138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
1. Жеке сот орындаушысы орындауға:
1) мемлекеттен өндіріп алу;
2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;
4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;
5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;
6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою сүру, жер учаскелерін алып қою, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.
2. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттарын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.
4. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Жеке сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу бөлігіндегі ережелері қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 330-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы