418-бап. Іске қатысатын адамдардың сот отырысына келмеуінің салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілмеген іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеген жағдайда сот істі талқылауды кейінге қалдырады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген тұлғалардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда, сот бұл жағдайларда да келмеу себептерін дәлелді деп тани отырып, істі талқылауды кейінге қалдыруға құқылы.
3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде апелляциялық сатыдағы сот iске қатысатын тұлғаларға iстi қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлайды. Егер іске қатысатын адамдар істі басынан бастап талқылауды талап етпесе, істі қайта отырыста талқылау жалғастырылады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы