23-бап. Иесі жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Иесі жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесі жоқ жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты аудандық коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Егер меншік иесі меншік құқығынан жариялау арқылы бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде, осы зат аумағында табылған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының өтініші бойынша, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес есепке алынады. Бұл ретте, егер иесіз зат халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектісі болып табылса, Қазақстан Республикасының заңдарында сот осы затты коммуналдық меншікке түсті деп танығанға дейін оны уақытша пайдалану көзделуі мүмкін.
2. Жеке тұлғалардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы өздерінің меншікті мүлкі ретінде иеленіп келген иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және аудандық коммуналдық меншікке берілмейді.
3. Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне жаңадан қабылдауға құқылы.
4. Иесі жоқ жылжымайтын заттар ретінде есепке алынған жер учаскелеріне құқықтарға мемлекеттің ие болу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы