38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Азаматтық қорғау туралы Заңы
Ескерту. 38-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының осы Заңның 38-1-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарды сақтауын тексеру жөніндегі қызметі өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау болып табылады.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау процесінде бақыланады.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамы;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.
4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау және тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нәтижесінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру аяқталған күні бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда бақылау және қадағалау субъектілері өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзіледi.
5. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау және қадағалау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде осы объект, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңге бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі объектілерде, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы