266-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлерді алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган үлгi алынуға тиiстi адамды, сондай-ақ одан үлгіні алу туралы қаулыны дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Дәрiгерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселенi қаулы шығарған орган шешедi.
2. Дәрiгер немесе басқа маман қажеттi әрекеттерді жүргізеді және сарапшылық зерттеу үшін үлгiлер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін. Үлгiлер қапталып, мөрленеді, үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады және қылмыстық процесті жүргізетін органға жiберiледi.
3. Егер жануарлардан зерттеу үшін үлгілерді алу қажеттігі туындаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны ветеринарға немесе басқа маманға жібереді.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы