223-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтату Қазақстан Республикасыынң Кәсіпкерлік Кодексі
Монополияға қарсы орган:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар болмаған;
2) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi – заңды тұлға таратылған;
2-1) тергеп-тексерудің жалғыз объектісі - заңды тұлға филиалы есептік тіркеуден алынған;
3) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi – жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген ескіру мерзiмi өтiп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы түйіндер қамтылған, заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтатады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы