Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот орындаушылардың борышкердің есеп шоттарындағы қаражаттарына тыйым салу жөніндегі қаулылары

Сот орындаушылардың борышкердің есеп шоттарындағы қаражаттарына тыйым салу жөніндегі қаулылары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сот орындаушылардың борышкердің есеп шоттарындағы қаражаттарына тыйым салу жөніндегі қаулылары

              Жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін қабылдау жүргізіліп жатырған сот – құқықтық реформасының талаптарына жауап беретін, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарын жүзеге асыруда азаматтық істерді қарау сот процесінің ашықтағын, сот билігінің бейтараптығын қалыптастырып, іске қатысушы тараптардың құқықтарын қорғауға кепілдік беретін және біркелкі сот практикасын қалыптастыруға оң ықпал етуге бағытталған.

Азаматтық процестік заңнамасының жаңғыртылуы азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуын қамтемесіз етеді.

Сот орындаушылардың борышкердің мүлкіне тоқтам салу жөніндегі ұсыныстары ҚР АПК-нің 19 тарауының 252 бабымен қаралады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76 бабының 3 тармағы және АПК-нің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері оларға қатысты барлық мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары азаматтар мен заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті.

Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы азаматтық іс жүргізудің қорытынды сатысы болып табылады және мемлекетте сот төрелігі атқарылуының маңыздылығын айқындайды.

Атқару өндірісінің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін іс жүзінде қорғау болып табылады.

Сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76 бабының 3 тармағы және АПК-нің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері оларға қатысты барлық мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары азаматтар мен заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті.

Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы азаматтық іс жүргізудің қорытынды сатысы болып табылады және мемлекетте сот төрелігі атқарылуының маңыздылығын айқындайды.

Атқару өндірісінің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін іс жүзінде қорғау болып табылады.

2015 жылы сот орындаушының қаулысын санкциялау ҚР АІЖК-нің 240- 7-бабы және осы Кодекстің 18 тарауының ережелеріне сәйкес реттелген (ескі редакцияда) болатын.

Жаңа АПК қабылдануына байланысты сот орындаушының қаулысын санкциялау АПК-нің 252 бабымен реттеледі.

АПК-нің 252 бабының 2 бөлігіне сай, соттың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады.

Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі. АПК-нің 252 бабының 3 бөлігіне сай, сот орындаушысының қаулысын сот материалдар сотқа түскен күні қарауға тиіс.

Осы Кодекстің 4 бөлігіне сай, сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның қолымен расталатын «Санкциялаймын» деген сот мөртаңбасын қою арқылы жүзеге асырылады.

Санкция беруден бас тартқан жағдайда судья атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Электрондық құжат нысанында берілген сот орындаушысының қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады.

 Санкция беруден бас тарқан жағдайда судья санкция беруден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында уәжді ұйғарым шығарады.

Яғни, аталған процестік талаптар бойынша сот орындаушы заңда белгіленген тәртіпте соттың санкциялауына жататын қаулы шығаруға міндетті.

Сот сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеріп, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Егер сот орындаушының қаулысы АПК-нің 252 бабының 1-2 бөлігінің талаптарына сай келмесе және объективті себептермен санкциялау қажет емес екенін анықтаса сот санкция беруден бас тартады.

АПК-нің 252 бабының 5 бөлігінде сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот санкциялаған қаулысына осы Кодекстің 250- бабында көзделген қағидалар бойынша шағым жасалуы мүмкін.

Қаулыға шағым келтіру тәртібі бұрын қолданыста болған шағым беру тәртібінен айырмашылығы бар. Осы Кодекстің 5-бөлігіне сай, сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот санкциялаған қаулысына осы Кодекстің 250- бабында көзделген қағидалар бойынша шағым жасалуы мүмкін.

Атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

31 қазан 2015 жылғы АПК редакциясында атқару өндірісінің тараптары сот орындаушының қаулысымен келіспеген жағдайда, бұрынғыдай қаулыға шағым келтірмейді, сот орындаушының әрекетіне ҚР АПК-нің 250 бабына сәйкес шағым беруге құқылы. Атап айтқанда, қаулыға шағым беру тәртібі бұрынғы шағым беру тәртібінен ерекше айрықшаланады.

Көрсетілген жағдайлар бойынша егер атқарушылық өндірісінің қатысушылары (өндіріп алушы, борышкер) бұрын сот санкциялаған сот орындаушының қаулысымен келіспеген жағдайда қаулыға шағым берсе, енді 31 қазан 2015 жылы қабылданған АПК-нің талабы бойынша Кодекстің 250- бабында көзделген тәртіпте сот орындаушының әрекетіне шағым береді.

Яғни, өндіріп алушы және борышкер өз құқықтарын қорғау мақсатында сот орындаушының сот актісін орындаудан бас тарту немесе заңсыз әрекеттерін (әрекетсіздігі) сотқа шағым беру арқылы жүзеге асыра алады.

Назар аударатын жағдай, сот орындаушының қаулысын санкциялаған сот сот орындаушының әрекетіне берілген шағымды қарау тәртібі сот бұйрығын, оңайлатылған іс жүргізу, сырттай іс жүргізу тәрбінде қабылданған сот актілерін бұзу туралы істерді қарауға ұқсас тәртіпте жүргізіледі.

Аталған баптың 5 бөлігінде атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына шағым берудің бұрынғы тәртібі сақталады. Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 7 бабына сәйкес осы Заңның 9- бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі. Яғни, сот орындаушы атқарушылық құжаттарды орындаушы тұлға болып табылады.

Сот орындаушылардың борышкердің есептік шоттағы қаражаттарына тыйым салу жөніндегі қаулыларын санкциялау туралы.

Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 55 бабының 2 бөлігіне сай, атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алу, егер атқарушылық құжатта өзгеше тәртiп белгiленбесе, бiрiншi кезекте борышкердiң ақша сомаларына, оның iшiнде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда тұрған ақша сомаларына да қолданылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 51 бабына сай, жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін.

Банктік операциялардың жеке түрлерімен айналысатын банктер мен ұйымдардағы борышкердің қаржылай және басқа да мүліктеріне сот орындаушылар тек соттың санкциясымен ғана тиым салады (Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 62 бабының 3 бөлігі).

Яғни, аталған заң талабы бойынша тыйым борышкердің есеп шотына емес, оның есеп шотындағы қаржы сомасына талап көлемі мөлшерінде салынатыны нақтыланған.

Мысалы: Ақтөбе қалалық сотымен 2016 жылғы 3 наурызда жеке сот орындаушысының борышкер К. анықталған есеп шотына тыйым салу туралы қаулысын санкциялаған, нақтысында санкция осы есеп шотындағы нақты қаржысына салынуы тиіс болған.

Келесі жағдайда соттар жеке сот орындаушының борышкердің есептік шотына тыйым салу туралы қаулысын санкциялаудан сот бас тартқан.

Ақтөбе қалалық соты сот орындаушы борышкердің банктік есеп шотын анықтамай тұрып, оның есеп шотына тыйым салу туралы қаулы шығарған деген негізбен жеке сот орындаушының қаулысын санкциялаудан бас тартқан.

Бұл жағдайда сот орындаушының борышкердің есептік шотына тыйым салу туралы әрекетін санкциялау заң талабына қайшы келетінін атап өту қажет.

Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 62-бабының 3 бөлігінің талабына сәйкес, банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшаға және басқа да мүлікке тыйым салу туралы сот орындаушысының қаулысында тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуі тиіс.

Сот орындаушылармен берілген борышкердің есеп шотындағы қаражаттарға тыйым салу туралы қаулылары бойынша аталған заң талаптары сақталатыны көрінеді, себебі сот орындаушылар атқару әрекеттерінде тыйым салуға тиіс ақша мөлшерін көрсетеді.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 51 бабының талабы бойынша сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салған кезде, тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеуге қажетті сомадан, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдардан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және орындау жөніндегі шығыстардан аспауға тиіс.

Сот орындаушылармен көрсетілген материалдық құқық талабы бұзылмаған. Дегенмен, кейбір соттар сот орындаушылардың борышкердің банктік есеп шотына тыйым салу туралы қаулысын санкциялау барысында, қаулыда борышкердің есеп шоты қандай банкте екенін, тыйым салуға тиіс қаржы салынған шот нөмірі көрсетілмегенін ескермейді.

Мысалы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы аумақтық округінің жеке сот орындаушысы борышкердің банктік есеп шотындағы қаражаты туралы ақпаратты көрсете отыра, борышкер С. есеп шотындағы 6363 тенге көлеміндегі ақшалай қаражатына тыйым салу туралы қаулыны санциялауды сұраған. Жеке сот орындаушының көрсетілген қаулысы сотпен санкцияланған.

Жадығаттарды қорыту нәтижесінде сот орындаушылардың қаулыларын санциялаудан бас тарту барысында соттар негізінен сот орындаушылармен борышкерлердің банктік есеп шотында жатқан қаражаттарына тыйым салу туралы бекітілген үлгі талабы сақталмайтынын негізге алады(ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы №18 бұйрығына тіркеме).

 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы №18 бұйрығымен жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандары бекітілген, соның ішінде банктік есеп шотта жатқан қаражатқа тыйым салу туралы қаулының үлгі нысанында қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс екені белгіленген.

 Бекітілген үлгі нысандарына сай, қаулының бірінші тармағының қарар бөлігінде банктік ұйымның атауы, тыйым салынуға тиіс борышкердің шот нөмірі көрсетілуі қажет. Қарар бөлігінің екінші тармағында орындауға жолданған қаулыда банктік әрекет жасаушы заңды тұлғаның атауы қамтылуы тиіс.

Осыған байланысты сот орындаушы көрсетілген ақпаратты алу үшін алдымен арнайы қаулымен (сот санциясын алғаннан кейін) қажетті ақпараттар сұрату тиіс, алынған ақпаратты тыйым салу қаулысында көрсету керек, сонан соң ғана нақты шотқа тыйым салу туралы сотқа жүгінуі нақтыланған.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 50 бабының 6 тармағы д-1) тармақшасында заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде;

 д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның жеке мөрмен расталған көшірмесі негізінде беріледі.

Осы Заңның 50 бабының 7 тармағы ж) тармақшасына сай, жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:

мемлекеттік сот орындаушыларына: мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

з) жеке сот орындаушыларына: жеке сот орындаушысының өз жеке мөрімен растаған және сот санкция берген қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана.

Мұндай жағдайда Солтүстік-Қазақстан облысының судьялары заңды және негізді әрекет жасайтынын атап өтуге болады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласының №2 сотының ұйғарымымен Солтүстік Қазақстан атқару округінің жеке сот орындаушысы Т. борышкер С. қаражатына тыйым салу үшін оның банктік шот нөмірі және қаражат туралы ақпарат алу туралы қаулысын санкциялаудан бас тартылған.

Сот жеке сот орындаушысының атқару әрекетін санциялаудан бас тарту барысында сот орындаушы борышкердің банкте ашылған есеп шоты бар-жоғын анықтап алмай, борышкердің банктік есеп шотына тыйым салған, сосын оның банктік есеп шот нөмірі және қаражат туралы ақпарат беру туралы қаулыны санкциялауды сұраған. Көрсетілген сот практикасы Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 62- бабының талаптарына сай келеді, себебі аталған заң талабы бойынша банктік есеп шоттағы қаражатқа тыйым салу, борышкердің банкте ашылған есеп шоты туралы ақпарат болған жағдайда жүргізіледі.

Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 62-бабына сәйкес, борышкердің банктік шоттарының бар екендігі туралы ақпарат болған кезде банктік шоттардағы ақшаға (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны қоспағанда) және борышкердің банктегі басқа да мүлкіне тыйым салуды сот орындаушысы сот санкциясымен ғана қолданады.

Сот практикасы көрсеткендей, сот орындаушылармен борышкердің банктік шоттарына сот санкциясымен ғана тыйым салу жөніндегі Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 62-бабының ережелерін сақтамау салдары олардың әрекеттеріне шағым беруге негіз болған.

Сот орындаушылармен борышкердің банктік шоттарына тыйым салу жөніндегі қаулыларын санкциялау туралы ұсыныстары атқару өндірісі қысқартылғаннан кейін берілген себепті соттармен заңды түрде бас тартылған.

Мысалы, Ақтөбе қалалық соты Ақтөбе облысы Әділет департаментінің сот актілерін орындау филиалы «Мүліктік емес талаптар бойынша қалалық бөлімі» ММ мемлекеттік сот орындаушысының М. борышкер Г. банктік есеп шотындағы қаражатына тыйым салу туралы қаулысын санкциялаудан бас тартқан.

Санкциялаудан бас тарту негізіне сот атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайтыны жөнінде Атқарушылық өндірісі туралы Заңның 49 бабының талабын басшылыққа алған. Яғни, аталған заң талабына бойынша тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайтыны нақтыланған.

Сонымен қатар, соттар санкциялауды сұраған қаулы атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысына сәйкес келмеген жағдайда заңды негізде борышкердің есеп шотына тыйым салу туралы қаулысын санкциялаудан бас тартады.

 Мысалы, Ақтөбе қалалық соты жеке сот орындаушы С. борышкер Т. банктік есеп шотындағы қаражатына тыйым салу туралы қаулысын санкциялаудан бас тарту барысында атқару өндірісі Т. қозғалғанын, ал сотқа сотқа борышкер Ж. қатысты атқару өндірісін әкелгенін негізге алған. Жадығаттарды оқу нәтижесі бойынша оларды соттылығы бойынша қарау жөнінде мәселе туындамаған. Сот қаулысын санкциялау туралы ұсыныстар атқарушылық өндіріс жүргізілетін жері бойынша соттармен қарау практикасы қалыптасқан.

Сот орындаушының борышкердің банктік есеп шотындағы қаражатына тыйым салу туралы қаулысын санкциялау туралы жадығаттарды талдау нәтижесі соттармен жалпы аталған санаттағы жадығаттарды қарау барысында біркелкі сот практикасы қалыптасқаны азаматтық процестік заңнама және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заң талаптары сақталатыны, аталған ұсыныстарды қарау кезінде заң талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталған жоқ.

АПК-нің 252 бабының 1 бөлігіне сай, заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушы соттың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған уәждер мен негіздер жазылуға тиіс.

Соған байланысты қаулыны сакциялау алдында соттар сот орындаушыдан борышкердің сот актісін дәлелді себептерсіз орындамағанын қуаттайтын дәлелдемелер талап етулері тиіс.

Өйткені, борышкердің тек сот шешімін орындамау атқару әрекетін жасауға бұлтартпас негіз болып табылмайды, сотқа оның сот актісін дәлелді себептерсіз орындаудан бас тартқаны туралы нақты дәлелдемелер тапсырылуы қажет.

Мұндай жағдайда, бұрынғы және 2016 жылғы заң талабы бойынша, егер қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған дәлелдер мен негіздер көрсетілмесе, судьялар борышкерлердің банктік есеп шотындағы қаражатына тыйым салу туралы қаулыға санкция беруден бас тартулары қажет.

Алайда, жүргізілген сот практикасы бойынша сот орындаушылар қаулыда әрекеттерді санкциялау қажеттігі туындаған дәлелдер мен негіздерді көрсету қажет деген процестік заң талаптарын елемейтіні көрінеді.

Мысалы, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы атқару округінің жеке сот орындаушысы уәкілетті органның борышкерден мемлекет пайдасына 10605 теңге өндіру туралы қаулысын негізге алып, борышкердің есеп шотындағы қаражатына тыйым салу қажет деп тапқан.

Ал сот, сот орындаушының қаулысын заңды деп танып, оған атқару әрекеттерін жасауға санкция берген.

             Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылықҚазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3...

Толық оқу »

28-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламалары мен процестік құжаттарын жеткізу және тапсыру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

28-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламалары мен процестік құжаттарын жеткізу және тапсыруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi турал...

Толық оқу »

411-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокатқа, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

411-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғауды не өкілдікті ж...

Толық оқу »

54-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындау Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

54-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындауТөлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндіріп алу туралы сот актісі,...

Толық оқу »

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметін...

Толық оқу »

42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудiтоқтата тұру мiндетi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудiтоқтата тұру мiндетiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық іс жүргізу:     ...

Толық оқу »

118-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау қағидалары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

118-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау қағидаларыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Жеке сот орында...

Толық оқу »

119-бап. Жеке сот орындаушысының шығыстарына аванс беру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

119-бап. Жеке сот орындаушысының шығыстарына аванс беруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін...

Толық оқу »

10-бап. Сот орындаушысының қаулысы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

10-бап. Сот орындаушысының қаулысыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспа...

Толық оқу »

121-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын қайтару Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

121-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын қайтаруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Жеке сот орындаушысының өндіріп...

Толық оқу »

133-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

133-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылауАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақ...

Толық оқу »

120-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын борышкерден өндіріп алу тәртібі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

120-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын борышкерден өндіріп алу тәртібіАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Егер...

Толық оқу »

Жеке сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдану, кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент ұстау туралы даулар

Жеке сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдану, кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент ұстау туралы дауларБірінші сатыдағы сот Жұмыс берушінің тұрғын үйді жалға алу жән...

Толық оқу »

Жеке сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу бойынша құжаттарды сұрату

Жеке сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу бойынша құжаттарды сұратуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және...

Толық оқу »

Қызметкерге келісім комиссиясының немесе соттың шешімін орындауды кешіктіру уақыты үшін орташа жалақы немесе жалақы айырмашылығын төлеу туралы мәселені қарау (сот орындаушысының ұсынуы немесе жеке талап арыз беру бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде) есепте көзделмеген

Қызметкерге келісім комиссиясының немесе соттың шешімін орындауды кешіктіру уақыты үшін орташа жалақы немесе жалақы айырмашылығын төлеу туралы мәселені қарау (сот орындаушысын...

Толық оқу »

Қаулының күшін жою туралы сот орындаушысының әрекеттеріне дау айту туралы Әкімшілік талапқа пікір

Қаулының күшін жою туралы сот орындаушысының әрекеттеріне дау айту туралы Әкімшілік талапқа пікірНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың...

Толық оқу »

Кепілдік жылжымайтын мүлікті сату бойынша сот орындаушысының қаулысына қалай шағымдануға болады

Кепілдік жылжымайтын мүлікті сату бойынша сот орындаушысының қаулысына қалай шағымдануға боладыАлматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотыАлматы қаласы, Төле би көшесі, 8...

Толық оқу »

Сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларын бекіту туралы қаулының күшін жою және заңсыз деп тану туралы

Сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларын бекіту туралы қаулының күшін жою және заңсыз деп тану туралы2023 жылғы 2 тамыздағы №6001-23-00-6ап/770Талапкер: ЖК А. Т.Жауапк...

Толық оқу »

128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауаптылық Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Сот орындаушысының заңд...

Толық оқу »

Кепілге салынған мүлікті аукционға өткізуге беру туралы Жеке сот орындаушысының әрекетіне сотқа шағым

Кепілге салынған мүлікті аукционға өткізуге беру туралы Жеке сот орындаушысының әрекетіне сотқа шағымАлматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотыАлматы қаласы, Төле би көше...

Толық оқу »

Өтініш жоспардан тыс қызметтік бақылау нәтижелері туралы қорытынды және жеке сот орындаушысын ТЖК Республикалық палатасынан шығару туралы шешім

Өтініш жоспардан тыс қызметтік бақылау нәтижелері туралы қорытынды және жеке сот орындаушысын ТЖК Республикалық палатасынан шығару туралы шешімНазар аударыңыз! Заң және құқық...

Толық оқу »

Жылжымайтын мүлікті аукционға сауда саттыққа беру туралы сот орындаушысының қаулысына сотқа талап арыз

Жылжымайтын мүлікті аукционға сауда саттыққа беру туралы сот орындаушысының қаулысына сотқа талап арызАлматы қаласы Алатау аудандық сотына. Алматы қ., ш / а.Шаңырақ, Жанқожа б...

Толық оқу »

122-бап. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты және жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

122-бап. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты және жеке сот орындаушысының ағымдағы шотыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы     ...

Толық оқу »

667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, с...

Толық оқу »

Сот орындаушысының қызмет сомасын белгілеу және төлеу жөніндегі әрекеттеріне шағым

Сот орындаушысының қызмет сомасын белгілеу және төлеу жөніндегі әрекеттеріне шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екенді...

Толық оқу »

Жеке сот орындаушысының оның қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы қаулысына шағым

Жеке сот орындаушысының оның қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы қаулысына шағымНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі еке...

Толық оқу »

144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату және лицензиясынан айыру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату және лицензиясынан айыруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Қазақста...

Толық оқу »

Сот орындаушысының заңгерден жасаған әрекеттеріне шағымды нақтылау

Сот орындаушысының заңгерден жасаған әрекеттеріне шағымды нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайы...

Толық оқу »

143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Жеке сот орындаушысы лицензия...

Толық оқу »

Сот орындаушысының юрисдикциясы атқарушылық іс жүргізуге қатыспайтын адамдарға қолданылмайды

Сот орындаушысының юрисдикциясы атқарушылық іс жүргізуге қатыспайтын адамдарға қолданылмайдыАтқарушылық іс жүргізу туралы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан...

Толық оқу »

Бағалау туралы баламалы есепті қабылдаудан бас тарту бойынша жеке сот орындаушысының әрекетіне шағымды нақтылау

Бағалау туралы баламалы есепті қабылдаудан бас тарту бойынша жеке сот орындаушысының әрекетіне шағымды нақтылауАлматы қаласы Медеу аудандық сотынаСудьяға ......Қазақстан Респу...

Толық оқу »

132-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының жауаптылығы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

132-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының жауаптылығыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Мемлекеттік сот орындаушысының өзiне жүктелген м...

Толық оқу »

130-бап. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

130-бап. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібіАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Мемлекеттік сот орындаушысы мем...

Толық оқу »

146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттарыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Жеке сот орындаушысыны...

Толық оқу »

126-бап. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

126-бап. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Сот ор...

Толық оқу »

127-бап. Сот орындаушысының шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

127-бап. Сот орындаушысының шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Өндiрiп алушы неме...

Толық оқу »

142-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

142-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Жеке сот орындаушысының лицензиясы атқарушылық құжаттард...

Толық оқу »

141-бап. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

    141-бап. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Тағ...

Толық оқу »

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды сот "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Заңның нормаларын басшылыққа алу қажет болған кезде жалпы талап қою ісінде қарады

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды сот "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Заңның нормаларын басшылыққа алу қажет болған...

Толық оқу »

138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздеріАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Жеке сот орындаушысы орындауға:      1) мемлек...

Толық оқу »