370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ормандар мен орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю –
ескерту жасауға немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау –
ескерту жасауға немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы