216-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексереді және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
Тергеп-тексеру деп монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді осы Кодексте көзделген тәртіппен жинауға бағытталған іс-шаралары түсініледі.
2. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің келіп түсуі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы немесе оның белгілері көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектісінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
4) монополияға қарсы органға келіп түскен, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары;
5) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы монополияға қарсы органның хабарламасын нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның белгіленген мерзімде орындамауы болып табылады.
3. Тергеп-тексерудiң басталуы тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.
4. Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілерін қоспағанда, тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.
Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілеріне тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi тергеп-тексеруді жүргізу кезінде тапсырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы