⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

18-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы 

      1. Соттан тыс банкроттық рәсімі, егер мұндай рәсімді жүргізу мерзімі ішінде: 

      1) борышкер өзінің меншігіне кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретінін мүліктің түсуіне немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайының өзгеруіне не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасуына байланысты уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы арызды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкiмет" веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы берсе; 

      2) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса; 

      3) борышкер қайтыс болса, соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе; 

      4) борышкердің осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса, тоқтатылады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмайды. 

      2. Уәкілетті орган соттан тыс банкроттық рәсімінің тоқтатылғаны туралы хабарландыруды "электрондық үкімет" веб-порталында орналастыру арқылы осындай рәсімді тоқтатуды жүзеге асырады. 

      3. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін тоқтатуға алып келмейді. 

      Соттан тыс банкроттық рәсімі тоқтатылған күннен бастап осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген салдардың қолданылуы тоқтатылады. 

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы