Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 253-бап. Параға коммерциялық сатып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

253-бап. Параға коммерциялық сатып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

253-бап. Параға коммерциялық сатып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алатын адамның немесе оның өкiлi болған адамдардың мүдделерiнде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшiн мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы беру –

      бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет

      мүлкі тәркіленіп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының отыз еселенгеннен қырық еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет

      мүлкі тәркіленіп, берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе құнының қырық еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алатын адамның немесе оның өкiлi болған адамдардың мүдделерiнде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшiн өзіне немесе басқа адамдарға мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы алуы –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе құнының он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекет, егер оларды:

      1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;

      2) бірнеше рет жасалса;

      3) қорқытып алумен ұштасса;

      4) iрi мөлшерде жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп, берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе құнының алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      6. Осы баптың төртiншi немесе бесiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекет, егер оларды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса iрi мөлшерде жасалса, –

      мүлкi тәркiленiп, берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе құнының жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескертулер.

      1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға параға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

    2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсiздiгі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде беруі немесе алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

 

 

253-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК атыс қаруын ұқыпсыз сақтау

253-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК атыс қаруын ұқыпсыз сақтау Атыс қаруын абайсызда сақтау, егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, оны...

Толық оқу »