220-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың:
1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) іске қатысатын басқа да адамдарға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндірмелер беруге, тергеп-тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәйектерін келтіруге;
6) тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарына, дәйектеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
Тергеп-тексеру объектісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығару үшін монополияға қарсы органға өтініш жасауға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы