Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 27 мамырдағы № 87-VIII ҚРЗ 

       1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылы 17 мамырда Сианьда жасалған хаттама ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының 

 

Президенті 

Қ. ТОҚАЕВ 

 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА 

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады) 

       1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 33-бабын негізге ала отырып, 

      Шартқа мынадай өзгерістер енгізуге уағдаласты: 

 1-бап 

       Шарттың 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын: 

 "2-бап Құқықтық көмек көрсету кезіндегі қатынас тәртібі 

      1. Егер осы Шартта өзгеше белгіленбесе, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген кезде Уағдаласушы Тараптар орталық мекемелер арқылы өзара қатынас жасасады. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген орталық мекемелерге: Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Қытай Халық Республикасы тарапынан - Қытай Халық Республикасының Әділет министрлігі, Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық прокуратурасы және Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты жатады. 

      3. Орталық мекемелер өзгерген жағдайда Уағдаласушы Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.". 

 2-бап 

      1. Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. 

      2. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етеді. Осы Хаттама осындай хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді. 

      3. Осы Хаттама өз қолданысын Шарт қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады. 

      Бұған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды. 

      2023 жылғы "17" мамырда Сиань қ. әрқайсысы қазақ және қытай тілдерінде орыс тіліне аудармасымен екі данада жасалды әрі екі мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. 

      Қазақстан Республикасы 

 

үшін 

Қытай Халық Республикасыүшін 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық көмек туралы шартты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық көмек туралы шартты бекiту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 31 қаза...

Толық оқу »

27-2-бап. Азаматтық істердің азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың соттылығына жатқызылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

27-2-бап. Азаматтық істердің азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың соттылығына жатқызылуыҚазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің      Азаматтық істер ж...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты бекiту т...

Толық оқу »

Алматыда азаматтық даулар бойынша адвокат / меншік құқығын тану / сатып алу ескіру негіздері

Алматыда азаматтық даулар бойынша адвокат / меншік құқығын тану / сатып алу ескіру негіздеріСот алдын ала сот отырысында талап арыз бойынша азаматтық істі қарады, онда К. А. С...

Толық оқу »

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына өтінішхатты алдын ала қарауға қатысу туралы өтінішхат

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына өтінішхатты алдын ала қарауға қатысу туралы өтінішхатҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасынаАстана қ., Қонаев к-сі, 39...

Толық оқу »

Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 1 Нормативтік қаулысы.

Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 1 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Бү...

Толық оқу »