⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы

10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы 

      1. Мәміле бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 30 маусымға дейін бекіткен жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған құқықтық қатынастар субъектілеріне осы Заңда белгіленген нарықтық бағаны айқындау әдістері қолданылмайды. 

      Мәміле бағасы жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған бағадан ауытқыған кезде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осындай тәртіпке (әдістемеге) сәйкес айқындалатын бағаға дейін жүргізіледі. 

      2. Осы бап өнімді бөлу туралы келісім күшіне енген күннен бастап жасалған мәмілелерге қолданылады. 

      Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.06.22 № 21-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы