192-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мемлекеттік меншік құқығы
Республикалық мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік меншіктің субъектісі әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылады.
Кез келген мүлік мемлекеттік меншік құқығының объектісі бола алады.
Айрықша мемлекеттік меншік объектілері АК-нің 193-бабында көрсетілген.
Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық меншікке бөлуді ҚР Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екіншісіне ауыстыру мәселелерін Үкімет немесе ол уәкілеттік берген орган да шешеді.
Республикалық қазынаның қаражатын мемлекет атынан билік ететін ҚР Қаржы министрлігі басқарады.
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік мемлекеттің уәкілетті органының қарамағында болады.
Жергілікті қазынаның қаражатын әкімшілік-аумақтық бірлік атынан билік ететін ҚР Қаржы министрлігінің жергілікті органдары басқарады.
Коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қаржы министрлігінің жергілікті органдарының немесе мемлекеттің өзге де жергілікті уәкілетті органының қарамағында болады.
Түсініктеме берілген баптың 4-тармағы мемлекеттік мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаның дербес теңгеріміне бекітуді білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығынан немесе жедел басқару құқығынан өзгеше түрде бекітіле алмайды.
Сонымен бірге, мемлекеттік мүлік кәсіпорынға жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша емес, жалдау, пайдалану немесе басқа заңды негіздер бойынша берілуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Мысалы, жер учаскелері мемлекеттік кәсіпорындарға тұрақты жер пайдалану құқығымен бекітіледі.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Түсініктеме Қазақ мемлекеттік заң университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-практикалық зерттеулер бағдарламасы аясында дайындалды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор М. К. Сүлейменов
Басшының орынбасары профессор Басин Ю. г.