118-бап. Салықтық міндеттеменің, әлеуметтік міндеттеменің орындалуын есепке алу жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық органы осы тарауға және жеке шотты жүргізу тәртібіне сәйкес жеке шотты жүргізеді. Жеке шот ұлттық валютада, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау тікелей көзделгенде заттай нысанда жүргізіледі.
2. Жеке шотты жүргізу:
1) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұл мен айыппұлдардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды, оның ішінде салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүзеге асыруды, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді және салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдың, айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді-көшірме ұсынуды;
2) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызуды;
3) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомасын қайтаруды;
4) салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды;
5) есеп-қисаптар сальдосын қалыптастыруды;
6) жеке шотқа байланысты әрекеттерді көздейді.
3. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес іс жүргізу салық органының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін салынатын айыппұлдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен мынадай:
1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салықтық есептiлiкті ұсынбаған жағдайда – осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;
2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынбаған жағдайда – осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;
3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;
4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу жағдайларынан басқа, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп-қарауға жібермеген жағдайда – жіберілмеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
5) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) және 13) тармақшаларында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда – қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
6) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда – осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда – осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен соң келесі жұмыс күні жүргізіледі.
Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық органының орындалмады деп тануы салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды.
2. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
1) осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;
салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операциясына қолданылады.
Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасының шегінде жүргізіледі.
3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады және екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
Салық органы мұндай өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.
4-1. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын салық төлеушінің (салық агентінің) өтеуі екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта бастауы үшін негіз болып табылады.
Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтық берешек өтелген күні банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің күші жойылғанға дейін қайта бастайды.
5. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күші жойылады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді қайтарады.
Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден астам банктік шот көрсетілген кезде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай өкімді тиісті салық органына банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банктік шоттардың соңғысы жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы