Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 323-бабына түсініктеме. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 323-бабына түсініктеме. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 323-бабына түсініктеме. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу

1. Ауыр зардаптарға әкеп соққан жалған дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өткізу мақсатында өндіру, дайындау немесе сақтау, сол сияқты қолдану немесе өткізу —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз.

2. Дәл сол әрекеттер:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) ірі мөлшерде жасалса, —

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топ жасаған жағдайда, —

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚК-нің 323-бабында көзделген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу олардың бақылаусыз таралуына және қолданылуына әкеп соғатындығында, соның салдарынан азаматтардың денсаулығына зиян келтіріледі. Мұндай дәрілік препараттарды пайдалану, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы қолдану адамның денсаулығы үшін елеулі жағымсыз салдарға себеп болуы мүмкін, өйткені жалған өнім заңды өнімді өндіру және өткізу кезінде көзделген бақылаудан өтпейді.

Қарастырылып отырған қылмыстың объектісі жалған дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдар айналымы саласында белгіленген қағидалардың сақталуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қосымша объектісі азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстың заты жалған дәрілік заттар, жалған медициналық бұйымдар болып табылады.

Дәрілік зат — адам ағзасымен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы оның физиологиялық функцияларын қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге, не адамның аурулары мен жай-күйін диагностикалауға арналған затты немесе заттардың комбинациясын білдіретін немесе оның құрамында осындай заттар бар құрал (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 1-бабы 1-тармағының 33) тармақшасы).

Медициналық бұйымдар — медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 1-бабы 1-тармағының 161) тармақшасы).

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 1-бабы 1-тармағының 108) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы бұйрығымен бекітілген, иелігінде жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен, жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы субъектілердің оларды жою қағидаларының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар — құрамы немесе жиынтықталуы және (немесе) өндірушісі туралы, сондай-ақ пайдаланылған жеткізу арналарына қатысты жазбалар мен құжаттарды қоса алғанда, жеткізілімдер туралы көрінеу жалған ақпаратпен құқыққа қайшы және қасақана қамтамасыз етілген дәрілік заттар, медициналық бұйымдар.

Қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеуден тұрады және жалған дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, өткізу мақсатында сақтау, қолдану немесе өткізу арқылы көрініс табады.

Дәрілік заттардың айналымы — дәрілік заттарды әзірлеу, доклиникалық (клиникаға дейінгі) зерттеулер, сынақтар, клиникалық зерттеулер, сараптама, тіркеу, фармакологиялық қадағалау, сапасын бақылау, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету, босату, өткізу, беру, қолдану, жою процестерін қамтитын қызмет (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 1-бабы 1-тармағының 35) тармақшасы).

Медициналық бұйымдардың айналымы — медициналық бұйымдарды жобалау, әзірлеу, тәжірибелік үлгілерін жасау, техникалық сынақтар жүргізу, медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалау жөніндегі зерттеулер (сынақтар), клиникалық зерттеулер жүргізу, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне сараптама жасау, тіркеу, өндіру (дайындау), сақтау, тасымалдау, өткізу, монтаждау, баптау, қолдану (пайдалану), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату (көрсетілген Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 163) тармақшасы).

Көрсетілген Кодекстің 231-бабының 1-тармағына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру деп дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сериялы шығаруға қажетті, шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, жабдықтарды, жинақтауыштарды сатып алумен және технологиялық процеспен, оның ішінде оның бір кезеңін жүзеге асырумен, өндірілген өнімді сақтаумен, өткізумен, сондай-ақ олармен бірге жүретін бақылаудың барлық түрлерімен байланысты жұмыстардың жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет түсініледі.

Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды өндіру дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы субъектілермен Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн (көрсетілген Кодекстің 231-бабының 2-тармағы).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы субъектілердің дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау қағидаларына сәйкес, дәрілік препараттарды дайындау деп дәріханаларда дәрілік препараттарды дайындаумен, фармацевтикалық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанцияларды (белсенді фармацевтикалық субстанцияларды) сатып алумен, сақтаумен, сапасын бақылаумен, дайындалған дәрілік препараттарды ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет түсініледі.

Медициналық бұйымдарды дайындау деп дәріханаларда, медициналық бұйымдар дүкендерінде және оптика дүкендерінде медициналық бұйымдарды дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызмет түсініледі.

Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар субъектілер уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. Дайындалған дәрілік препараттар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен дәріханаішілік бақылауға жатады (көрсетілген Кодекстің 232-бабы).

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 231-бабының 4-тармағына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мынадай жағдайларда өндіруге тыйым салынады: 1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге, оларды мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге, жабдықтар мен технологиялық процестерді ретке келтіру және іске қосу үшін, доклиникалық (клиникаға дейінгі) және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін, келісімшарттық өндіріс және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды экспортқа өндіру үшін, сондай-ақ пациенттің аутологиялық биологиялық материалдарын немесе тікелей өзі үшін іріктелген донорының биологиялық материалдарын пайдалана отырып, жеке қолдану үшін өндірілген озық терапия дәрілік заттарын қоспағанда; 2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру құқығына лицензиясыз өндіруге; 3) тиісті өндірістік практика талаптарын және медициналық бұйымдарды өндіру қағидаларын бұза отырып өндіруге.

Осылайша, жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру деп олардың нәтижесінде аталған өнімдер шынайы медициналық тауарлардың қасиеттеріне ие болатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сериялы шығаруға қажетті жұмыстардың жиынтығымен байланысты қасақана әрекеттер түсініледі.

Жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дайындау деп олардың нәтижесінде аталған өнімдер шынайы медициналық тауарлардың қасиеттеріне ие болатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дайындаумен байланысты қасақана әрекеттер түсініледі.

Объективтік жағын дәлелдеу кезінде дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндіруді, дайындауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасау қажеттігін атап өткен жөн.

Сақтау — бір нәрсені қорғау, белгілі бір жерде қауіпсіз әрі бүтін күйінде ұстау.

Заңсыз сақтау деп тиісті рұқсатсыз жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың кінәлі адамның нақты иелігінде болуына байланысты кез келген қасақана әрекеттерді, олардың орналасқан жеріне (өзінде, жасырын орында, үй-жайда, көлік құралында және басқа да орындарда) және сақтау уақытына қарамастан түсіну қажет.

Сақтау ұзақтығы (бір күн немесе бір жыл) қылмысты саралауға әсер етпейді. Басқа тұлғадан сақтауға қабылданған жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау да заңсыз болып саналады.

Өткізу — дайын өнімді, бұйымдарды сату. Бұл ретте өткізу деп оларды сатудың немесе берудің өзге де тәсілдерін (сыйға тарту, айырбастау және т.б.) түсіну қажет.

Осылайша, жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу дегеніміз — көтерме жеткізу немесе бөлшек сауда-саттық арқылы сату, айырбас мәмілесін жасау, сондай-ақ оларды өтеусіз иеліктен шығару нысанында беру.

Қолдану — белгілі бір тәсілмен пайдалану, іске асыру, бейімдеу. Жалған дәрілік заттарды қолдану деп оларды мақсаты бойынша пайдаланудың тәсілдерінің жиынтығын түсіну қажет.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық болып табылады, осыған байланысты аталған әрекеттің объективтік жағы үш міндетті белгіні қамтиды: жалған дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау немесе өткізу мақсатында сақтау, сондай-ақ қолдану немесе өткізу түрінде көрініс табатын қоғамға қауіпті әрекет; адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру түріндегі қоғамға қауіпті зардаптар; заңда көрсетілген бұзушылықтар мен зардаптар арасындағы себепті байланыс. Тиісінше, әрекет қоғамға қауіпті зардаптар туындаған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Қарастырылып отырған бапта қоғамға қауіпті зардап ретінде ауыр зардаптардың туындауы көзделген.

ҚК-нің 323-бабында көзделген «ауыр зардаптар» ұғымы ҚК-нің 3-бабының 4) тармағында қамтылған.

Субъективтік жағы жанама қасақаналықпен сипатталады, яғни адам жалған дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды заңсыз өндіру, дайындау немесе өткізу мақсатында сақтау, сондай-ақ қолдану немесе өткізу жөніндегі өзінің заңсыз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін сезінеді, қоғамға қауіпті зардаптардың туындау мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын болжайды және олардың туындауына саналы түрде жол береді. Өткізу мақсатында заңсыз сақтау ниетінің бар-жоғын шешу кезінде осы жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өткізуге нақты дайындалғанын растайтын дәлелдемелер жиынтығына сүйену қажет (мысалы, тек жеке пайдалануды жоққа шығаратын көп мөлшердегі аталған заттар мен бұйымдардың табылуы, оларды дайындауға немесе қаптауға арналған құралдар мен жабдықтардың болуы, кінәлі адамның оларды өзі пайдаланбайтыны туралы фактінің анықталуы және т.б.).

Қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі — есі дұрыс, он алты жасқа толған жеке тұлға.

ҚК-нің 323-бабының 2-бөлігінде мынадай саралаушы белгілер көзделген: адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; бірнеше рет; ірі мөлшерде.

ҚК-нің 31-бабына сәйкес, егер қылмысқа оны бірлесіп жасау туралы алдын ала уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған деп танылады. ҚК-нің 323-бабына қатысты бұл қарастырылып отырған бапта көрсетілген әрекеттерді жасау туралы сөз байласу қылмыс жасала бастағанға дейін орын алуға тиіс екенін білдіреді. Кенеттен пайда болған қасақаналықтың болуы да мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» нормативтік қаулысына сәйкес, бірнеше рет жасалу деп Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бір бабында немесе бір бабының бір бөлігінде көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адамның жасауы түсініледі.

Бұл ретте бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін адам сотталған немесе заңды негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған болып есептелмейді. Осылайша, жалған дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау немесе өткізу мақсатында сақтау, сондай-ақ қолдану немесе өткізу адам бұрын ҚК-нің 323-бабында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бірнеше рет жасалған деп танылады.

Қарастырылып отырған бапта ірі мөлшер деп фальсификация жасалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшер танылады (ҚК-нің 3-бабының 38) тармағы). Уәкілетті мемлекеттік органдардың экономикалық саясат саласындағы шешіміне сәйкес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін.

ҚК-нің 323-бабының 3-бөлігінде аса саралаушы белгі — қылмысты қылмыстық топтың жасауы көзделген. Қылмыстық топ ұғымы ҚК-нің 3-бабының 24) тармағында және 31-бабының 3-бөлігінде берілген.

Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскерилендірілген құралым ұғымдары ҚК-нің 3-бабының 23), 35), 34), 33), 31), 40), 7), 18) тармақтарында қамтылған.

ҚК-нің 323-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 323-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 323-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекет ауыр қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилұлы Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар

 

323-бап. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

323-бап. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен...

Толық оқу »

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бе...

Толық оқу »

248-бап. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаттары Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

248-бап. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаттары Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі турал...

Толық оқу »

96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктері Азаматтық қорғау туралы Заңы

96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктеріАзаматтық қорғау туралы Заңы     1. Жұмылдыру резервінің дәрілі...

Толық оқу »

245-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

245-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі1. Мынала...

Толық оқу »

232-бап. Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

232-бап. Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі Дәрілік препараттар мен...

Толық оқу »

264-бап. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

264-бап. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану формуляр...

Толық оқу »

55-2-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

55-2-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және ден...

Толық оқу »

241-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

241-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі...

Толық оқу »

255-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялардың (белсенді фармацевтикалық субстанциялардың) стандартты үлгілерін және олардың қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

255-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстан...

Толық оқу »

55-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

55-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қос...

Толық оқу »

370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау Әкімш...

Толық оқу »

52-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

52-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйе...

Толық оқу »

238-бап. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеулер және тірі организмнен тыс (in vitro) диагностика үшін медициналық бұйымдарды клиникалық-зертханалық сынаулар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

238-бап. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеулер және тірі организмнен тыс (in vitro) диагностика үшін медициналық бұйымдарды клиникалық-зертханалық сын...

Толық оқу »

250-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау, тасымалдау және жою Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

250-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау, тасымалдау және жою Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Дәрiлi...

Толық оқу »

53-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

53-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан РеспубликасыныңХалық де...

Толық оқу »

242-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

242-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Дәрілік заттар қаптамасын...

Толық оқу »

251-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртібі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

251-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртібі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі тур...

Толық оқу »

236-бап. Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынаулар) Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

236-бап. Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынаулар) Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

246-бап. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

246-бап. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу Қазақстан Республикасының Халық...

Толық оқу »

272-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дәрілік немесе басқа да құралдарын пайдалана отырып ақымақтыққа арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау

272-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дәрілік немесе басқа да құралдарын пайдалана отырып ақымақтыққа арналған притондарды ұйымдастыру немес...

Толық оқу »

243-бап. Озық терапияның дәрілік заттарын қолдану Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

243-бап. Озық терапияның дәрілік заттарын қолдану Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Озық терапияның дәрілік заттары өнд...

Толық оқу »

259-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

259-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денс...

Толық оқу »

263-бап. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

263-бап. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр дә...

Толық оқу »

231-бап.Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

231-бап.Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Дәрілік заттар мен медицинал...

Толық оқу »

426-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің фармацевтикалық қызмет қағидаларын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласын бұзу

426-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің фармацевтикалық қызмет қағидаларын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар ай...

Толық оқу »

23-бап. Дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға тіркеу куәлігін беру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

23-бап. Дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға тіркеу куәлігін беру Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

234-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының жүйесі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

234-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының жүйесі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі Дәрілік за...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 310-бабына түсініктеме. Есірткілік масаңдыққа ұшырату үшін дәрілік немесе басқа да құралдарды пайдалана отырып, притондарды ұйымдастыру немесе ұстау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 310-бабына түсініктеме. Есірткілік масаңдыққа ұшырату үшін дәрілік немесе басқа да құралдарды пайдалана отырып, притондарды ұйымдас...

Толық оқу »

10-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

10-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі ту...

Толық оқу »

235-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

235-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Дәрілік заттарды әзірлеу ж...

Толық оқу »

233-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

233-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1....

Толық оқу »

253-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстанциялардың (белсенді фармацевтикалық субстанциялардың) стандартты үлгілерін және олардың қоспаларын жеке пайдалану және өзге де коммерциялық емес мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

253-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, фармацевтикалық субстан...

Толық оқу »

370-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің орман қоры жерлерінде шабындықтар мен жайылымдық жерлерді бүлдіру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты жинау

370-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің орман қоры жерлерінде шабындықтар мен жайылымдық жерлерді бүлдіру, сондай-ақ заңсы...

Толық оқу »

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қос...

Толық оқу »

55-1-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

55-1-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тергеп-тексеру Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі...

Толық оқу »

82-бапқа түсініктеме. Медицина қызметкерінің дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рецептілерді жазу жөніндегі талаптарды бұзуы

82-бапқа түсініктеме. Медицина қызметкерінің дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республик...

Толық оқу »

82-бап. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

82-бап. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы Әкім...

Толық оқу »

54-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

54-бап. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары Қазақстан Рес...

Толық оқу »

426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »