920-бап. Аса қажеттi жағдайда зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
Аса қажеттi жағдайда, яғни зиян келтiрушiнiң өзiне немесе басқа тұлғаларға қатер туғызатын қауiптi жою үшiн келтiрiлген зиян, егер бұл қауiптi осы жағдайларда өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса, оны зиян келтiрген тұлға өтеуге тиiс.
Мұндай зиян келтiрiлген мән-жайларды ескере отырып, сот оны өтеу мiндетiн зиян келтiрушi мүддесiне iс-әрекет жасаған үшiншi бiр тұлғаға немесе үлестiк тәртiппен осы үшiншi тұлға мен зиян келтiрушiге жүктеуi, сондай-ақ осы үшiншi тұлғаны да, зиян келтiрушiнi де зиянды өтеуден толық немесе iшiнара босатуы мүмкiн.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы