Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жалға алынған мүлікке зиян келтіру жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алушының жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыруға жатпайды.

Жалға алынған мүлікке зиян келтіру жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алушының жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыруға жатпайды.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жалға алынған мүлікке зиян келтіру жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алушының жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыруға жатпайды.

Ақтөбе облыстық сотының анықтамасында келтірілген зиянды ӛтеу үшін бір жағдайда жалға алушының, екіншісінде – жалға берушінің (кӛлік құралының меншік иесі) жүгінген кездегі облыс соттарының әртүрлі практикасы атап ӛтілген.

Мысалы, «С» ЖШС-ға жарықтандыруды реконструкциялау және орнату бойынша мердігерлік жұмыстарды орындауға жол учаскесі берілген, осыған байланысты жалға алушы «T» ЖШС «С» ЖШС-ға осы жол учаскесіндегі жарықтандыру тірегінің құлауы салдарынан зақымданған көлік құралына келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Апелляциялық сатыдағы сот өзгеріссіз қалдырған Ақтөбе облысы МАЭС-нің 2022 жылғы 17 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Іс материалдарынан зақымданған көлік құралының меншік иесі «Қ» ЖШС болып табылады.

2019 жылғы 19 сәуірдегі жалдау шартының негізінде «Қ» ЖШС бұл автокөлікті талап қоюшы «T» ЖШС-ға уақытша иеленуге және пайдалануға берген.

Басқа іс бойынша, жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) салдарынан көлік құралы зақымданған, оның иесі М.К. болып табылады.

2019 жылғы 10 маусымдағы жалдау шарты бойынша М.К. көлік құралын «П» ЖШС-ға жалға берген. Жалға беруші М.К., Б.Б., А.Б., А.А. сақтандыру төлемі мен залал арасындағы айырмашылықты ӛндіріп алу туралы талап қойды.

 Іс материалдары бойынша Қарағанды облысы Осакаров аудандық сотының 2022 жылғы 15 наурыздағы қаулысымен ӘҚБтК-нің 610-бабының бірінші бӛлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Б.Б. кінәлі деп танылды, оның азаматтық-құқықтық жауаптылығы «Х» АҚ-да сақтандырылған.

Ақтөбе қаласы сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы шешімімен залал Б.Б. М.К. пайдасына өндірілді. Соттардың әртүрлі практикасына байланысты анықтамада жалға берілетін мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы кімнің - жалға берушінің немесе жалға алушының талап қоюға құқығы бар екенін түсіндіру туралы мәселе қойылған.

АК-нің 540-бабына сәйкес мүлiктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы тӛлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.

АК-да белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жалға алушы жалданған мүлікке (қосалқы жалдау, қайта жалдау) билік етуге құқылы.

Жалдау (жалға алу) шартына байланысты жалдаушыдан (жалға алушыдан) жалдау нысанасына қатысты заттық емес, міндеттемелік құқықтар туындайды.

Жалға алынған мүлікке зиян келтірілуі жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жалға алушы тиісті талап қоюшы болып табылмайды.

Сонымен бірге жалға алушының жалдау нысанасының зақымдануы салдарынан ӛзіне келтірілген ӛзге де залалдарды ӛтеткізуге құқығы бар.

Істердің соттылығы

Істердің соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидаларға сәйкес, яғни жауапкер жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе жауапкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша айқындалады.

Сонымен қатар, мертігуден немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады (АПК-нің 30-бабының бесінші бӛлігі).

Мемлекеттік баж сотқа берілетін талаптардан 

«Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабының 1-тармағына сәйкес, материалдық залалды ӛндіріп алу туралы сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж мынадай: жеке тұлғалар үшін талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын, заңды тұлғалар үшін талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын, мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мӛлшерінде алынады.

Талап қоюшылар мертігуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар бойынша Салық кодексінің 616-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік баж тӛлеуден босатылды.

Заңнамада сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмеген

Заңнамада жоғары қауіптілік кӛзінен (бұдан әрі – ЖҚК) келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшының сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмегенін соттардың назарда ұстағаны жөн.

Мысал: Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі ұйғарымымен Д.Н. Қ.Қ. және Е.Ж. ЖҚК-ден келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты қараусыз қалдырылған.

ҚР АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасына сәйкес сот, егер талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта кӛзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қоюды қараусыз қалдырады.

 Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады (ҚР АПК 8-бабының алтыншы бӛлігі). К

Көрсетілген нормалар ескеріле отырып, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа берілді.

Талапкерлер ол азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады

 ҚР АПК-нің 47-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.

Нормативтік құқықтық база

           Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);

 - Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК);

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №8 нормативтік қаулысы;

- «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы;

2 - «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулысы;

 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары;

- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

          Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

920-бап. Аса қажеттi жағдайда зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

920-бап. Аса қажеттi жағдайда зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Аса қажеттi жағдайда, яғни зиян келтiрушiнiң өзiне немесе басқа тұлғаларға қатер туғыз...

Толық оқу »

919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қажеттi қорғану жағдайында келтiрiлген зиян, егер бұл ретте оның шегiнен асып ке...

Толық оқу »

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауы...

Толық оқу »

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамды мемлекеттiк...

Толық оқу »

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізделген тәуекел жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізделген тәуекел жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК...

Толық оқу »

59-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

59-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекс...

Толық оқу »

Сот салық төлеушінің өтінішін қанағаттандырудан Дұрыс бас тартты, өйткені тәуекел дәрежесі"бірыңғай деректер қоймасы" ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған түрде анықталады

Сот салық төлеушінің өтінішін қанағаттандырудан Дұрыс бас тартты, өйткені тәуекел дәрежесі"бірыңғай деректер қоймасы" ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған түрде анықталадыЖ...

Толық оқу »

833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандыры...

Толық оқу »

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу н...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлуМемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңде...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы...

Толық оқу »

360-бап. Мiндеттемедегi кәсiпкерлiк тәуекел Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

360-бап. Мiндеттемедегi кәсiпкерлiк тәуекел Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Егер мiндеттемеде кәсiпкердiң тапсырысы бойынша әлдебiр жұмысты орындау көзделсе, жұм...

Толық оқу »

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі – салықтық тәуекелдерді анықтау, оларды барынш...

Толық оқу »

20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі Жол жүрісі туралы Заңы

20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіЖол жүрісі туралы Заңы      1. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі жол-көлік оқиғала...

Толық оқу »

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi ая...

Толық оқу »

11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауҚылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қ...

Толық оқу »

53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 1. Бюджеттік тәуекел – бұл орта мерзімді перспективада ішкі және (немесе) сыртқы э...

Толық оқу »

15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібіҚаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, б...

Толық оқу »

53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Сақтандыру қызметі туралы Заңы

53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Сақтандыру қызметі туралы Заңы       1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішін...

Толық оқу »

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы      1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқо...

Толық оқу »

14-бап. Биологиялық тәуекелдерді басқару Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

14-бап. Биологиялық тәуекелдерді басқаруҚазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Биологиялық тәуекелдерді басқару қауіпті биологиялық факторлард...

Толық оқу »

834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде с...

Толық оқу »

258-бап. Қолданудың ықтимал тәуекелі дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

258-бап. Қолданудың ықтимал тәуекелі дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау Қазақстан Республикасының Халық денсаулы...

Толық оқу »

3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Уәкілетті орган анықталған кемшілікте...

Толық оқу »

46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы       1. Уәк...

Толық оқу »

49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы   Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жү...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚарағанды қаласы Қазыб...

Толық оқу »

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін...

Толық оқу »