Еңбек Кодексінің 52-б. 3) т. негізінде еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау (жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген).
Еңбек Кодексінің 52-б. 3) т. негізінде еңбек шартын бұзу (жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген) жаңа Еңбек Кодексіне енгізілген.
Еңбек Кодексінің 53-б. 2-т. сәйкес еңбек шарты осы Кодекстің 52-бабы 1- тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша бұзылған кезде, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші он бес жұмыс күні бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабардар ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген уақытқа пропорционалды түрде жалақы төлеумен ауыстырылуы мүмкін. Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетуге міндетті.
Мынадай:
1) құрылымдық бөлімшенің (цехтың, учаскенің) жабылуы;
2) жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;
3) жұмыскерлердің өкілдерін еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді (жұмыс берушідегі экономикалық өзгерістер мен еңбек шартын бұзу қажеттілігі арасында тікелей байланыстың болуын) көрсете отырып, кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ету шарттары бір мезгілде сақталған кезде осы негіз бойынша еңбек шартын бұзуға болады.
Практикалық қызметте судьяларда келесідей сұрақтар туындайды, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан орындалатын жұмыс пен көрсетілетін қызмет өндірісі көлемінің төмендеуі деп не көзделеді? Өндіріс көлемін азайту есебі қалайша жасалады? Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайларында әр тараптарда өндіріс көлемдері төмендегендіктен, аталған норма жұмыс берушілер – кәсіпорындар – монополистер тарапынан асыра пайдалануды туындатпайды ма? Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің жоғы туралы шартын орындау жұмыс берушінің міндеті қалайша іске асырылатын болады?
Егер жұмыс беруші кәсіпорынның экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан орындалатын жұмыс пен көрсетілетін қызмет өндірісі көлемінің төмендеуінен қызметкерді жұмыстан шығаратын болса, онда сот жұмыс беруші жүргізетін іс-шаралардың экономикалық мақсаттылығын талқылауға құқылы емес деп санаймыз. Жұмыс беруші өз экономикалық қызметін жүзеге асыру стратегиясы мен тактикасын таңдауда және оны орындау үшін қызметкердің жеткіліктігін анықтауда шектеулі болуы тиіс емес. Сот осы санаттағы істерді қараған кезде қызметкерлер санының азаю дәлелділігін емес, қызметкерлердің жұмыстан шығару заңдылығын бағалауы тиіс.
Сонымен қатар Еңбек Кодексіндегі бұл жаңарту қаншалықты расталғанында күмән бар, Еңбек Кодексінің 52-б. 2) т. – қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту бойынша көзделген еңбек шартын бұзу басқа, осыған ұқсас негіздемемен шектелу оңайырақ болмас па еді.
Еңбек дауының келесі мысалы Еңбек Кодексінің 52-б. 3 т. негізінде жұмыстан шығарумен байланысты емес, себебі қызметкер 2015 жылы жұмыстан шығарылған, яғни осындай негіздеме бойынша жұмыстан шығару көзделмеген бұрынғы Еңбек Кодексінің қолданысында болған. Алайда жұмыстан шығарудың негіздемесі жұмыс орындарын босатудың экономикалық мақсаты болып табылатын.
А.В.Я. «Богатырь Комир» ЖШС-нің Богатырь жүк арту-көлік басқармасы (БЖКБ) Солтүстік ашылу кешенінің «Ударная» жылжымалы құрамның депо жүк арту агрегатының машинист көмекшісі болып жұмыс істеген. Жұмыс беруші сотта 2015 жылы көмір жылына 37 млн. тоннадан 32 млн. тоннаға дейін төмендеуіне байланысты персонал санының жүйелі босатуымен осындай жағдай қалыптасқан, себебі жылына 40-38 млн. тонна көмірді қамтамасыз ету үшін алдынғы жылдары санның жинақталуы іске асырылған болатын деп айтты. 2016 жылға көмір қазудың жоспарлы көлемі – 32 млн.тонна. Негізгі жұмыс орны бойынша жекелеген мамандықтар қызметкерлерінің жүктемесін қамтамасыз ету мүмкін емес болғандықтан, 2015 жылғы 4 тоқсанға персоналдың санын есептеу негізінде 2016 жылғы (1 тоқсан) санын ескере отырып, жауапкер 2015 жылғы 8 қазанда № 812 персоналдың санын қысқарту туралы бұйрық жариялады. Богатырь жүк арту-көлік басқармасы (бұдан әрі - БЖКБ) директорының 2015 жылғы 20 қазандағы №1.2- 1-07/1822 қызметтік жазбахаты негізінде персонал және әлеуметтік саясат жөніндегі директор 2015 жылғы 23 қазандағы № 1117 л/с алдын ала ескерту, БЖКБ қызметкерлерін, оның ішінде талапкер Ярыгинді де алдағы уақытта қысқарту туралы бұйрыққа қол қойылған.
Бірінші сатыдағы сот дауды шеше отырып, Еңбек Кодексінің 56-б. 1-т. талаптарын негіз етіп алған. Қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту Еңбек Кодексінің 54-б. сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу үшін негіз болып отыр, бұл ретте аталған негіздеме бойынша еңбек шартын бұзған жағдайда Еңбек Кодексінің 56-б. 1-т. талаптарына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге бір ай бұрын еңбек шартын бұзу туралы тікелей жазбаша алдын алуға міндетті. Жұмыс беруші 2015 жылдың 7 желтоқсанында А.В.Я. еңбек шартын бұзу туралы хабардар етті және дәл сол күні еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты жариялаған.
Жауапкердің 2015 жылғы 23 қазандағы алдағы уақыттағы қысқарту туралы хабарлама еңбек шартын бұзу туралы ескерту екені жөнінде дәлелдерді сот негізсіз деп дұрыс таныған. Жауапкердің А.В.Я. 2015 жылғы 7 желтоқсандағы еңбек шартын бұзу туралы хабарламаны беру бойынша әрекеттері Еңбек Кодексінің 56-б. 1-т. талаптарымен келісіледі, сонымен қатар еңбек шартын бұзу туралы бұйрық алдын алу үшін қажетті мерзімнің бұзылуымен шығарылған. Жауапкер ұсынған талдаудан сот БЖКБ қызметкерлерінің саны мен штаты нақты қысқартылмағаны анықтаған.
Сот алқасы АПК-нің 68-б. қағидалары бойынша олардың жиынтығында жиналған дәлелдемелерді бағалап, қаулыда бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандыру туралы негізді қорытындыға келді деп көрсетті.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі жұмыстан бостау туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта алу туралы
58 рет жүктеп алынды -
Шешім «қатаң сөгіс» беру туралы бұйрығын бұзуды, жұмысқа қайта орналастыруды моральдық шығын өндіру
62 рет жүктеп алынды -
___~1
62 рет жүктеп алынды -
__4C2B~1
60 рет жүктеп алынды -
__5A69~1
84 рет жүктеп алынды -
Шешім өкімін заңсыз деп тануды, бұрынғы Жаңақоныс ауылдық округі әкімі қызметіне қайта орналастыру
60 рет жүктеп алынды