151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы