49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар органдарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) жасалатын операциялардың түрлері бойынша жеке алғанда жол берілетін тәуекелдер мөлшеріне лимиттер;
4) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттары қамтылуға тиіс.
6) қаржы өнімдерін әзірлеудің, мақұлдаудың және ендірудің ішкі рәсімдері қамтылуға тиіс -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII ҚРЗ
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы ішкі аудит қызметінің басшысы (ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын аудитор) лауазымына жұмыскерлерді тағайындау кезінде олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайтын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келуін өз бетінше тексереді.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары трансфер-агенттерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы