Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 44-бабының мазмұнынан қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау және қызметтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылықтардың дербес түрлері болып табылатыны туындайды.

Бұл ретте «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның - «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі» деген 8-тарауында Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың тізбесін қамтитын жеке норма -50-бап бар.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 44-бабында мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қызметкетолық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын тӛмендету, сондай-ақ жұмыстан шығару сияқты жаза қолдану түріндегі жоғары жауапкершілік кӛзделеді.

Сонымен қатар, мұндай жазаның болуы болашақта мемлекеттік қызметке кіруге кедергі болуы мүмкін.«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық деп түсінілетін нақты анықтама жоқ, тек осы теріс қылықтардың тізбесі ғана бар, соның негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық дегеніміз мемлекеттік қызметші мұндай теріс қылықты саналы түрде, пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүдделерді кӛздей отырып, азаматтардың кӛз алдында ӛздері ӛкілдері болып табылатын органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауы болып табылады деген тұжырым жасауға болады.

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық соты А. әкімнің ӛкімін заңсыз деп тану және күшін жою және бұрынғы лауазымын қалпына келтіру туралы Кербұлақ ауданының әкіміне қойған талабын қанағаттандыра отырып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа – жеке немесе заңды тұлғалар ӛз құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыра алмайтын жағдайлар жасауға бағытталған іс-әрекетке немесе әрекетсіздік; лауазымды адамның ӛзінің қызметтік ӛкілеттіктерін қызметтің мүдделеріне қайшы пайдалануы; осы салдарлардың нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзу түрінде туындауы және лауазымды адамның ӛз ӛкілеттіктерін пайдалануы мен аталған бұзушылықтар арасында тікелей себептік байланыстың болуы деп анықтама берген.

Абай облыстық соты ӛз талдауында «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауы проблемалық мәселе болып табылатынын, осыған байланысты оны нормативтік қаулыда неғұрлым нақты шешуді ұсынатынын кӛрсеткен.Келіп түскен істерді талдау көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілерге көбінесе Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген теріс қылық жасауы - шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі айып ретінде тағылады.

Кӛрсетілген норманың ауызша кӛрінісінің тура мағынасынан, біріншіден, мемлекеттік қызметшіге шешім қабылдау құқығы берілуі керек, екіншіден, шешім қабылдау кезінде ол жеке немесе заңды тұлғаға құқыққасыйымсыз (ешқандай заңды негізсіз) қолдау кӛрсетеді.«Қолдау кӛрсету» деген түсініктің ӛзі басқалармен салыстырғанда біреудің артықшылығын тануды білдіреді. Демек, егер біреуге қолдаукӛрсетілсе, онда мұндай мәселені шешуден бас тартылған адам болуы тиіс.И. Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) бас маманы ретінде ӛз ӛкілеттіктерін орындау барысында ӘҚБтК-нің 281-бабы 5-бӛлігінің 10) тармақшасында кӛзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ЖШС-ға (бұдан әрі - ЖШС) қатысты хаттамалар жасады.

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты (бұдан әрі –МӘС) әкімшілік істі қарау барысында И. мемлекеттік кірістер органдарының маманы ретінде тартылды.

МӘС-тің 2020 жылғы 04 наурыздағы ұйғарымымен Басқармаға ЖШС қызметіне талдау жүргізу міндеті жүктелген. И. бӛлім басшылығымен келісілген тиісті талдауды дайындайды және сотқа береді. 

МӘС-тің 2020 жылғы 09 сәуірдегі қаулысымен ЖШС-нің ісәрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.Жамбыл облыстық сотының 2020 жылғы 06 қазандағы қаулысымен МӘС қаулысының күші жойылды. ЖШС ӘҚБтК-нің 281-бабы 5-бӛлігінің 10) тармақшасында кӛзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұл түріндегі жазаға тартылады.

Бұдан әрі Тараз қаласы прокурорының 2021 жылғы 06 қаңтардағы ұсынуы негізінде Басқарманың 2021 жылғы 02 ақпандағы бұйрығымен И.жоғарыда аталған әкімшілік істі қарау барысында ЖШС-ға құқыққасыйымсыз қолдау кӛрсеткені үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы бойынша қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Аталған бұйрықты И. сотта даулайды. Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының талаптарын ішінара қанағаттандыра отырып, талап қоюшы уәкілетті мемлекеттік қызметші бола отырып, сот отырысына қатысқан кезде соттың қойған сұрақтарына түсініктеме бере отырып, заңды тұлғаға ешқандай артықшылық бермегенін және іс бойынша процестік шешім қабылдауға қатыспағанын анықтады.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін ӛзгерте отырып, заңды тұлғаның әкімшілік жауаптылықтан жалтаруын қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларда баяндалған тұжырымдарға қайшы келетін талдамалық анықтаманы басшылықтың келісімінсіз сотқа беру жолымен талап қоюшының іс-әрекеттерінде ЖШС-ға артықшылық берілгенін анықтады, нәтижесінде сот заңсыз сот қаулысынқабылдады.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыра отырып, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасы И-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауы, ЖШС қызметі туралы басшылықпен келісілген талдамалық анықтама дайындауы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот отырысына мемлекеттік органның лауазымды адамы ретінде қатысуы оның лауазымдық міндеттеріне кіретінін кӛрсетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді сот істің барлық мән-жайларын, ұсынылған дәлелдемелерді сот тӛрелігін іске асыру процесіне ешкімнің араласуынсыз зерттеу нәтижесінде қабылдады.Іс материалдарында анықталғандай, талапкер сот шешімін дайындауға да, қабылдауға да қатысқан жоқ, ал оның түсіндірмелері сот үшін басым мәнге ие емес, осыған байланысты олар заңды тұлғаға құқыққа сыйымсыз қолдау кӛрсету ретінде бағалауға жатпайды. (2022 жылғы 26 қаңтардағы 3гп579).

Осыған ұқсас негіздер бойынша Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Б.бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы «Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-ге қойған талабына қатысты іс бойынша Тараз қалалық сотының 2021 жылғы 11 маусымдағы 17шешімін күшінде қалдыра отырып, Жамбыл облыстық сотының 2021 жылғы 17 тамыздағы қаулысының күші жойылды.

Сонымен бірге Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 15 қарашадағы қаулысымен М-тың ӛкімді заңсыз деп тану және бұйрықтың күшін жою туралы Екібастұз қаласының әкіміне қойған талабына қатысты іс бойынша Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының 2022 жылғы 02 маусымдағы шешімінің және Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 16 тамыздағы қаулысының күші жойылды. Іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Қостанай облысының соттары қараған бірнеше азаматтық істер бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірқатар қызметкерлері «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасымен жұмыстан шығарылғаны анықталды. Талапқоюшыларға ҚР аумағында рулі оң жақта орналасқан кӛлік құралын автомобиль ӛткізу пунктінде ӛткізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу жӛнінде шаралар қолданбау (басшылыққа хабарламау) түрінде шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау кӛрсетуден кӛрінетін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасады деген айып тағылды.

Жергілікті соттардың сот актілерімен қызметкерлердің бұйрықтардың күшін жою және заңсыз деп тану және жұмыста қайта алу туралы талаптары қанағаттандырылды. Соттар мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ретінде талап қоюшылардың функционалдық (лауазымдық) міндеттері мен құзыретіне кӛлік құралын ҚР аумағына ӛткізу туралы шешім дайындау және қабылдау кірмейтінін негіздеді (азаматтарды және кӛлік құралын ӛткізу жӛніндегі кӛрсетілген ӛкілеттіктер Шекара қызметі органдарының құзыретіне кіреді). Жауапкердің жазбаша пікірінде кӛрсетілген қылмыстық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамы бойынша шешімдер қабылдау да талап қоюшылардың құзыретіне кірмейді.

Жоғарғы Сот аталған істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қараудан бас тартты.Е. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды және жер комиссиясының тӛрағасы болды. Аудан әкімінің ӛкімімен Е. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4), 5) және 11) тармақшаларын бұзғаны үшін қызметтен босатылды.Даулы ӛкімді шығаруға Әдеп жӛніндегі кеңестің шешімі негіз болды. Шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша ӛтеулі жер пайдалану құқығын беру жӛніндегі конкурсты ӛткізу барысында Е. бастаған Комиссия бірқатар ӛрескел бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Мысалы, бір конкурстың қорытындысы бойынша комиссия 20 балл жинаған қатысушыға емес, небәрі 5 балл жинаған қатысушыға артықшылық береді, ал басқа конкурс бойынша 1 балл жинаған қатысушыға артықшылық беріледі, бұл ретте екінші қатысушы 20 балл жинайды.

МАЭС шешімімен уақытша ӛтеулі жер пайдалану шарттары жарамсыз деп танылды. МАЭС комиссия мүшелерінің қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бергенін анықтады.Соттар Е-тың ӛкімді заңсыз деп тану және күшін жою туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Жоғарғы Сот судьясының қаулысымен сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қараудан бас тартылды.Е-тың іс-әрекеттерінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында кӛзделген теріс қылық белгілері болған, ӛйткені конкурс қорытындысы бойынша шешім қабылдау кезінде ол конкурстың жекелеген қатысушыларына құқыққа сыйымсыз қолдау кӛрсеткен.

Осындай негіздермен Шығыс Қазақстан облысы Аягӛз ауданы әкімінің орынбасары және жер комиссиясының тӛрағасы қызметін атқарған С. мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған ӛкімнің күшін жою туралы С-тің осы ауданның әкіміне қойған талабын қанағаттандырудан бас тартылды.МАЭС-тің заңды күшіне енген шешімдерімен конкурс ӛткізу кезінде жер комиссиясы жол берген бұзушылықтар анықталды, бұл жалдау шарттарын жарамсыз деп тануға негіз болды.

Жер кодексінің 43-1-бабының 15-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы ӛндірісін жүргізу үшін уақытша ӛтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жӛніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. Сотқа арыз беру жер комиссиясының хаттамалық шешімін орындауды тоқтата тұрады.

Сонымен бірге конкурсқа қатысушылар ӛткізілген конкурстар негізінде жасалған жалдау шарттарына дау айту құқығынан айырылған жоқ.Осылайша, тек сот ӛткізілген конкурстың заңдылығы немесе заңсыздығы және комиссия жол берген бұзушылықтар туралы қорытынды жасай алады деп санаймыз. Демек, конкурс қорытындылары заңсыз деп танылған сот актісі болмаған кезде, бір тексерушінің пікірінше, комиссия мүшелері жол берген бұзушылықтардың болуы туралы тұжырымы бар уәкілетті органның бір актісі оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту үшін жеткіліксіз.

С. «Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ-ге (бұдан әрі – Басқарма) тәртіптік жаза туралы бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы қойғанталабымен сотқа жүгінді.Ақмола облысы Кӛкшетау қалалық сотының 2020 жылғы 21 тамыздағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылды, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Жоғарғы Сот судьясының 2021 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын қайта қараудан бас тартылды.Сот актілерінен С. Басқарманың бас маманы лауазымында жұмыс істегені туындайды.2020 жылғы 24 маусымдағы бұйрықпен С. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында кӛзделген тәртіптік теріс қылықты жасағаны үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдарына сәйкес, прокуратура Басқарманың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, онда мемлекеттік сатып алу веб-порталы мониторингінің қорытындысы бойынша прокуратура мемлекеттік сатып алуды ӛткізу кезінде конкурс комиссиясының мүшелері заңды тұлғаларға шешімдер дайындау және қабылдау кезінде құқыққа сыйымсыз қолдау кӛрсетті деген тұжырымға келеді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу туралы заң бойынша егер тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті ӛнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті ӛнім беруші олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы.

Әлеуетті ӛнім берушілер ӛз құқықтарын пайдаланған жоқ, конкурстық комиссияның әрекеттеріне шағымданған жоқ. Уәкілетті орган да осындайталап қоюмен сотқа жүгінген жоқ.Тексерушілердің конкурстық комиссия мүшелерінің заңды тұлғалардың құқықтарын бұзғаны туралы уәждері расталу үшін ӛткізілген конкурсты және конкурстық комиссияның әрекеттерін заңсыз деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы сот актілері болмағандықтан, бірінші сатыдағы соттың талап қоюшыныңмемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасады деген, тәртіптік жауаптылыққа тартудың дұрыстығы туралы қорытындылары мерзімінен бұрын болып табылады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болса да кез келген жәрдем көрсету болып табыладыТалдау кӛрсеткендей, жұмыс берушілер мазмұны бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларын ажыратпайды және қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде оған екі тармақшамен айып тағылады. Соттар дауларды шешкен кезде осы қатені қайталайды.

С. «Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»РММ басшысы лауазымын атқарған. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2021 жылғы 02 маусымдағы бұйрығымен С. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында кӛзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босату түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Қызметтік тергеп-тексеру барысында Басқарма «Б» ЖШС-ның атына 9,6 млн.теңге сомасындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібергені анықталды, оның орындалмауына байланысты осы заңды тұлғаның шығыс операциялары тоқтатылған.ЖШС басшылығы берешекті тӛлегісі келмей, шоттағы ақшалай қаражатты кейіннен алу үшін шектеулерді алып тастау жолдарын іздей бастады, ол үшін ЖШС директоры С. жүгінеді.

С. ЖШС директорына шотты ашуға және ондағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді айтады, содан кейін ӛз қарамағындағыларға ЖШС-ға шектеулерді алып тастауына жәрдемдесуді тапсырады. Бұл салықтар бойынша берешек ӛтелгенге дейін шоттан ақша қаражатын алуға қол жеткізеді.Жергілікті соттар талап қоюшыға бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тарта отырып, талап қоюшының іс-әрекеттерінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында да, 5) тармақшасында да кӛзделген тәртіптік теріс қылық белгілері бар екеніне келіседі. Бұл жағдайда С. ісәрекеттері кӛрсетілген норманың 5) тармақшасының мазмұнымен қамтылады. Шешім қабылдау кезінде талап қоюшы «Б» ЖШС-ға қолдаукӛрсеткен жоқ, ӛйткені бас тартатындай ӛзге адам болған жоқ.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болып табыладыА. Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған, оның лауазымдық міндеттеріне қалалық жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру кірген.

Семей қаласы әкімінің 2021 жылғы 18 мамырдағы ӛкімімен А.«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында кӛзделген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметкетолық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған.Іс материалдарынан А. бес жер пайдаланушының конкурсқа қатысуға ӛтінімдерін заңсыз қабылдамаған деген айып тағылғаны туындайды.Ӛтінімдер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы ӛндірісін жүргізу үшін уақытша ӛтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жӛніндегі конкурсты ұйымдастыру және ӛткізу қағидаларының (бұдан әрі – № 518 қағида) 13-тармағына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған (конкурстық ӛтінімдердің беттері мӛрленбеген, сиямен емес, қарындашпен жазылған).Семей қалалық соты жер комиссиясының тӛрағасы ретінде А.бастамашылық еткен қолданыстағы заңнаманың дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты жер пайдаланушыларды жоғарыда аталған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы шешім қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағанынайғақтауы мүмкін, бірақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық құрамын құрмайтынын кӛрсетіп, талап қоюды қанағаттандырды.Шығыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы Семей қалалық сотының шешімін ӛзгерткенін А. жер комиссиясының тӛрағасы бола отырып, конкурсқа қатысушыларға жер пайдалану құқықтарын іске асыруға кедергі келтірді деген тұжырымымен негіздейді.

Апелляциялық сатыдағы қаулының күшін жойып және бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыра отырып, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасы (2022 жылғы 8 қарашадағы 3гп-398 қаулысы) АК-нің 6-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында қамтылған сӛз тіркесінің дәлме-дәл мәніне дұрыс түсіндірген кезде «ашық кедергі жасау» деп мемлекеттік қызметшінің жеке немесе заңды тұлғалардың ӛз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына заңсыз кедергілер жасау мақсатында саналы түрде заңнамаға қайшы жасалатын немесе қабылданатын тиісті іс-әрекеттерін немесе шешімдерінтүсіну керектігін негізге алған.№ 518 қағидалар Жер кодексінің 43-1-бабының ережелерін орындау және одан әрі іске асыру негізінде әзірленгендіктен және бекітілгендіктен, талап қоюшының осы іс бойынша дауды дұрыс шешу үшін № 518 Қағидалардың 13-тармағын дұрыс түсіндіру және қолдану қажет екендігі туралы уәждері негізді болып табылады.

№ 518 Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурстық ұсынысты, конкурсқа қатысушы беттері нӛмірленіп, тігілген түрде мӛрленген немесе ӛшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады. Демек, беттер нӛмірленіп, мӛрленуі немесе ӛшпейтін сиямен жзылуы тиіс. Жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы деп мемлекеттік қызметшінің жеке немесе заңды тұлғада қандай да бір құқықтың бар екендігі туралы ӛзіне анық және даусыз белгілі, бірақ ол оны іске асыруына әдейі кедергі келтіретін әрекеттерін түсіну керек.

Қолданыстағы заңнаманы дұрыс түсіндірмеу немесе шешім қабылдауға тиісінше дайындалмау нәтижесінде мұндай пікір қалыптасқан кезде мемлекеттік қызметшінің адамды осындай құқықтың жоқтығы туралы қате пікірінің болуы қызметтік міндеттердің тиісінше орындалмағандығын айғақтауы мүмкін, бірақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық құрамын құрмайдыЖоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы26 мамырдағы қаулысымен Петропавл қаласы сотының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 2 шешімінің, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 ақпандағы қаулысының күші жойылды, іс бойынша А-тің және басқалардың әкімӛкімдерінің күшін жою туралы талабын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды.

Талап қоюшылар мемлекеттік қызметшілер және тұрғын үй комиссиясының мүшелері бола отырып, С. мемлекеттік тұрғын үй қорынантұрғын үй беру кезегінен алып тастау туралы заңсыз шешім қабылдағаны үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында кӛзделген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметкетолық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны анықталды Сонымен қатар, іс материалдарынан тұрғын үй комиссиясының мүшелері тұрғын үй заңнамасының нормаларын дұрыс түсіндірмеу нәтижесінде шешім қабылдағаны, сондай-ақ материалдарды дайындау кезінде ТКШ бӛлімі жол берген бұзушылықтарға байланысты болғаны және С. тұрғын үй алу құқығын іске асыруына қасақана айқын кедергі жасау ретінде қарастыруға болмайтыны туындайды. 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 151-бабының 1), 2), 3), 4) және 7)тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы жатады.

Бұланды ауданы әкімінің ӛкімімен Е. Макинск қаласы әкімінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалған.Абаттандыру жӛніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Е.Макинск қаласы әкімінің орынбасары К. жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында жеке тұлғаларды аралау туралы ауызша тапсырма берген.

Осы тапсырманы орындау барысында жеке тұлға Е-тың жер учаскесін мақсатсыз пайдаланғаны анықталды, атап айтқанда: тұрғын үйге қызмет кӛрсетуге арналған учаске металл сынықтарын сақтау үшін пайдаланылған.Осыған байланысты жеке тұлға Е. қатысты жер учаскесінің меншік иесінің учаскені нысанасыз мақсатта пайдаланудан кӛрінетін міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 339-бабының 1-бӛлігімен әкімшілікхаттама жасалғаг және қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл салу туралы қаулы шығарылған.

2020 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының міндетін атқарушы Макинск қаласының әкімі Е. мен оның орынбасары К. қатысты тәртіптік іс қозғайды.

Бұланды ауданы әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы ӛкімдерімен Әдеп жӛніндегі кеңестің шешімі негізінде Е. мен Қ. қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.Е. мен К. сотқа ӛкімнің күшін жою туралы талап қоюмен жүгінеді.Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен К. талап қоюы қанағаттандырылды. 

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 10 наурыздағы қаулысымен сот шешімі ӛзгеріссіз қалдырылды. Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының 2021 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен Е-нің талап қоюы қанағаттандырылды.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылды, іс бойынша талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.Осылайша, екі іс бойынша апелляциялық саты істің мән-жайларына әртүрлі баға берді, материалдық құқықтың әртүрлі нормаларын қолданды және қарама-қарсы шешімдер қабылдады.Жоғарғы Сот судьясының 2021 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен К.қатысты сот актілерін қайта қараудан бас тартылды.Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен Е. қатысты Бұланды аудандық сотының 2021 жылғы 21 қаңтардағы шешімі күшінде қалдырылып, Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысының күші жойылды.

Бұл ретте алқа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 12) тармақшасын сӛзбе-сӛз түсіндіруден тәртіптік теріс қылық құрамы тек кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды ӛрескел бұзушылықтар құрайтынын кӛрсетті.

Салық органдарының деректеріне сәйкес Е. жеке кәсіпкер болып табылады (қызмет түрі– ірі қара малдың басқа тұқымдарын ӛсіру).Сонымен қатар, іс материалдарынан жеке тұлға Е-қа қатысты тексеру жүргізілгені шығады. Жер учаскесінің мақсаты - тұрғын үйге қызмет кӛрсету, бірақ бақылау жүргізу барысында жер учаскесін мақсатсыз пайдалану фактісі анықталды.Осыған байланысты оған жұмыс істемейтін жеке тұлға ретінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған. Бұл ретте Е.тексерушілерге оның металл сынықтарын жинаумен айналысатын жеке кәсіпкер екенін куәландыратын құжаттарды ұсынбаған.Ұлытау облысының соттары И-ның «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңның 50-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында кӛзделген тәртіптік теріс қылықты жасағаны үшін лауазымын тӛмендету түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықтың күшін жою туралы Жер қатынастары бӛліміне қойған талабын қанағаттандырудан негізді түрде бас тартты.

Іс бойынша мемлекеттік қызметші (сектор меңгерушісі) бола отырып, И. техникалық үзіліс кезінде әріптестерімен дәмханаға барып, сәулетқұрылыс қызметі саласында бақылауды жүзеге асыруға құқығы болмаса да, дәмхана иесінен объектіні қайта жоспарлау құжаттарын ұсынуды талап еткені анықталды. Бас тартылғаннан кейін И. тексерулермен жәнеайыппұлмен қорқытады.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • 34FC~1
    30 рет жүктеп алынды