Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы 

 

      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады. 

      2. Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге: 

      1) ескерту; 

      2) сөгіс; 

      3) қатаң сөгіс; 

      4) қызметке толық сәйкес еместігi туралы ескерту; 

      5) атқаратын лауазымынан босату; 

      6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенiн бiр сатыға төмендету; 

      7) құқық қорғау органдарынан шығару; 

      8) құқық қорғау органының басшылары немесе уәкiлеттi басшылар берген немесе марапаттаған құрметті атақтарынан, төсбелгілерінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару; 

       9) арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін. Осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза қызметкер осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көзделген теріс себептермен жұмыстан шығарылған кезінде қолданылады. 

      3. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында курсанттарға осы бапта көзделген тәртіптік жазаларға қоса, мынадай: 

      1) нарядқа кезектен тыс тағайындау (бөлімшенің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нарядқа тағайындаудан басқа); 

      2) құқық қорғау органының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезекті босатудан айыру; 

      3) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару тәртіптік жазалары қолданылуы мүмкін. 

      4. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы күндізгі нысан бойынша магистратура мен докторантурада оқитын қызметкерлерге тәртіптік жазалаудың мынадай түрлерін қолдануы мүмкін: 

      1) ескерту; 

      2) сөгіс; 

      3) қатаң сөгіс; 

      4) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару. 

      5. Қызметкердің қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны немесе құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығарып жіберу түріндегі тәртіптік жазаны қолдану қызметкерді осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген теріс себептер бойынша қызметтен шығаруға негіз болып табылады. 

      6. Тәртіптік теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: 

      осы баптың 2-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында, 4-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық болмашы теріс қылық болып табылады; 

      осы баптың 2-тармағының 4) немесе 6) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады; 

      осы баптың 2-тармағының 5), 7), 8) немесе 9) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық өрескел теріс қылық болып табылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкінӘрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін (Еңб...

Толық оқу »

54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығыӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы      Әск...

Толық оқу »

Еңбек даулары - жаза қолдану қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы болып табылады

Еңбек даулары - жаза қолдану қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы болып табыладыБ.сотқа "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепк...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.Бұдан бұрын «Сы...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі - жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанына қарамастан, қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуі тоқтатылмайды және үзілмейді

Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі - жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанына қарамастан, қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуі тоқтатылмайды және үзі...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталу қылмыстық Заңда теріс қылық пен ауырлығы аз қылмыс жасауға оқталғаны үшін жауапкершілік көзделмеген

Қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталу қылмыстық Заңда теріс қылық пен ауырлығы аз қылмыс жасауға оқталғаны үшін жауапкершілік көзделмегенБұрын сотталмаған к. ҚК-нің 187-бабының 1...

Толық оқу »

44-бап. Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

44-бап. Тәртіптік теріс қылықтар және жазаларҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      1. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – тері...

Толық оқу »

50-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

50-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      1. Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мына...

Толық оқу »

529-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

529-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Іс сотқа келіп түскеннен ке...

Толық оқу »

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданыладыД.2011 жылдың басында оның ат...

Толық оқу »

Қаулының заңдылығы және негізділігі Қылмыстық теріс қылыққа қатысты істің ҚК-нің 65-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылуы заңды

Қаулының заңдылығы және негізділігі Қылмыстық теріс қылыққа қатысты істің ҚК-нің 65-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылуы заңдыМаңғыстау облысы Қарақия аудандық сотының...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілік тек ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр санаттағы қылмыстарға оқталғаны үшін, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар үшін емес, террористік қылмысқа оқталғаны үшін туындайды

Қылмыстық жауапкершілік тек ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр санаттағы қылмыстарға оқталғаны үшін, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар үшін емес, террористік қылмысқа оқта...

Толық оқу »

Теріс қылықтар бойынша іс жүргізу мерзімдері қылмыстық іс қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасау мерзімін өткізіп алуға байланысты тоқтатылды

Теріс қылықтар бойынша іс жүргізу мерзімдері қылмыстық іс қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасау мерзімін өткізіп алуға байланысты тоқтатылдыҚостанай облысы Меңдіқара ауда...

Толық оқу »

10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәре...

Толық оқу »

Еңбек даулары, ішкі істер органдарының қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылуы мүмкін

Еңбек даулары, ішкі істер органдарының қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылуы мүмкінТ. сотқа "Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)Жұмыс берушінің бұйрығымен 2022 жылғы 18 шілдеде...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметшіні шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсетті деп тәртіптік жауаптылыққа тарту

Мемлекеттік қызметшіні шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсетті деп тәртіптік жауаптылыққа тартуМемлекеттік қызметшілерге көбінесе «Мемлекеттік қыз...

Толық оқу »