410-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Сараптама ұйымының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген аудит нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы –
сараптама ұйымына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы анық емес ақпараты бар қорытынды ұсынуы –
сараптама ұйымына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытынды ұсынуы –
аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, сараптама ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы