Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Әкімшілік процеске қатысушы тұлғалардың шеңбері: талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор

Әкімшілік процеске қатысушы тұлғалардың шеңбері: талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әкімшілік процеске қатысушы тұлғалардың шеңбері: талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор

ӘРПК-нің 26-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік процеске қатысушылар талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор болып табылады.

ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 33) тармақшасына сәйкес талап қоюшы – өзінің бұзылған немесе дауланатын құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген тұлға не талап қоюды прокурор, Қазақстан Республикасының заңдарында осындай өкілеттік берілген өзге тұлға оның мүддесі үшін берген тұлға.

ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес жауапкер – сотқа талап қойылған әкімшілік орган немесе лауазымды адам.

ӘРПК-нің 30-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот актісі құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін тұлға мүдделі тұлға деп танылады.

Практикада атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың сот орындаушыларымен даулары жиі туындайды. Бұл норма мүдде болған жағдайда сот тәртібімен қорғау құқығын көздейді.

Атқарушылық іс жүргізудің тарапы болып табылмайтын тұлғалардың талап қоюлары келіп түскен кезде соттар өзге де қорғау және дауланатын құқықты қалпына келтіру тәсілінің бар-жоғын, сондай-ақ жасалған әрекеттердің нәтижесінде талап қоюшы үшін тікелей құқықтық салдарлардың туындаған-туындамағанын тексеруге тиіс.

ӘРПК-нің 31-бабына сәйкес прокурор заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асырады, әкімшілік процеске қорытынды беру үшін кіріседі.

Қажет болған жағдайда кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген адамдар, мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын мынадай тұлғалардың істерін қарау кезінде іске адвокаттар (заң консультанттары) тартылады.

Кәмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын талап қоюлар бойынша іске қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңды өкілдердің міндетті қатысуымен тартылады.

Бұдан басқа, жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде қажет болған жағдайда іске Республикалық палата ЖСО өкілдері тартылады.

Бір ЖСО-ға атқарушылық іс жүргізуді жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактісі бойынша екі жеке ұйғарым шығару

Қостанай облысының МАС-ының 2024 жылғы 29 қазандағы шешімімен «Общежитие» ЖШС-нің ЖСО Шакарова Л.Я.-ға қатысты 2024 жылғы 16 наурыздағы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талабы қанағаттандырылып, ЖСО Шакарова Л.Я.-ға қатысты жеке ұйғарым шығарылып, РП ЖСО-ға жолданған (3994-24-00-4/816).

2016 жылғы 15 сәуірде ЖСО Шакарова Л.Я. «Общежитие» ЖШС пайдасына Лексина Е.Ф.-дан 150 253 теңге мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы №1118/16-39-2001 атқарушылық іс жүргізуді қозғағаны анықталды.

2024 жылғы 16 наурызда атқарушылық іс жүргізу атқарушылық құжаттың толық орындалуына байланысты тоқтатылған.

Сонымен бірге сот отырысында сот шешімінің орындалғанын растайтын құжаттардың жоқ екендігі анықталды. Оның үстіне, бірінші сатыдағы соттың сұрау салуы бойынша атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдары, оның ішінде атқарушылық құжаттың түпнұсқасы ұсынылмаған, жауапкер оны жоғалтып алғаны жөнінде сотты жаңылыстырған.

Сонымен қатар атқарушылық іс жүргізу материалдарында барлық атқарушылық әрекеттер туралы, атқарушылық іс жүргізу тараптарымен хат алмасу туралы мәліметтер болмаған, осыған байланысты Қостанай облыстық сотының СКАД-ы аталған құжаттарды өндіріп алушы мен борышкерден талап еткен, ал олар атқарушылық іс жүргізу материалдарында болуы тиіс еді.

Осыған байланысты Қостанай облысының МАС-ы мен Қостанай облыстық сотының СКАД-ы ЖСО Шакарова Л.Я.-ға қатысты 2 жеке ұйғарым шығарған, оларды қарау нәтижелері бойынша Қостанай облысының РП ЖСО басшысы ЖСО Шакарова Л.Я.-ға қатаң сөгіс жариялаған.

Талап қою талаптарын тұжырымдау

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік талап қоюды беру кезінде талап қоюшылар талаптарды әртүрлі редакцияда тұжырымдайды.

Негізінен жинақталатын санаттағы даулар даулауға, мәжбүрлеуге және әрекет жасауға қойылатын талап қоюлар беру арқылы қаралады (ӘРПК-нің 132-134-баптары).

ӘРПК-нің 132-бабына сәйкес, егер ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт талап қоюшының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзса, ол әкімшілік актінің толықтай немесе оның қандай да бір бөлігінде күшін жою туралы талаппен даулауға арналған талап қоюды беруге құқылы.

Сот орындаушысы шығарған қаулымен келіспеген жағдайда, талаптар осы қаулыны заңсыз деп тану туралы қойылады. Бұл ретте әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап қоюды бір мезгілде берудің қажеті жоқ.

ӘРПК-нің 84-бабының 2-бөлігіне сәйкес заңсыз әкімшілік акт толықтай немесе бір бөлігінде жойылуы мүмкін.

Қаулы заңсыз деп танылған жағдайда сот аталған қаулының күшін жояды.

Талап қоюды қайтару

ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтарудың 17 негізі көзделген.

Қарастырылып отырған санаттағы істер бойынша талап қоюлар көбінесе мынадай негіздер бойынша қайтарылады:

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 6) тармақшасы – талап қоюшы берген талап қоюды кері қайтарып алды;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 9) тармақшасы – тараптар татуласу келісімін, медиация туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасады және ол сотпен бекітілді;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 11) тармақшасы – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 17) тармақшасы – іс осы сотқа соттылыққа жатпайды.

Талап қоюды қайтарудың негізі ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігінде де көзделген, оған сәйкес сотқа талап қою беру мерзімінің дәлелді себепсіз өткізіп алынуы, сондай-ақ өткізіп алынған сотқа жүгіну мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтаруға негіз болып табылады.

Талданып отырған санаттағы талап қоюларды қайтару мәселесін шешуде соттарда қиындықтар туындамайды.

Бұл ретте соттың белсенді рөл қағидатын іске асыру татуласу жолымен шешілген істердің санын (келісім жасасу не талап қоюдан бас тарту арқылы) айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Сот шешіміне шағым жасау мерзімі

ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін, бұл шешім шешім жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалады.

Аталған нормаға өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы №33-НП «ӘРПК-нің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында 2024 жылғы 21 қарашада енгізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы №33-НП «ӘРПК-нің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысынан көрініп тұрғандай, ӘРПК-нің 168-бабы төртінші бөлігінің ережелері осы баптың екінші бөлігінің нормаларынан туындайды, онда заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне шағым берудің жалпы қағидалары айқындалған және мерзім сот шешімінің түпкілікті нысанда шығарылған күнінен бастап есептеледі.

Осыған байланысты сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын беру үшін көзделген он жұмыс күндік мерзім сот шешімінің қарар бөлігі жарияланған сәттен бастап емес, шешімнің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуге тиіс, өйткені ӘРПК-де белгіленген апелляциялық шағым беру мерзімі (сот шешімі шығарылған күннен бастап он жұмыс күні) шешім түпкілікті нысанда дайындалғанға дейін іс жүзінде өтіп кетуі мүмкін, бұл процеске қатысушыларды оның уәждеу бөлімімен танысу және апелляциялық шағым жасау құқығын толық көлемде іске асыру мүмкіндігінен айырады.

Конституциялық Сот мұндай құқықтық реттеу Конституциямен кепілдік берілген сот арқылы қорғалу құқығын, білікті заң көмегін алу құқығын және заң мен сот алдында баршаның теңдігі қағидатын шектеуі мүмкін екенін көрсетті.

Конституциялық Сот ӘРПК-де қолданылатын («шешім шығарылған күн», «шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күні» және т.б.) ұғымдардың заң тұрғысынан жеткілікті дәрежеде дәл еместігін және олардың әртүрлі түсіндірілуіне жол беретінін, бұл процеске қатысушылардың құқықтарының бұзылу қаупін туындататынын атап өтті.

Нәтижесінде Конституциялық Сот дауланған ережені Конституцияға сәйкес деп таныды, бірақ тек мынадай түсіндіруде: ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік істердің санаттары бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын беру мерзімі қарар бөлігінің жарияланған сәтінен бастап емес, сот шешімінің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуге тиіс.

ӘРПК-нің 168-бабының 4-бөлігіне жоғарыда көрсетілген өзгерістер енгізілгенге дейін жергілікті соттарда бірінші сатыдағы сот шешіміне шағым жасау мерзімін есептеу бөлігінде осы норманы әртүрлі түсіндіруге жол берілген.

ҚР ЖС СКАД-ы процессуалдық нормаларды конституциялық-құқықтық түсіндірудің басымдығын растады және апелляциялық шағым жасау мерзімдерін шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күнінен бастап бірыңғай есептеуді қамтамасыз ететін сот практикасын қалыптастырды.

Бұл практика жүйелі маңызға ие, өйткені ол сот практикасындағы қайшылықтарды жояды және әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде тараптардың сот арқылы қорғалу құқығын нақты іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 Дәлелдемелер және дәлелдеу

Дәлелдемелерді, дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректерді, дәлелдеу нысанасын және дәлелдемелердің көздерін, сондай-ақ дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану (дәлелдеу) тәртібін және дәлелдемелер мен дәлелдеуге қатысты өзге де ережелерді құқықтық реттеу тәртібі ӘРПК-де белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, АПК нормаларымен айқындалады (ӘРПК-нің 128-бабы).

ЖСО-ның әрекеттеріне сотқа шағымдану кезінде ЖСО тарапынан жасалған бұзушылықтарды растайтын әртүрлі құжаттар мен материалдар дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Құқыққа қайшы әрекеттерді немесе әрекетсіздікті көрсететін нақты фактілерді анықтау қажет.

Дәлелдемелер (тігілген және нөмірленген атқарушылық іс жүргізу) мыналарды қамтиды:

Атқарушылық құжат:

ЖСО әрекет еткен негіздегі атқару парағының немесе сот бұйрығының түпнұсқасы немесе куәландырылған көшірмесі.

Шағым жасалатын ЖСО қаулылары, олардың күні мен мазмұны көрсетіле отырып.

Бұзушылықтарды растайтын құжаттар:

Төлем туралы түбіртектер, ЖСО-мен хат алмасу, хабарламалар (SMS-хабарламалардың жеткізілгені туралы есептер), куәгерлердің айғақтары, мүлікті бағалау туралы есептер, мүлікті тізімдеу хаттамалары, қарап-тексеру актілері, тұрмайтыны туралы актілер, фотосуреттер, бейнежазбалар және арыз берушінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын растайтын кез келген басқа материалдар.

Әділет органдарына немесе ЖСО палатасына берілген шағымдар:

(ЖСО әрекеттеріне шағым берілген жағдайда, шағымның көшірмесі және оған берілген жауаптар да дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін).

Куәгерлердің айғақтары:

Іс мән-жайларын растай алатын куәгерлер айғақ беру үшін сотқа шақырылады.

Мемлекеттік бажды өндіріп алу

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы талап қоюлар бойынша талап қоюшылар Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 616-бабы 15) тармақшасына сәйкес сотқа талап қою берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

ӘРПК-нің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот шығыстарын бөлу мәселелері АПК-нің қағидалары бойынша қаралады.

АПК-нің 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстар сот шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден талап қою қанағаттандырылған бөлігіне толық немесе пропорционалды мөлшерде мемлекет кірісіне өндіріп алынады.

Талап қою қанағаттандырылған кезде жергілікті бюджет кірісіне мемлекеттік баж сот орындаушысынан қанағаттандырылған талап қою бөлігіне мөлшерлес өндіріп алынуға жатады.

Мемлекеттік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тармақшасының қағидалары бойынша есептеледі (0,5 АЕК).

Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану

Істі қарау кезінде процестік заңнама нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда, ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

ӘРПК-нің 127-бабына сәйкес сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерін орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелерді сот белгілеген мерзімді дәлелді себептерсіз бұза отырып ұсынған, тапсырмаларды орындаған жағдайда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына әкеп соқса, әрбір әрекеті (әрекетсіздігі) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы тұлғаның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, пікірді уақтылы ұсынбағаны, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген тәртіпті бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемейтінін анық көрсететін өзге де әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға құқылы.

Сот шешімін, тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымын орындамағаны үшін сот жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданады және сол сот актісінде оның орындалуға жататын, бір айдан аспайтын мерзімін көрсетеді.

Талданып отырған кезеңде соттарда ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолдану практикасы қалыптасты. Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы даулар санаты бойынша ақшалай өндіріп алу жауапкерлерге көбінесе мынадай себептер бойынша салынды:

  • пікірді уақтылы ұсынбау;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын уақтылы ұсынбау;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын толық көлемде ұсынбау;
  • дәлелді себепсіз сот отырысына келмеу (немесе онлайн форматта қосылмау).

Пайдаланылған қысқартулар:

· ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

· АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

· АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

· Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;

· ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;

· Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары – Қағидалар;

· СОАТЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;

· ҚР ЖС СКАД – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

· СКАД немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

· МАС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

· ӘД – Әділет департаменті (-тері);

· МССО – мемлекеттік сот орындаушы (-лары);

· ЖСО – жеке сот орындаушы (-лары);

· АІЖ – атқарушылық іс жүргізу.

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

· Қазақстан Республикасының Конституциясы;

· ӘРПК;

· АК;

· АПК;

· Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;

· Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы;

· Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы;

· Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі;

· Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;

· Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы» нормативтік қаулысы;

· Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы №2 «Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» нормативтік қаулысы;

· Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы №5 «Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» нормативтік қаулысы;

· Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы №6 «Алименттерді өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;

· Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы (2023 жылғы 13 шілдеде күші жойылды);

· Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №372 «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттер ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де табыс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;

· Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» бұйрығы;

· Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №148 «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» бұйрығы.

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

Талап қоюшының заттық құқығын жоғалтпаған мүлкін (жалға беру, лизинг, сақтау және басқа да шарттардың нысанасы болып табылатын мүлікті) босату және қайтару туралы талабы бағалауға жатпайтын талап ретінде қарастырылуы мүмкін.

Талап қоюшының заттық құқығын жоғалтпаған мүлкін (жалға беру, лизинг, сақтау және басқа да шарттардың нысанасы болып табылатын мүлікті) босату және қайтару туралы талабы бағал...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 73-бабына түсініктеме. Азаматтық талап қоюшы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 73-бабына түсініктеме. Азаматтық талап қоюшы1. Азаматтық талап қоюшы деп қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс ем...

Толық оқу »

73-бап. Азаматтық талапкер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

73-бап. Азаматтық талапкер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген...

Толық оқу »

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының есептік жазбасына өзгерістер енгізу жөніндегі, заңды тұлғаның ішкі мәселелеріне заңсыз араласу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы және жауапкерді енгізілген өзгерістердің күшін жоюды міндеттеуге

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының есептік жазбасына өзгерістер енгізу жөніндегі, заңды тұлғаның ішкі мәселелеріне заңсыз араласу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану турал...

Толық оқу »

Алматыда заңгер адвокаттың тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы өтініші

Алматыда заңгер адвокаттың тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы өтінішіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және...

Толық оқу »

Орындалған жұмыстардың актілерін жарамсыз деп тану, жауапкердің міндеттемелерін соманы өндіріп алу орындалмады деп тану туралы сот шешіміне апелляциялық шағым

Орындалған жұмыстардың актілерін жарамсыз деп тану, жауапкердің міндеттемелерін соманы өндіріп алу орындалмады деп тану туралы сот шешіміне апелляциялық шағымАлматы қалалық со...

Толық оқу »

Еңбек даулары-жауапкер мойындаған талапкерлер алдындағы жалақы бойынша берешек

Еңбек даулары-жауапкер мойындаған талапкерлер алдындағы жалақы бойынша берешекЗ., К., В., М., К., Р., е., т., ч., Ш., я. серіктестіктен жалақыны өндіріп алу туралы талап арызб...

Толық оқу »

Жауапкер жеткізген сапасыз тауарды жеткізу шартына сәйкес келетін тауарға ауыстыру

Жауапкер жеткізген сапасыз тауарды жеткізу шартына сәйкес келетін тауарға ауыстыруСот талапты қанағаттандыра отырып, жеткізу шарттарының талаптарын емес, әлеуетті тапсырыс бер...

Толық оқу »

339-бап. Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

339-бап. Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Басты сот талқылауына...

Толық оқу »

Заңсыз тұрғызылған тұрғын емес үй-жайларды өз бетінше салу деп тану және оларды жауапкердің қаражаты есебінен бұзу туралы

Заңсыз тұрғызылған тұрғын емес үй-жайларды өз бетінше салу деп тану және оларды жауапкердің қаражаты есебінен бұзу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы тала...

Толық оқу »

Жауапкерді қорғау туралы іс бойынша талап қоюдан бас тарту туралы өтініш

Жауапкерді қорғау туралы іс бойынша талап қоюдан бас тарту туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және...

Толық оқу »

Орындалған жұмыстардың актілерін жарамсыз деп тану, жауапкердің міндеттемелерін орындалмаған деп тану және соманы өндіріп алу

Орындалған жұмыстардың актілерін жарамсыз деп тану, жауапкердің міндеттемелерін орындалмаған деп тану және соманы өндіріп алу2024 жылғы 25 шілдеде №7527-24-00-2/5847 іс Алматы...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралы

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұ...

Толық оқу »

Ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз бойынша жауапкердің қарсылығына (кері қайтарып алуына) қарсылық

Ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз бойынша жауапкердің қарсылығына (кері қайтарып алуына) қарсылықНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы...

Толық оқу »

Алматыда адвокаттың істі жауапкердің қатысуынсыз қарау туралы сотқа өтінішхаты

Алматыда адвокаттың істі жауапкердің қатысуынсыз қарау туралы сотқа өтінішхатыОҚО Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотына, судьяға _________________Қазақстан Республикасы, ОҚ...

Толық оқу »

Жауапкердің қатысуынсыз істі қарау туралы Алматы заңгерінің қолдаухаты

Жауапкердің қатысуынсыз істі қарау туралы Алматы заңгерінің қолдаухатыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әр...

Толық оқу »

Талап қоюшы жауапкер-сақтандыру компаниясына жүгінгенге дейін ЖКО салдарынан зақымдалған мүлікке жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, бұл көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру шеңберінде сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюдан бас тартуға негіз болды.

Талап қоюшы жауапкер-сақтандыру компаниясына жүгінгенге дейін ЖКО салдарынан зақымдалған мүлікке жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, бұл көлік құралдары иелерінің азам...

Толық оқу »

Егер талап қою жауапкердің кінәлі мінез-құлқынан туындамаса, онда сотта жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда сот шығындары талап қоюшыға жүктеледі.

Егер талап қою жауапкердің кінәлі мінез-құлқынан туындамаса, онда сотта жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда сот шығындары талап қоюшыға жүктеледі.Қарсы тарап құқықтарын б...

Толық оқу »

Уәкілетті органдар мәлімдеген борышкерді, жауапкерді іздестіру жөніндегі шығыстарды өтеу сот бұйрығы

Уәкілетті органдар мәлімдеген борышкерді, жауапкерді іздестіру жөніндегі шығыстарды өтеу сот бұйрығыБұйрық арқылы іс жүргізуді реттейтін ҚР АПК-сінің 12-ші тарауы болып таныла...

Толық оқу »

29-бап. Жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қоюды беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

29-бап. Жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қоюды беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа бе...

Толық оқу »

Жер дауына қатысты азаматтық іс қаралғанда тиісті жауапкерлер яғни жер бөлуді ресімдейтін заңды тұлғалардың өкілдерінің қатысулары қамтамасыз етілмеген

Жер дауына қатысты азаматтық іс қаралғанда тиісті жауапкерлер яғни жер бөлуді ресімдейтін заңды тұлғалардың өкілдерінің қатысулары қамтамасыз етілмегенТалапкер О. жауапкерлер...

Толық оқу »

Комментарии к статье 94. отставка от участия в производстве по уголовному делу защиты, предъявителя потерпевшего (частичного обвинителя), гражданского истца или гражданского ответчика Угловно-процессуального кодекса Республики Казахстан

94-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің Қылмыстық қорғау дел бойынша іс жүргізуге қатысудан, жәбірленушінің (ішінара айыптаушының), азам...

Толық оқу »

74-бап. Азаматтық жауапкер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

74-бап. Азаматтық жауапкер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iсте өзіне талап қойылған жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып...

Толық оқу »

232-бапқа түсініктемелер. Жауапкерді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің белгілі бір іс-әрекеттерін жасауға міндеттейтін шешім

232-бапқа түсініктемелер. Жауапкерді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің белгілі бір іс-әрекеттерін жасауға міндеттейтін шешімЖауапкерді мүлікті немесе а...

Толық оқу »

Көлік құралын қысқа мерзімді жалға беру (каршеринг)кезінде тиісті жауапкерді анықтау

Көлік құралын қысқа мерзімді жалға беру (каршеринг)кезінде тиісті жауапкерді анықтауЕ.Ш. жауапкерлер «Д» ЖШС-дан, Н.В., М.Г. материалдық залал мен моральдық зиянды ортақ ӛндір...

Толық оқу »

133-бап. Жауапкердің және (немесе) баланың болған жерінің белгісіздігі және оларды іздестіру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

133-бап. Жауапкердің және (немесе) баланың болған жерінің белгісіздігі және оларды іздестіру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Жауапкердің нақтылы тұ...

Толық оқу »

Банк жауапкерден қарыздың барлық сомасын мерзімінен бұрын өндіріп алу туралы талаптардың заңдылығы мен негізділігін растайтын жеткілікті дәлелдемелер ұсынбаған

Банк жауапкерден қарыздың барлық сомасын мерзімінен бұрын өндіріп алу туралы талаптардың заңдылығы мен негізділігін растайтын жеткілікті дәлелдемелер ұсынбағанҚарағанды қаласы...

Толық оқу »

29-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қою

29-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қою1. Жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа талап...

Толық оқу »

Жауапкер-ХКОан бас тартуды заңсыз деп тану және оны меншік иесінің өзі салған объектіні қабылдау актісін тіркеуге мәжбүрлеу

Жауапкер-ХКОан бас тартуды заңсыз деп тану және оны меншік иесінің өзі салған объектіні қабылдау актісін тіркеуге мәжбүрлеу2025 жылғы 08 сәуірдегі №6001-24-00-6ап/3063Талапкер...

Толық оқу »

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК...

Толық оқу »

171-бапқа түсініктемелер. Жауапкердің талап қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі деп тануы

171-бапқа түсініктемелер. Жауапкердің талап қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі деп тануы1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе бірі...

Толық оқу »

Жауапкердің дәлелді бас тартуын заңсыз деп тану және күшін жою және жіберілген бұзушылықты эскиздік жобаны келісу жолымен жою міндетін жүктеу туралы

Жауапкердің дәлелді бас тартуын заңсыз деп тану және күшін жою және жіберілген бұзушылықты эскиздік жобаны келісу жолымен жою міндетін жүктеу туралы2025 жылғы 23 қаңтардағы №6...

Толық оқу »

Жауапкерге істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламау сондай ақ талапкердің істің елеулі мән-жайларын жасыруы сот актісінің күшін жоюға әкеп соқтырды.

Жауапкерге істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламау сондай ақ талапкердің істің елеулі мән-жайларын жасыруы сот актісінің күшін жоюға әкеп соқтырды.Қарағанды қаласы О...

Толық оқу »

49-бап. Бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердің іске қатысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

49-бап. Бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердің іске қатысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Бірнеше талап қоюшы бірлесіп бір немесе бірнеше жауа...

Толық оқу »

Басқа біреудің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету туралы және талапкерді тұрғын үйге көшіру туралы және жауапкерлерді шығару туралы талап

Басқа біреудің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету туралы және талапкерді тұрғын үйге көшіру туралы және жауапкерлерді шығару туралы талапАлматы қаласы Алатау аудандық соты...

Толық оқу »

162-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

162-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол...

Толық оқу »

Өз бетінше иеленіп алған жерді мемлекет меншігіне қайтару, салынған құрылысты жауапкер есебінен бұзу туралы талап арыз

Өз бетінше иеленіп алған жерді мемлекет меншігіне қайтару, салынған құрылысты жауапкер есебінен бұзу туралы талап арызТалап қоюшы Шымкент қаласының әкімі жауапкер Л.-ның өз бе...

Толық оқу »

50-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

50-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді...

Толық оқу »

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

Жауапкер жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартты.

Жауапкер жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартты.04.04.2023 ж. №6001-22-00-6ап/2069Талапкер: "Ш"КомпаниясыЖауапкер:"Азаматтарға арналған үкіме...

Толық оқу »

Жауапкерлердің талапты мойындауы кезінде талап қою мерзімін қалпына келтіру

Жауапкерлердің талапты мойындауы кезінде талап қою мерзімін қалпына келтіруҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 2-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріні...

Толық оқу »

133-бапқа түсініктемелер. Жауапкердің (немесе) баланың болатын жерінің белгісіздігі және олардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін іздестіруі

133-бапқа түсініктемелер. Жауапкердің (немесе) баланың болатын жерінің белгісіздігі және олардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін іздестіруі1. Жауапкерд...

Толық оқу »

Егер жауапкердің мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға ресми өтінішінде баяндалған мәліметтерге дау айтылса, талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талаптары қанағаттандырылуға жатпайды

Егер жауапкердің мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға ресми өтінішінде баяндалған мәліметтерге дау айтылса, талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талап...

Толық оқу »

Материалдық зиянды өндіру туралы талап арызда осы зиян жауапкердің заңсыз әрекеттерінен келгенін айқындайтын нақты дәлелдер болуы керек

Материалдық зиянды өндіру туралы талап арызда осы зиян жауапкердің заңсыз әрекеттерінен келгенін айқындайтын нақты дәлелдер болуы керекТалапкер «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемл...

Толық оқу »

141-бап. Жауапкерге сот бұйрығының көшірмелерін жіберу. Сот бұйрығына қарсылық білдіру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

141-бап. Жауапкерге сот бұйрығының көшірмелерін жіберу. Сот бұйрығына қарсылық білдіру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот бұйрығы ол шығарылғаннан...

Толық оқу »

Жария-құқықтық қатынастардың болмауына байланысты талап қоюларды қайтару, өйткені талап қоюшыларға қатысты әкімшілік актілер шығарылмаған

Жария-құқықтық қатынастардың болмауына байланысты талап қоюларды қайтару, өйткені талап қоюшыларға қатысты әкімшілік актілер шығарылмағанАстана қаласы сотының 2023 жылғы 24 қа...

Толық оқу »

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалған

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалғанЖауапкер О. мемлекеттік мұқтаж үшін алына...

Толық оқу »

295-бап. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін іс материалдарымен таныстыру УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

295-бап. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін іс материалдарымен таныстыру УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахст...

Толық оқу »

Талапкерден жауапкердің пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген  өндіруді туралы Өтінішхат сотқа

Талапкерден жауапкердің пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген өндіруді туралы ӨтінішхатАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы ​Шұғыла шағын ауданы,347/1​1+7 (727)...

Толық оқу »

Сот практикасында даулар автордың мүліктік құқықтарын басқару жөніндегі бір ұйым ұжымдық негізде талап қойған кезде де орын алады, ал жауапкерде басқа ұқсас ұйыммен лицензиялық шарт жасалады.

Сот практикасында даулар автордың мүліктік құқықтарын басқару жөніндегі бір ұйым ұжымдық негізде талап қойған кезде де орын алады, ал жауапкерде басқа ұқсас ұйыммен лицензиялы...

Толық оқу »

Жауапкердің талапкердің үшінші тараптың талап арызды қайтарып алуына қарсылық

Жауапкердің талапкердің үшінші тараптың талап арызды қайтарып алуына қарсылықНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

359-бапқа түсініктеме. Жәбірленушіге, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің құқықтарын түсіндіру

359-бапқа түсініктеме. Жәбірленушіге, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің құқықтарын...

Толық оқу »

171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Жауапкер сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляц...

Толық оқу »

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтініш

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және ә...

Толық оқу »

Бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті шығару туралы талап арыз сотта қаралған кезде жауапкердің өзін адал сатып алушы деп тану туралы қарсы талап арыз ұсынуы талап етілмейді

Бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті шығару туралы талап арыз сотта қаралған кезде жауапкердің өзін адал сатып алушы деп тану туралы қарсы талап арыз ұсынуы талап етілмейдіТалапк...

Толық оқу »

359-бап. Жәбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

359-бап. Жәбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік ко...

Толық оқу »

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша " азаматтық жауапкерлер ретінде қауіптілігі жоғары көзден келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндет жүктелетін көлік құралдарының иелері тартылуға тиіс

Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша " азаматтық жауапкерлер ретінде қауіптілігі жоғары көзден келтірілге...

Толық оқу »

Талапкер мен жауапкердің ортақ үлестік меншігі деп танылған мүлікті жақсарту олардың бірге өмір сүруі кезеңінде Тараптардың басқа біреудің мүддесі үшін құқықтық қатынастарын реттейтін АК баптарының нормалары тапсырмасыз жүргізілді, бұл дау бойынша қолданылмайды.

Талапкер мен жауапкердің ортақ үлестік меншігі деп танылған мүлікті жақсарту олардың бірге өмір сүруі кезеңінде Тараптардың басқа біреудің мүддесі үшін құқықтық қатынастарын р...

Толық оқу »

232-бап. Жауапкердi белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

232-бап. Жауапкердi белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Сот жауапкердi мүлiкті немесе ақша беруге байланы...

Толық оқу »

233-бап. Бiрнеше талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шешiм Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

233-бап. Бiрнеше талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шешiм Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Бiрнеше талап қоюшының пайдасына ше...

Толық оқу »

233-бапқа түсініктемелер. Бірнеше талапкердің пайдасына немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің бірнеше жауапкерлеріне қарсы шешім

233-бапқа түсініктемелер. Бірнеше талапкердің пайдасына немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің бірнеше жауапкерлеріне қарсы шешім1. Бірнеше талапкерд...

Толық оқу »

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралыТалап қоюшы А. жауапкер К.-ға өз бетімен салынған құрылы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 74-бабына түсініктеме. Азаматтық жауапкер

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 74-бабына түсініктеме. Азаматтық жауапкер1. Азаматтық жауапкер деп қылмыстық іс бойынша талап қойылған жеке немесе заң...

Толық оқу »