Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне санкция беру туралы өтініштер
ҚІЖК-нің 55-бабына сәйкес тергеу судьясы қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі кезеңдерінде ғана әрекет ететінін еске салғанымыз жөн. ҚІЖК-де көзделген жағдайларда тергеу судьясы мынадай процестік әрекеттер мен шешімдерге санкция беру туралы өтінішхаттарды қарайды: 1) қамауда ұстау; 2) үй қамағына алу; 3) экстрадициялық қамауға алу; 4) қамауда ұстау, үй қамағына алу, экстрадициялық қамауға алу мерзімдерін ұзарту; 5) кепіл қолдану; 6) мүлікке тыйым салу; 7) қамауда ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және/немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға, сондай-ақ қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттерді жасаған және психикалық аурулардан зардап шегетін адамдарға қауіпсіздік шараларын қолданған кезде, кәмелетке толмаған күдіктіні, айыпталушыны арнаулы балалар мекемесіне орналастыруға; 8) бұрын қамауда ұстау қолданылған адамды осы адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде қатаң оқшаулау жағдайында науқастарды ұстауға бейімделген психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық ұйымға ауыстыру; 9) мәйітті эксгумациялау; 10) күдіктіні, айыпталушыны халықаралық іздестіру жариялау.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Ходатайства о санкционировании процессуальных действий и решений
183 рет жүктеп алынды -
Ходатайства о санкционировании процессуальных действий и решений
237 рет жүктеп алынды