⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбек міндеттерін орындау кезінде азаматтың денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру

Еңбек міндеттерін орындау кезінде азаматтың денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру

Еңбек міндеттерін орындау кезінде азаматтың денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру

Еңбек міндеттерін орындау кезінде азаматтың денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру

 

Егер талап арыздар АІЖК-нің 150-бабының және 151-бабының 1)-3) т.т. сәйкес келмесе, заңмен денсаулыққа келтірілген зардапты өндіру туралы арыздарды қозғалыссыз қалдыру мүмкіндігі алып тасталмаған.

Мысалға, Н.Н.К-беков Алматы облысының Кербұлақ аудандық сотына «ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Кербұлақ ауданының аумақтық инспекциясы»ММ-не және «ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-не қарсы денсаулықтың зақымдануымен туындаған шығындарды, соның ішінде 750 000 теңге курорттық-санаторлы емделу құнын өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Сот талап арызды және оған тіркелген құжаттарды зерттеп, Н.Н.К-бековтың арызы Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес келмегендіктен келесі негіздер бойынша қозғалыссыз қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді:

Сонымен, Н.Н.К-бековке сотқа арызбен емес талап арыздық сот өндірісінде талаптарымен жүгіну керек. Кейін талап арызда ҚР АІЖК-нің 150- бабының 2 бөлігінің 3 тармағына сәйкес жауапкерлерді және олар жайында мәліметті, тұрғылықты мекен жайын немесе орналасқан жерін көрсету керек. Талапкер Н.К-беков өз талаптарымен дәлелдерін негіздейтін және растайтын жағдайларды көрсетпеген. ҚР АІЖК-ның 151- бабының 1 бөлігі 1 тармағының талаптарын бұзу арқылы талапқа жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша көшірмелер тіркелмеген.

ҚР АІЖК-нің 155-бабы 1-бөлігіне сәйкес Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының 30 наурыз 2015 жылғы ұйғарымымен Н.Н. К-ековтың талап арызы белгіленген кемшіліктерді жою үшін 10 сәуір 2015 жылға дейін мерзім беріліп, қозғалыссыз қалдырылған. Алайда, Н.Н.К-беков сотпен көрсетілген кемшіліктер жоймай, ҚР АІЖК-нің 155-бабы 2-бөлігіне сәйкес оның арызы тіркелген құжаттармен бірге 10 сәуір 2015 жылғы ұйғарым негізінде кері қайтарылған.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу

  • _C1C5~1
    59 рет жүктеп алынды
  • 6AE9~1
    59 рет жүктеп алынды