Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 51-бабына түсініктеме. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 51-бабына түсініктеме. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 51-бабына түсініктеме. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу мәжбүрлі тәртіппен, осы адамның Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып орындалады.

2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу жазаның қосымша түрі ретінде, ал қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жазаның негізгі де, қосымша да түрі ретінде тағайындалуы мүмкін.

Сот жазаның осы түрін қосымша жаза ретінде тағайындаған кезде, ол негізгі жаза өтелгеннен кейін немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 161-бабы бірінші бөлігінің 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оны одан әрі өтеуден босатылғаннан кейін, ал шартты түрде соттауды қолданған жағдайларда — үкім заңды күшіне енген кезден бастап орындалады.

1985 жылғы 13 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 40/144 қарарымен қабылданған «Өзі тұратын елдің азаматы болып табылмайтын адамдардың құқықтары туралы декларацияның» 4-бабына сәйкес, шетелдіктер өздері тұратын немесе болатын мемлекеттің заңдарын сақтауға және сол мемлекеттің халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды елден тысқары жерге шығарып жіберу мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің, ӘҚБтК-нің, 1995 жылғы 19 маусымдағы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қамтиды.

Соттар сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (Нью-Йорк, 1966 жылғы 18 желтоқсан), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны (Кишинев, 2008 жылғы 14 қараша), бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартты (Мәскеу, 1998 жылғы 28 сәуір) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да халықаралық шарттарды басшылыққа алуы қажет.

Мазмұны бойынша әкімшілік жолмен шығарып жіберу және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберу шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны немесе заңнаманы бұзғаны үшін соттың қаулысы (шешімі) негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге мәжбүрлі немесе уәкілетті органдардың бақылауымен дербес көшіруді білдіреді. Яғни шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы шешімді сот ӘҚБтК нормалары бойынша (109, 490, 495, 513, 514, 517, 519-баптар және т.б.) және АПК-де көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен (АПК-нің 49-бабы) қабылдайды.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қылмыстық жаза түрі ретінде оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда сот үкімі бойынша осы елдің аумағынан бес жыл мерзімге мәжбүрлеп шығарылуын білдіреді.

«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында шетелдіктер деп Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілі екенін растайтын дәлелдері бар адамдар танылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілі екенін растайтын дәлелдері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп танылады.

Шетелдік азаматтардың немесе азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде оларды шығарып жіберуге байланысты шектеу шарттары халықаралық құқықтың негізгі актілерінде тұжырымдалған. Мәселен, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 29-бабында: «...әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде тек заңмен белгіленген және демократиялық қоғамдағы моральдың, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ әл-ауқаттың әділ талаптарын қанағаттандыру, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше тану мен құрметтеуді қамтамасыз ету мақсатында ғана қойылатын шектеулерге ұшырауға тиіс» деп белгіленген.

1950 жылғы Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенцияға сәйкес, құқықтарды шектеу мынадай шарттар болған жағдайда ғана мүмкін болады: а) егер шектеулер заңда көзделсе; б) егер олар демократиялық қоғамда қажет болса; в) егер олардың заңды (легитимді) мақсаты болса. Осы шарттардың сақталуы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеуді іске асыру кезінде заңдылықтың кепілі болып табылады.

Мәселен, Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенцияға № 4 хаттаманың 2-бабының 3-тармағында жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау бостандығы құқығын жүзеге асыруға заңда көзделген және демократиялық қоғамда ұлттық қауіпсіздік немесе қоғамдық тыныштық мүддесінде, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, денсаулық пен имандылықты қорғау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажетті шектеулерден басқа ешқандай шектеулер қойылмауға тиіс екендігі белгіленген.

«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, шетелдік Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге мынадай жағдайларда шығарып жіберілуі мүмкін:

егер оның әрекеттері мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы келсе;

егер бұл халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;

егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;

егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына негіз болған жағдайда, заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен некесі жарамсыз деп танылса.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы ішкі істер органдарының өтініштері бойынша істерді қарау ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.

Қылмыстық кодекстің 51-бабына 2016 жылғы 9 сәуірдегі, 2016 жылғы 22 желтоқсандағы және 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарымен елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігіне сәйкес, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу мәжбүрлі тәртіппен, осы адамның Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып орындалады.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу жазаның қосымша түрі ретінде, ал қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жазаның негізгі де, қосымша да түрі ретінде тағайындалуы мүмкін (ҚК-нің 51-бабының 2-бөлігі).

Сот жазаның осы түрін қосымша жаза ретінде тағайындаған кезде, ол негізгі жаза өтелгеннен кейін немесе оны одан әрі өтеуден мынадай негіздер бойынша босатылғаннан кейін орындалады: жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату; рақымшылық жасау актісі; кешірім жасау актісі; сотталған адамның денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеде көзделген ауруға шалдығуы (ҚАК-нің 161-бабының 1-бөлігі), ал шартты түрде соттауды қолданған жағдайларда — үкім заңды күшіне енген кезден бастап.

Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Шетелдік Қазақстан Республикасынан осы шешімде көрсетілген мерзімде кетуге міндетті. Егер өзіне қатысты шығарып жіберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясымен ұсталып, мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберілуге жатады. Бұл ретте ұстауға шығарып жіберу үшін қажетті мерзімге жол беріледі. Ұсталған адам Үкіметі айқындайтын тәртіппен ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталады.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жаза ұлттық қауіпсіздік органдары мен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары арқылы орындалады (ҚАК-нің 24-бабының 5-бөлігі).

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі ҚАК-нің 70-бабымен реттеледі.

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы соттың заңды күшіне енген үкімін орындау мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады.

Шығарып жіберу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен шығарып жіберілетін иммигрантты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін алып жүру арқылы, Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып жүзеге асырылады (ҚАК-нің 70-бабының 1-бөлігі).

ҚАК-нің 70-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберу қағидалары бекітілген.

Аталған қаулыға сәйкес:

шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу түріндегі жаза Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары арқылы орындалады;

шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу туралы соттың заңды күшіне енген үкімін орындау жазаның негізгі түрі орындалғаннан кейін мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады;

уәкілетті органдар және (немесе) жазаның негізгі түрін орындауға жауапты органдар шығарып жіберілуге жататын шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға қатысты жазаның негізгі түрінің орындалғаны туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;

ішкі істер органдары тиісті ақпаратты алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды (маршрутты, Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнын айқындау және жол жүру билеттерін сатып алу) жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне алдағы шығарып жіберу туралы хабарлайды;

шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу оны ішкі істер органдарының теміржол көлігімен Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне дейін алып жүруі арқылы жүзеге асырылады. Теміржол қатынасы (маршруты) болмаған жағдайда, шығарып жіберу көліктің өзге түрлерімен (әуе, автомобиль немесе су көлігімен) жүзеге асырылады. Шығарып жіберілетін иммигрант Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті орналасқан елді мекенде болған жағдайда, оны алып жүру автомобиль көлігімен немесе жаяу тәртіппен жүзеге асырылады;

шекара қызметі шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың аталған санатын Мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді жүзеге асырады;

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктінде ішкі істер органдары мен Шекара қызметінің лауазымды адамдары шығарып жіберілетін иммигрант Мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін қол қоятын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы акт жасайды;

шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберуге байланысты шығыстарды оның өзі не оны Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған адамдарда шығыстарды өтеуге арналған қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, шығарып жіберу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберуге байланысты шығыстар сметасына мыналардың құны енгізіледі:

шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға, сондай-ақ оны алып жүретін ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған жол жүру құжаттарының құны;

құжаттарды ресімдеу және шығарып жіберуге байланысты өзге де әрекеттерді жасау шығындары;

шығарып жіберуге жұмсалған қаражат ішкі істер органдарының шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғаларға қоятын талап-арыздары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады.

Әкімшілік жолмен шығарып жіберу және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы «Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы істерді қарау жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысында ашып көрсетілген.

Аталған қаулының 5-тармағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы істерді қарау кезінде ӘҚБтК нормаларын іске асыру тәртібімен қолданылатын әкімшілік жолмен шығарып жіберуді және АПК-де көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын шығарып жіберуді ажырату қажеттігі айтылған.

Аталған нормативтік қаулының 14-тармағында азаматтық процестік тәртіппен шығарып жіберу туралы шешім шығарған кезде соттардың шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған құқық бұзушылықтарды ескеруі қажеттігі атап көрсетілген.

Соттар ӘҚБтК мен ҚК-нің әкімшілік жазаның қолданылу мерзімі, сотталғандықтың жойылуы мен алынуының салдары туралы тиісті нормаларын басшылыққа алуға тиіс. Сот қаулысы орындалған кезден бастап бір жыл өткен соң адам әкімшілік жазаға тартылған болып есептелмейді (ӘҚБтК-нің 61-бабы). Сотталғандықтың жойылуы немесе алынуы ҚК-де көзделген барлық құқықтық салдардың күшін жояды, өмір бойына тағайындалған қосымша жаза түрімен белгіленген шектеулер бұған кірмейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилұлы Борчашвилиден.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар

 

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберу

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберуАстана қаласы Есіл ауданының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 2 сотының үкімімен: Н., бұ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, Республикадан тыс жерлерге шығарып жіберу

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, Республикадан тыс жерлерге шығарып жіберуҚосымша жаза ретінде шығарып жіберу Қылмыстық кодекстің Ерекше...

Толық оқу »

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу🟩 ҚР ҚК 51-бабы. Қазақстан Республикасынан шетелдікті немесе азаматтығы жоқ а...

Толық оқу »

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы      Шетел азаматы мына жағдайларда:      а) егер оның iс-әр...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңШетелдікті нем...

Толық оқу »

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Кәмелетке толмаған адамды Қ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберу

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберуАстана қаласы Есіл ауданының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 2 сотының үкімімен: Н., бұ...

Толық оқу »

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерге к...

Толық оқу »

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы      Шетел азаматы мына жағдайларда:      а) егер оның iс-әр...

Толық оқу »

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:...

Толық оқу »

Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын ҚР шегінен тыс жерлерге шығудан жалтарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын ҚР шегінен тыс жерлерге шығудан жалтарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы2023 жылғы 7 желтоқсандағы №6212-23-0...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңШетелдікті нем...

Толық оқу »

70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқар...

Толық оқу »

151-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу

151-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу 14-тарау. КӘСІПКЕР...

Толық оқу »

113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі     1. Мекемелерде ұсталатын, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыст...

Толық оқу »

151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қаз...

Толық оқу »

ҰҚК-ге азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне қатысты ақпарат беру туралы сұрау салу

ҰҚК-ге азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне қатысты ақпарат беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құж...

Толық оқу »

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салу

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралыСот практикасын қорыту нәтижелері бойынша...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 201...

Толық оқу »

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу🟩 ҚР ҚК 51-бабы. Қазақстан Республикасынан шетелдікті немесе азаматтығы жоқ а...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы ("такс фри" пилоттық жобасы)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге...

Толық оқу »

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкімшілік шығарып жіберу

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тысқары жер...

Толық оқу »

26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету

26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету      1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан т...

Толық оқу »

152-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жөнелту үшін шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын қабылдау қағидаларын бұзу

152-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жөнелту үшін шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын қабылдау қағидаларын бұзу Теміржол, автомо...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасыСот практикасын жалпылау нәтижелері бойынша шетелд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 143-бабы. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 143-бабы. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету туралы түсініктеме1. Кәмелетке толм...

Толық оқу »