Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

      1. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлем және (немесе) ақша аударымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

      2. Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемді қабылдауға келісім берген кезден бастап туындайды. 

      Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өзімен төлем карточкасына қызмет көрсету туралы келісім жасасқан банкке қатысты өзі қабылдаған төлем сомасында ақшалай талап құқығы туындайды. Көрсетілген банкте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай талабын орындау міндеті туындайды. 

      3. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаған кезде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қолма-қол ақша төленген кездегі олардың сатылу бағасынан аспайтын бағамен сатуды жүзеге асыруға міндетті. 

      4. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы өздерінің арасындағы шартта көзделген жағдайларда және тәртіппен хабардар етеді. 

      Осындай хабарламаны жіберудің тәсілі мен кезеңділігі, сондай-ақ төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы хабардар еткені үшін төлем карточкасы эмитентінің комиссия мөлшері мен оны алу тәртібі төлем карточкасының эмитенті мен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта белгіленеді. 

      5. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын жоғалтуы және (немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабарламаны тәулік бойы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 

      6. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалу немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылу фактісін анықтаған кезде бұл туралы төлем карточкасының эмитентін өздерінің арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабардар етеді. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының хабарламасы негізінде оның төлем карточкасын бұғаттайды. 

      Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушымен жасалған шартқа сәйкес рұқсат етілмеген операция бойынша ақшаны өзі дербес өтеген жағдайларды қоспағанда, төлем карточкасын ұстаушы рұқсат етілмеген операцияны өтеу үшін төлем карточкасының эмитенті белгілеген нысан бойынша өтінішті төлем карточкасының эмитентіне ұсынады. 

      7. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасының жоғалуы және(немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы төлем карточкасын ұстаушының хабарламасын алғаннан кейін рұқсат етілмеген операциялар жасалған жағдайда, олар үшін жауаптылықта болады. 

      8. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының рұқсат етілмеген операцияны өтеу туралы өтініші негізінде рұқсат етілмеген төлем фактісін анықтау бойынша шаралар қолданады және осындай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оған рұқсат етілмеген операция мөлшерінде ақша сомасын өтейді не өздерінің арасындағы шартта көзделген тәсілмен себебін көрсете отырып, рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді. 

      Үшінші тұлғалардан ақпаратты алу не тексеру жүргізу арқылы қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтінішін қарайды және ол бойынша Қазақстан Республикасы ішіндегі операциялар бойынша күнтізбелік отыз күн немесе шетелде жасалған операциялар бойынша күнтізбелік алпыс күн ішінде шешім қабылдайды және бұл туралы төлем карточкасын ұстаушыны өздерінің арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабардар етеді. 

      Төлем карточкалары эмитентінің рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тартуы төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалану қағидаларын бұзуын не оның төлем карточкасын пайдалана отырып алаяқтық операцияларға қатысуын растайтын негіздер, белгілер немесе фактілер болған кезде жүзеге асырылады. 

      9. Төлем карточкасының эмитентін төлем карточкасының жоғалуы немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабардар етпеген жағдайда, төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалуына немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуына байланысты барлық тәуекелдерді көтереді. 

      10. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға оның төлем карточкасын пайдалануына байланысты құжаттарды және ақпаратты шартта айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті. 

      11. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға жіберілген және одан алынған хабарламаларды тіркейді, сондай-ақ тиісті ақпаратты жіберген және алған күннен бастап оларды кемінде үш жыл сақтайды. 

      12. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтініштерін, оның ішінде төлем карточкасын немесе оның деректемелерін пайдалануға байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде шартта белгіленген, бірақ осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ төлем карточкасы шетелде пайдаланылған жағдайда, өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімде қарайды. Төлем карточкасын ұстаушыға өтініштерді қараудың нәтижелері туралы, оның ішінде жазбаша нысанда ақпарат (төлем карточкасын ұстаушының талабы бойынша) жіберіледі. 

      13. Төлем карточкасының эмитенті ұстаушыдан алған хабарлама негізінде немесе ұстаушы төлем карточкасын пайдалану тәртібін бұзған кезде шартқа сәйкес эмитенттің бастамасы бойынша оны төлем карточкасын ұстаушының оны пайдалануын тоқтата тұрады немесе тоқтатады. 

      14. Төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалануын тоқтата тұру немесе тоқтату төлем карточкасын ұстаушының және эмитенттің көрсетілген пайдалануды тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезге дейін туындаған міндеттемелерін тоқтатпайды. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тек...

Толық оқу »

659-бапқа түсініктеме. Куәның, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының қорытындысы немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің қате аудармасы

659-бапқа түсініктеме. Куәның, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының қорытындысы немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің қат...

Толық оқу »

352-бапқа түсініктеме. Көрінеу жалған айғақтар, сарапшының қорытындысы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қате аудармасы

352-бапқа түсініктеме. Көрінеу жалған айғақтар, сарапшының қорытындысы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қате аудармасы 1. Куәның, жәбірленушінің көрін...

Толық оқу »

659-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

659-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Ре...

Толық оқу »

353-бап. Аудармашыға қарсылық білдіру туралы мәселенi шешу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

353-бап. Аудармашыға қарсылық білдіру туралы мәселенi шешу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға,...

Толық оқу »

210-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай, валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу

210-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шар...

Толық оқу »

48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе)ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi  8 Тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе)ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілетт...

Толық оқу »

354-бапқа түсініктеме. Пара беру немесе жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, жалған қорытындыға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дұрыс аудармасына мәжбүрлеу

354-бапқа түсініктеме. Пара беру немесе жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, жалған қорытындыға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дұрыс...

Толық оқу »

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу...

Толық оқу »

55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтату негізі және тәртібі  Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтату негізі және тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты он...

Толық оқу »

228-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

228-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы...

Толық оқу »

353-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің аудармашысына қарсылық білдіру туралы мәселені шешу

353-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің аудармашысына қарсылық білдіру туралы мәселені шешуТөрағалық етуші келген тараптарға, куәгерлер...

Толық оқу »

764-бап. Жәбiрленушiге, куәға, сарапшыға, маманға, аудармашыға немесе куәгерге шығыстарды өтеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

764-бап. Жәбiрленушiге, куәға, сарапшыға, маманға, аудармашыға немесе куәгерге шығыстарды өтеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жәбiр...

Толық оқу »

36-бап. "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

36-бап. "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Мемлекеттік қызметшілердің "Б" корпус...

Толық оқу »

111-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің куәларына, сарапшыларына, мамандары мен аудармашыларына сомаларды төлеу

111-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің куәларына, сарапшыларына, мамандары мен аудармашыларына сомаларды төлеу1. Куәгерлерге, сара...

Толық оқу »