Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабына түсініктеме. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабына түсініктеме. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабына түсініктеме. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу

1. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты адамның осы талаптарды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруге не азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соқса, —

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

2. Абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет — екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет —

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

Көрсетілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, өрттердің алдын алуға бағытталған талаптарды, нормалар мен стандарттарды сақтамау кезінде адамдардың қауіпсіздігіне қатер төнетіндігінде, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне, мүлікке зиян келтірілетіндігінде.

Қылмыстың объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша объект ретінде адамның өмірі мен денсаулығы, меншік болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес өрт қауіпсіздігі — адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттерден қорғалуының жай-күйі (1-баптың 57) тармақшасы).

Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеуге «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 6-бөлімі арналған, оған сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу — Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын міндетті түрде орындауды белгілеу болып табылады. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне техникалық регламенттер, өрт қауіпсіздігі қағидалары, нұсқаулықтар және өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтитын ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады. Өнімге және (немесе) оның өмірлік циклі процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.

Кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектілер үшін өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеу және іске асыру, оның ішінде жобалау кезінде, өрт туындаған жағдайда адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін шешімдерді міндетті түрде көздеуге тиіс. Өндірістік объектілер үшін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді көздейтін өрттерді жою жоспарлары міндетті түрде әзірленеді.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде мыналарға қойылатын талаптар сақталуға тиіс: өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерін орналастыруға; өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерін қолдануға; өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерінің өрт-техникалық сыныптамасына; өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерін өрт деполарының ғимараттары мен құрылыстарымен қамтамасыз етуге; адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; өрттің таралуын болдырмауға; өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге; өртті сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуге.

Қылмыстың объективтік жағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты адамның осы талаптарды бұзуынан, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруге не азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соққан жағдайда көрініс табады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу деп жеке адамның, меншіктің және мемлекеттің өрттерден қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған нормативтік актілерді орындамау не тиісінше орындамау түсініледі.

Өрт — арнайы ошақтан тыс жерде болатын және залал келтіруге әкеп соғатын бақылаусыз жану.

ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 20-тармағына сәйкес объектінің өрт қауіпсіздігі — өрттің туындау және даму мүмкіндігі, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігі регламенттелген ықтималдықпен жоққа шығарылатын және материалдық құндылықтардың қорғалуы қамтамасыз етілетін объектінің жай-күйі.

Өрт қауіпсіздігі талаптары деп өрттердің алдын алуға, өрт туындаған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халық шаруашылығы объектілері мен елді мекендерді өртке қарсы қорғану құралдарымен және өрт техникасымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің өзге де қағидаларын сақтауға бағытталған нормалар мен стандарттардың талаптарын орындау тәртібін белгілейтін ережелер кешенін түсіну қажет. Көрсетілген қағидаларды орындамау өрт қауіпсіздігін бұзу болып табылады.

Өрт қауіпсіздігін нормалау мен стандарттаудың арнайы өрт қауіпсіздігі нормаларын көздейтін жүйесі қолданылады.

Мәселен, ГОСТ 12.1.004-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» әртүрлі мақсаттағы қорғау объектілеріне олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде: зерттеу, нормативтік құжаттарды әзірлеу, құрастыру, жобалау, дайындау, құрылыс салу, қызметтерді (жұмыстарды) орындау, сынау, өнімді импорт бойынша сатып алу, өнімді сату (оның ішінде экспортқа), сақтау, тасымалдау, орнату, монтаждау, баптау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу (реконструкциялау), пайдалану (қолдану) және кәдеге жарату кезеңдерінде өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын белгілейді.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру және орташа ауырлықтағы зиян келтіру туралы ҚР ҚК-нің 3-бабының 11) және 12) тармақшаларына берілген түсініктемені қараңыз.

Ірі залал деп жеке тұлғаға келтірілген, айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын мөлшердегі залал не ұйымға немесе мемлекетке келтірілген, айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мөлшердегі залал танылады (ҚР ҚК-нің 3-бабының 38) тармақшасы).

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық болып табылады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу заңда көрсетілген зардаптар туындаған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі: адамның денсаулығына ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіру не азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру (1-бөлік); адамның өлімі немесе өзге де ауыр зардаптар (2-бөлік); екі немесе одан да көп адамның өлімі (3-бөлік).

Қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты — өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу мен туындаған зардаптар арасындағы себепті байланыстың болуы.

Субъективтік жағы кінәнің абайсыздық нысанымен сипатталады, ол қылмыстық менмендік және қылмыстық немқұрайлылық түрінде көрініс табуы мүмкін.

Кінәлі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзатынын түсінеді, қоғамдық қауіпті зардаптардың туындау мүмкіндігін алдын ала болжайды, алайда жеткілікті негіздерсіз бұл зардаптардың алдын алуға өзіне сеніп, жеңілтектікпен үміттенеді не қажетті ұқыптылық пен сақтық танытқан жағдайда мұндай зардаптардың туындау мүмкіндігін алдын ала болжауға тиіс әрі болжай алатын бола тұра, оларды болжамайды.

Өзгенің мүлкін өртеу арқылы қасақана жою немесе бүлдіру ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша саралануға тиіс. Егер кінәлі өзгенің мүлкін өртеу арқылы жою, бүлдіру жолымен басқа адамның өлімін қаласа немесе осы қоғамдық қауіпті зардапқа саналы түрде жол берсе не оған немқұрайлы қараса, онда жасалған іс-әрекет қылмыстар жиынтығы бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы және 99-бабы 2-бөлігінің 6) тармағы бойынша саралануға тиіс.

Егер өрт атом энергетикасы объектілерінде, жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік талаптарын бұзу, тау-кен, құрылыс және өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан не радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану немесе есепке алу, көму, тасымалдау қағидаларын бұзу салдарынан туындаса, жасалған іс-әрекет арнайы қылмыс құрамдарымен қамтылады және ҚР ҚК-нің 292-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

Қылмыстың субъектісі — өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген, он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға. Оларға кәсіпорындардың немесе меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары, олар уәкілеттік берген тұлғалар, сондай-ақ мүліктің, оның ішінде тұрғын үйдің меншік иелері, жалдаушылар, жалға алушылар және т.б. жатады.

ҚР ҚК-нің 292-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың сараланған түрі үшін жауаптылықты көздейді: 1) абайсызда адамның өлімінің орын алуы; 2) өзге де ауыр зардаптар.

Адамның өліміне әкеп соғу деп өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде адамның биологиялық өлімінің туындауы түсініледі.

Өзге де ауыр зардаптарға екі немесе одан да көп адамға денсаулыққа ауыр зиян келтіру; қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауы; техногендік немесе экологиялық апаттың, төтенше экологиялық жағдайдың туындауы; ірі немесе аса ірі залал келтіру; апат немесе авария қаупін тудыру; келтірілген зиянның ауырлығын айғақтайтын өзге де зардаптар жатады.

ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі осы баптың 1-бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет үшін жауаптылықты белгілейді.

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуды (ҚР ҚК-нің 292-бабы) отты немесе өзге де жоғары қауіптілік көзін абайсызда пайдалану салдарынан ормандарды (екпелерді) жою немесе бүлдіруден (ҚР ҚК-нің 341-бабы) мынадай белгілері бойынша ажырату қажет. Біріншіден, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады, ал ормандарды жою мен бүлдірудің объектісі — экологиялық қауіпсіздік. Екіншіден, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу қылмысының нысаналары өрт қаупін төндіретін кез келген көздер (мысалы, жанар-жағармай материалдары, электр энергиясының көздері, жарылғыш заттар, ашық от) болып табылады, ал ормандарды жою немесе бүлдіру кезінде мұндай нысаналарға 2003 жылғы 8 шілдедегі ҚР Орман кодексіне сәйкес орман қорына кіретін ормандар және ормандардың басқа да түрлері жатады. Үшіншіден, ҚР ҚК-нің 292-бабында көзделген іс-әрекеттің объективтік жағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудан көрінеді, ал ҚР ҚК-нің 341-бабында көзделген іс-әрекетте — отпен абайсызда жұмыс істеуден көрінеді. Төртіншіден, ҚР ҚК-нің 292-бабында көзделген қылмыстың субъектісі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты адам болып табылады, ал ҚР ҚК-нің 341-бабында көзделген құрамның субъектісі — он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуды отты немесе өзге де жоғары қауіптілік көзін абайсызда пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін абайсызда жоюдан ажырату қажет. Айырмашылық объектісі мен объективтік жағы бойынша жүргізілуге тиіс. ҚР ҚК-нің 204-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстың объектісі — меншік. Іс-әрекеттің объективтік жағы отты немесе өзге де жоғары қауіптілік көздерін абайсызда пайдаланудан көрінеді.

ҚР ҚК-нің 292-бабының 1-бөлігінде көзделген іс-әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатпайтын онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

ҚР ҚК-нің 292-бабының 2 және 3-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.*

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

292-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

292-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайс...

Толық оқу »

Сақтанушының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны туралы дәлелдемелер ұсынбаған сақтандырушыға өрт салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеті жүктелген.

Сақтанушының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны туралы дәлелдемелер ұсынбаған сақтандырушыға өрт салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру...

Толық оқу »

410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

410-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырды

Талапкер еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соған байланысты сот талапты қанағаттандырусыз қалдырдыС. сотқа "Аджип Казах...

Толық оқу »

410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1...

Толық оқу »

38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Азаматтық қорғау туралы Заңы

38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібіАзаматтық қорғау туралы Заңы      1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және...

Толық оқу »

256-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу

256-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу 1. Егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлық...

Толық оқу »

62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру Азаматтық қорғау туралы Заңы

62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыруАзаматтық қорғау туралы Заңы      Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ ө...

Толық оқу »

38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Азаматтық қорғау туралы Заңы

38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауАзаматтық қорғау туралы Заңы      Ескерту. 38-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-V...

Толық оқу »

411-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті өнімдерді шығару және өткізу

411-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті өн...

Толық оқу »

60-бап. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі Азаматтық қорғау туралы Заңы

60-бап. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіАзаматтық қорғау туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі...

Толық оқу »

64-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері және сәйкестікті растау Азаматтық қорғау туралы Заңы

64-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері және сәйкестікті растауАзаматтық қорғау туралы Заңы    Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объект...

Толық оқу »

66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары Азаматтық қорғау туралы Заңы

66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптар...

Толық оқу »

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құқықтық қорғау

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құқықтық қорғауАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы 4 сә...

Толық оқу »

65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары Азаматтық қорғау туралы Заңы

65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарыАзаматтық...

Толық оқу »

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны...

Толық оқу »

336-бап. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

336-бап. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

589-бапқа түсініктеме. Көліктегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

589-бапқа түсініктеме. Көліктегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Көлікте белгіленген өрт қауіпсіздігі...

Толық оқу »

367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Ормандарда өрт қауi...

Толық оқу »

589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын...

Толық оқу »

367-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық қағидалар талаптарын бұзу

367-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық қағидалар талаптарын бұзу 1. Орм...

Толық оқу »

410-1-бапқа түсініктеме. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

410-1-бапқа түсініктеме. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Сараптама ұйымының азам...

Толық оқу »

411-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдiшығару және өткiзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

411-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдiшығару және өткiзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Код...

Толық оқу »

10-бап. Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар  Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

10-бап. Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарОйыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы      Ойыншықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында...

Толық оқу »

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі та...

Толық оқу »