Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Азаматтық қорғау туралы Заңы

38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Азаматтық қорғау туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша, егер объектіні пайдалану (қызмет, жұмыс) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірсе, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолданады.

      2. Тексеру жүргізуді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын түрлері осы бапта көзделген әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары қолданылмайды.

      3. Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін, жұмыстарды немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерін орындауын тоқтата тұруды қамтиды.

      4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.

      5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні ресімдейді.

      Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

      6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.

      7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

      8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.

      11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 5 және 8-тармақтарына сәйкес актілер шығарады.

      12. Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

      Шағымды беру өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      14. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға:

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

      2) жедел ден қою шараларының осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;

      3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.

      15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

292-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

292-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайс...

Толық оқу »

Сақтанушының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны туралы дәлелдемелер ұсынбаған сақтандырушыға өрт салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеті жүктелген.

Сақтанушының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны туралы дәлелдемелер ұсынбаған сақтандырушыға өрт салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру...

Толық оқу »

410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырды

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырдыС. сотқа "Аджип Казах...

Толық оқу »

410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1...

Толық оқу »

256-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу

256-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу 1. Егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлық...

Толық оқу »

62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру Азаматтық қорғау туралы Заңы

62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыруАзаматтық қорғау туралы Заңы      Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ ө...

Толық оқу »

38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Азаматтық қорғау туралы Заңы

38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауАзаматтық қорғау туралы Заңы      Ескерту. 38-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-V...

Толық оқу »

411-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті өнімдерді шығару және өткізу

411-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті өн...

Толық оқу »

60-бап. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі Азаматтық қорғау туралы Заңы

60-бап. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіАзаматтық қорғау туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі...

Толық оқу »

64-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері және сәйкестікті растау Азаматтық қорғау туралы Заңы

64-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері және сәйкестікті растауАзаматтық қорғау туралы Заңы    Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объект...

Толық оқу »

66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары Азаматтық қорғау туралы Заңы

66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптар...

Толық оқу »

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құқықтық қорғау

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құқықтық қорғауАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы 4 сә...

Толық оқу »

65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары Азаматтық қорғау туралы Заңы

65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарыАзаматтық...

Толық оқу »

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны...

Толық оқу »

336-бап. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

336-бап. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

589-бапқа түсініктеме. Көліктегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

589-бапқа түсініктеме. Көліктегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Көлікте белгіленген өрт қауіпсіздігі...

Толық оқу »

367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Ормандарда өрт қауi...

Толық оқу »

589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын...

Толық оқу »

367-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық қағидалар талаптарын бұзу

367-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық қағидалар талаптарын бұзу 1. Орм...

Толық оқу »

410-1-бапқа түсініктеме. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

410-1-бапқа түсініктеме. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Сараптама ұйымының азам...

Толық оқу »

411-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдiшығару және өткiзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

411-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдiшығару және өткiзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Код...

Толық оқу »

10-бап. Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар  Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

10-бап. Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарОйыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы      Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында...

Толық оқу »

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі та...

Толық оқу »