуына байланысты жалақыны өндiрiп алу туралы талаптар қанағаттандыруға жатады.

10 2020 жылғы 14 шілдедегі актіге сәйкес М. жұмыстан шығару туралы бұйрықтармен танысты, бірақ актіге қол қоюдан бас тартты.

Сот актілерінен анықталғандай, М. жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен 2021 жылдың наурызында сотқа жүгінген.

Соттың 2021 жылғы 18 мамырдағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Алайда ол 2021 жылғы 16 қыркүйекте, яғни бұйрықтар шығарылған сәттен бастап 1 жыл 2 ай өткен соң жұмыстан шығару туралы бұйрықтарға дау айту туралы сотқа жүгінген.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімінің өткізіп алуының дәлелді екенін куәландыратын жеткілікті және нанымды дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың сот актісінің күшін жою туралы тұжырымдары заңсыз.

АК-нің 179-бабының 2-тармағына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады.

           Сот талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, талап қоюды қарауға қабылдауға міндетті.

Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты бас тартуға немесе арызды қайтаруға жол берілмейді.

Талап қоюдың ескіру мерзімдерінің сақталуы не олардың аяқталуы, сотқа жүгіну мерзімінің өтіп кетуінің дәлелді себептерінің болуы дауды қарау кезінде тексерілуге тиіс.

Шешім шығарылғанға дейін талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану туралы арыз болмаған кезде дау мәні бойынша шешіледі.

Мысалы, талап қоюшы С. Мекемеге жұмысқа қайта алу және бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы № 2 аудандық сотының 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімімен жауапкердің арызы негізінде ескіру мерзімінің өтуіне байланысты талап қоюдан қанағаттандырудан негізді түрде бас тартылды.

Сот өз тұжырымында талап қоюшының 2021 жылғы 27 қазанда сотқа талап қоюмен жүгінгенін, ал шартты бұзу туралы бұйрық 2020 жылғы 11 маусымда шығарылғанын уәж келтіреді.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелді екеніне жеткілікті және нанымды дәлелдемелер ұсынбаған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған.

 

Нормативтік база Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер

 

·       Қазақстан Республикасының Конституциясы; 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

·       1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - АК);

·       2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

·       2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Еңбек кодексі);

·       2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (бұдан әрі - СК);

·       2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексі;

·       «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі;

·       «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының:

·       «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9;

·       «Соттардың моральдық зиянды ӛтеу жӛніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7;

·       «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5;

·       «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулылары.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы