Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 43-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері Жер кодексі Қазақстан Республикасының

43-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері Жер кодексі Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  43-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері Жер кодексі Қазақстан Республикасының  

      1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беру осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) негізінде жүзеге асырылады.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру конкурстарда жүзеге асырылу қажеттігіне байланысты оны беруден бас тартылған жағдайда, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары сұралып отырған жер учаскесі бойынша конкурстарды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.

      3. Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен конкурстан тыс беріледі.

      Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру осы Кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға осы Кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы шартты жаңа мерзімге жасасу құқығы беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ережелер жаңа мерзімге жасалған шартқа қолданылмайды.

      4. Конкурс мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.

      Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      5. Жер учаскесі:

      конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін;

      жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін конкурсқа шығарылады.

      6. Жайылымдарды конкурста беру Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      7. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімімен айқындалады.

      Бұл ретте көрсетілген мөлшерлер осы Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сәйкес белгіленген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерінен аспауға тиіс.

      8. Өткізілетін конкурстарға:

      жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалардың;

      осындай конкурстар өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына қол қоюдан бас тартқан, бұған дейін өткізілген конкурстар жеңімпаздарының қатысуға құқығы жоқ.

      9. Конкурс қорытындысы хаттамамен ресімделеді. Конкурс қорытындысы туралы хаттама бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Конкурс қорытындысы туралы хаттама аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім қабылдауына негіз болады.

      10. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортын жасау үшін бір жұмыс күні ішінде жібереді.

      11. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасады.

      12. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) жөнінде жасалған шарттың нәтижесі бойынша оның пайдаланылуына, оның ішінде конкурс жеңімпазының конкурс қорытындысы бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауына:

      1) жалдаудың алғашқы бес жылында жыл сайын;

      2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын мониторинг жүргізіледі.

      13. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалануды мониторингтеу орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нәтижелері осындай шартты орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жаңа мерзімге жасасуға негіз болады. 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 342-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Мемлекеттік меншіктегі жерлер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін талап ету туралы

Мемлекеттік меншіктегі жерлер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін талап ету туралы2025 жылғы 17 қаңтарда №7585-24-00-2/2435 іс бойынша Алматы қаласының Наурызба...

Толық оқу »

135-бап. Су қоры және су қорғау аймақтары жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беру Жер кодексі Қазақстан Республикасының

135-бап. Су қоры және су қорғау аймақтары жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беру Жер кодексі Қазақстан Республикасының      Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын қорғау...

Толық оқу »

192-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мемлекеттік меншік құқығы

192-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мемлекеттік меншік құқығы Республикалық мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан Республикасы болып табыла...

Толық оқу »

42-бап. Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеу  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы

42-бап. Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеуЖылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы      1. Мемлекеттік меншік құқығын тіркеу мемлекеттік заңды...

Толық оқу »

141-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу

141-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу 1. Су объектілерін заңсыз басып алу, оның і...

Толық оқу »

139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңс...

Толық оқу »

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік меншік құқығын бұзу

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік меншік құқығын бұзу 1. Жануарлар дү...

Толық оқу »

27-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру Жер кодексі Қазақстан Республикасының

27-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру Жер кодексі Қазақстан Республикасының      Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:      1) жеке меншiкке сатылуы немесе өте...

Толық оқу »

49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Мемлекет меншігіндегі жер у...

Толық оқу »

136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе ай...

Толық оқу »

142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, ке...

Толық оқу »

141-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

141-бап. Су қорына мемлекеттік меншік құқығын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, су пайдалану құқы...

Толық оқу »

47-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу Жер кодексі Қазақстан Республикасының

47-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес...

Толық оқу »

24-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу Закона О государственном имуществе

24-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болуЗакона О государственном имуществе      1. Меншік иесі тастап кеткен немесе ол меншік құқ...

Толық оқу »

48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) алу Жер кодексі Қазақстан Республикасының

48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) алу Жер кодексі Қазақстан Республикасының1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау қ...

Толық оқу »

23-бап. Иесі жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

23-бап. Иесі жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Иесі жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республика...

Толық оқу »

136-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу

136-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу 13 тарау. МЕНШІККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰ...

Толық оқу »

36-бап. Мемлекеттік меншік құқығының презумпциясы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

   36-бап. Мемлекеттік меншік құқығының презумпциясыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Егер Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жүйе...

Толық оқу »

29-бап. Көмбеге мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

29-бап. Көмбеге мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесінен немесе өзге...

Толық оқу »

9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беруМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Мүлікті республикалық мүлік құрамынан коммуналдық мүлік құрамына немесе к...

Толық оқу »

Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және...

Толық оқу »

142-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ормандарға мемлекеттік меншік құқығын бұзу

142-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ормандарға мемлекеттік меншік құқығын бұзу Орман қоры учаскелерін сатып алу-сату...

Толық оқу »

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде...

Толық оқу »

36-бап. "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Заңы

36-бап. "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартыЕң төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері т...

Толық оқу »

23-бап. Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті енгізу арқылы оған мемлекеттік меншікті тоқтату Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

23-бап. Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті енгізу арқылы оған мемлекеттік меншікті тоқтатуҰлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы1. Мемлекеттік меншіктегі мүлік Қазақ...

Толық оқу »

31-бап. Қараусыз қалған жануарларға мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

31-бап. Қараусыз қалған жануарларға мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болға...

Толық оқу »

122-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

122-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыруМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Республикалық заңды тұлғалардың мүлкіне қат...

Толық оқу »

129-бап. Мемлекеттік меншік не ведомстволық бағыныстылық түрінің өзгеруі кезінде мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікке құқықтарды сақтауы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

129-бап. Мемлекеттік меншік не ведомстволық бағыныстылық түрінің өзгеруі кезінде мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікке құқықтарды сақтауыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлек...

Толық оқу »

34-бап. Жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

34-бап. Жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Жер учаскесiнiң меншiк иесi болып та...

Толық оқу »

139-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу

139-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу 1. Жер асты суларын қоспағанда, же...

Толық оқу »