⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

17-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  17-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы 

      1. Уәкілетті органның соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкер туралы мәліметтер "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған күннен бастап алты айды құрайды. 

      2. Борышкер туралы мәліметтер "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған күннен бастап мынадай салдар басталады: 

      1) борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі; 

      2) осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады; 

      3) борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады; 

      4) борышкердің жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады; 

      5) уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі; 

      6) борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейді; 

      7) осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы борышты өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау тоқтатыла тұрады; 

      8) кредитордың "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Микроқаржылық қызмет туралы" және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттеу және (немесе) өндіріп алу шараларын қолдануына тыйым салынады. 

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы