199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, жосықсыз бәсекелестік, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерінің белгілері, нарық субъектілерінің осы Кодекстің 169-бабының 2-тармағында көрсетілген бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері, келісімдері болған кезде, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама монополияға қарсы органға көрсетілген белгілердің болуы туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
Хабарламаны беру тәртібін және оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді.
2. Егер мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
2-1. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Қосымша уақытша шығындар қажет болған жағдайда мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, нарық субъектісінің өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері міндетті түрде жазылады.
Монополияға қарсы орган өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жазылған дәлелдерді ескере отырып, хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген сол бір ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін байқаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы