28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау 7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қорғау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар өздерінің міндеттері, меншік нысандары өзгерген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстар таратылған немесе тоқтатылған жағдайларда, бұл мәліметтер мен олардың көздерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Бұл орайда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздері жойылады, мұрағатқа сақтауға тапсырылады не белгіленген тәртіппен:
егер бұл құқықтық мұрагердің аталған мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге өкілеттігі болса, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның немесе ұйымның құқықтық мұрагеріне;
осы Заңның 15-бабына сәйкес билігінде тиісті мәліметтер бар мемлекеттік органға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша басқа мемлекеттік органға немесе ұйымға беріледі.
2. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен атқаратын қызметтері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтынн мәліметтерді қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы