Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 157 Заңы. 

      Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы 

        

      МАЗМҰНЫ 

      РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 16-баптан қараңыз.   

       Осы Заң мүлкiн жария еткен азаматтар мен заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен босату арқылы мемлекеттiң мүлiктi жария ету жөнiндегi тек қана бiржолғы акцияны жүргiзуiне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.  

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 241 Заңымен.   

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  

       Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

       1) мүлiктi жария ету - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген не тиеcілі емес тұлғаға ресiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi;  

       2) мүлiктi жария ету субъектілерi (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) - мүлкiн осы Заңда белгіленген тәртiппен жария ететiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары;  

       3) мүлiктi жария етудi өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) - жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм шығаруға уәкiлеттi комиссия;  

       4) мүлiктi жария еткенi үшiн алым - осы Заңда белгiленген, мүлiктi жария етудi өткiзгенi үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлем;  

       5) тиесiлi емес тұлға - алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектiсiнiң табыстарына сатып алынған мүлiктiң меншiк иесi ретiнде әрекет еткен тұлға.  

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  

       1. Осы Заңның күші, осы Заңның 3-бабында аталған мүлiктi қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ оның шегiнен тыс жердегi, оның iшiнде тиесiлi емес тұлғаға ресiмделген, өздерiне тиесiлi және жария ету мерзiмi басталғанға дейiн алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілерiне қолданылады.  

       2. Осы Заңның күшi:  

       Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-193, 218, 221 , 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн өздерiне қатысты қылмыстық iс қозғалған;  

       Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-193, 218, 221, 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн сотталған;  

       Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118 , 120 , 143 , 154 , 155 (бiрiншi бөлiгi), 178 , 179 , 182 , 185 , 189 , 205-209 , 237 , 239 , 253 , 357-2-баптарында аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қолданылмайды.  

3-бап. Жария етуге жатпайтын мүлiк  

       Мыналар:  

       жеке басқа, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, конституциялық құрылыс негiздерiне және мемлекет қауiпсiздiгiне, меншiкке, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы жасалған қылмыстардың, мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың нәтижесiнде алынған;  

       құқықтары сот тәртiбiмен дауланып жатқан;  

       Қазақстан Республикасының заңдарында құқық беруге  жол берiлмейтiн мүлік;  

       оның iшiнде кредит ретiнде алынған ақша жария етуге жатпайды.  

4-бап. Мүлiктi жария ету мерзiмi  

       1. Мүлiктi жария ету, оның iшiнде мүлiктi жария етуге ұсыну мерзiмi 2006 жылғы 3 шiлдеден басталып, 2007 жылғы 1 тамызда аяқталады.  

       2. Мүлкiн осы Заңның 11- бабына сәйкес жария еткен жария ету субъектiлерi 2007 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде оған құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмдеуге мiндеттi.  

       Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiкке құжаттарды ресiмдеуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жария ету субъектiсiне тиiстi құжаттарды ол өтiнiш берген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беруге мiндеттi.  

      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.   

5-бап. Жария етуге ұсынылған және жария етiлген мүлiк туралы ақпарат  

       1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етуге тиiс.  

       2. Осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде iс жүргiзу әрекеттерiн, оның iшiнде қылмыстық қудалауды немесе әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануды жүзеге асыру жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге тыйым салынады.  

6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым  

       1. Жария ету субъектiлерi мүлiктi жария еткенi үшiн алымды (бұдан әрi - алым) төлеушiлер болып табылады.  

       2. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын мүлiктi жария еткен Қазақстан Республикасының азаматтары мына шарттардың бiрiн қанағаттандырған жағдайда, егер:  

       1) жария етiлген мүлiкке 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық пен аталған мүлiк орналасқан және салық органдарында есепте тұрған жер учаскелерiне қатысты жер салығын төлесе;  

       2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мүлiк салығын және жер салығын төлеушiлер болып табылмаса, алымды төлеушілер болып табылмайды.  

       3. Өзiнің ауыл шаруашылығы өнімдерiн өндiруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, сондай-ақ олар ақшаны жария еткен жағдайларды қоспағанда, тұрғылықты жері немесе тиісінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе заңды тұлғалары алым төлеушiлер болып табылмайды.  

       4. Алым жария етілетін мүлік құнының он проценті мөлшерінде төленеді.  

       Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті қоспағанда, мүлікті жария ететін жария ету субъектілері алымды мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төлейді.  

       Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлкін жария ететін жария ету субъектілері алымды жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегенге дейін кез келген уақытта төлейді.  

       Алымды өндіріп алу және бюджетке аудару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.  

       5. Мүлiктi жария етуге табыс етілген құжаттар қайтарылған не мүлiктi жария етуден бас тартылған жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргiзілмейдi.  

      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188 Заңымен.   

7-бап. Мүлiктi жария етудi өткiзудi ұйымдастыру және оның тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер  

       1. Жылжымайтын мүлiктi осы Заңның 11- бабына сәйкес жария етудi және осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктi жария ету салық органына жария ету субъектiлерiнiң (азаматтар - тiркелген жерi бойынша, заңды тұлғалар - мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша) мынадай құжаттарды:  

       1) осы Заңға 1 немесе 2- қосымшаға сәйкес нысанда мүлiктi жария етудi өткiзуге екi дана өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш);  

       2) алымның төленгенiн растайтын;  

       3) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - жарғының (ереженiң), заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;  

       4) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды беруi арқылы өткiзіледi.  

       2. Шет тілде ресiмделген құжаттар мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне нотариат куәландырған аудармасымен табыс етілуге тиiс.  

       3. Жария ету субъектiлерi жария етілетiн мүлiктiң құнын дербес анықтайды.  

       4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария ету субъектілері мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде мүлiктiң белгілi бiр түрiне қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес.  

       5. Мүлiктi жария етуге табыс етiлген құжаттар себептерi көрсетілiп:  

       1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы табыс етiлген;  

       2) табыс етiлген құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған;  

       3) алым сомасы дұрыс есептелмеген;  

       4) табыс етiлген құжаттар осындай құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға тиiс.  

       Мүлiктi жария етуге табыс етiлген құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде, тұлға осы Заңда мүлiктi жария етуге белгiленген мерзiм iшiнде мүлiктi жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы.  

       6. Жария етiлген мүлiк жөнiндегi мәлiметтер осы Заңға 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария етiлген мүлiк тiзілiмiне енгiзiледi.  

       7. Осы Заңның 11- бабына сәйкес жария етiлетiн жылжымайтын мүлiктi, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiк өтiнiш қабылданған кезден бастап жария етiлдi деп танылады.  

       Жария ету субъектiлерi мүлiк жария етiлдi деп танылған кезден бастап тиiсiнше осы Заңның 13, 14 және 14-1- баптарында аталған, жария етiлген мүлiктi сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.  

       8. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк жария етiлген жағдайда, уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтiнiш негiзiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi.  

       9. Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде табыс етiлетiн мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.   

8-бап. Ақшаны жария ету  

       1. Заңды тұлғалар ақшаны жария етуді мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органына мынадай құжаттарды:  

       1) осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті;  

       2) алым төленгенін растайтын құжатты;  

       3) жарғының (ереженің), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;  

       4) екінші деңгейдегі банк не шетелдік банк берген, жария етуге ұсынылған ақша сомасының бар екендігін растайтын құжатты тапсыру арқылы жүргізеді.  

       Ақша өтініш қабылданған сәттен бастап жария етілген деп танылады.  

       2. Жеке тұлғалар ақшаны жария етуді алым төлеу арқылы жүзеге асырады.  

       Ақша алым төленген сәттен бастап жария етілген деп танылады.  

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188 Заңымен.   

9-бап. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегi мүлiктi жария ету  

       1. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегi жылжымайтын мүлiктi, сондай-ақ өзi тұрған елде мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілерi, осы Заңның 7- бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн де табыс етедi.  

       2. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегi бағалы қағаздарды жария ететiн жария ету субъектiлерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi есептiк шоттан үзiндiнi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты табыс етедi.  

10-бап. Тиесiлі емес тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету  

       1. Тиесiлі емес тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:  

       1) мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;  

       2) тиесiлi емес тұлғаның жария ету субъектiсiне мүлiктi өтеусiз бергенi туралы нотариат куәландырған шартты табыс етедi.  

       2. Тиесiлі емес тұлғаға ресiмделген бағалы қағаздарды жария ететiн жария ету субъектiлерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:  

       1) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi есептiк шоттан үзiндiнi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;  

       2) тиесiлi емес тұлғаның бағалы қағаздарды жария ету субъектiсiне өтеусiз бергенi туралы нотариат куәландырған шартты табыс етедi.  

11-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүліктi жария ету  

       1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi мүлiктiң орналасқан жерi бойынша жергілiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды:  

       1) осы Заңға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысанда екі дана өтінішті;  

       2) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлдері - жарғының (ереженiң), заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды табыс етедi.  

       2. Жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiштi комиссия қарайды.  

       Жария ету мерзiмi iшiнде берілген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш тиiстi жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.  

       3. Жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту осы Заңның 2 және 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда жүзеге асырылады.  

       4. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда комиссия:  

       жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарады;  

       жария ету субъектiлерiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi бередi;  

       мәлiметтердi жария етілген мүлiктiң тiзілiмiне осы Заңға  3-қосымшаға сәйкес нысанда енгiзедi.  

       5. Комиссия жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған кезден бастап жылжымайтын мүлiк жария етiлдi деп танылады.  

       Жария ету субъектiлерi жылжымайтын мүлiк жария етiлдi деп танылған кезден бастап осы Заңның тиiсiнше 13, 14 және 14-1-баптарында аталған, жария етiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.  

       Жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісінің алым төлегені және алым төлеуші болып табылмайтын тұлғалар туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға берiледi.  

       Жылжымайтын мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi аталған мүлiк мемлекеттiк тiркелген кезден бастап оған билiк етуге құқылы.  

       6. Жылжымайтын мүлiктi жария етудi өткiзудiң ережелерiн, комиссия туралы  үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.  

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.   

12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың және жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудiң ерекшелiктерi  

       Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң, сондай-ақ жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.  

13-бап. Жария ету субъектiлерiн қылмыстық жауаптылықтан босату  

       Мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-192 , 193 (осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаған жағдайды қоспағанда, бiрiншi бөлiгi; екiншi бөлiгiнiң а) және б) тармақтары; үшiншi бөлiгiнiң б) және в) тармақтары), 218 , 221 ,   222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықтан босатылады.  

14-бап. Жария ету субъектiлерiн әкiмшілiк жауаптылықтан босату  

       Мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118 , 120 , 143 , 154 , 155 (бiрiншi бөлiгi), 178 , 179 , 182 , 185 , 189 , 205-209 , 237 , 239 , 253 , 357-2 , 532-баптарында аталған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн әкiмшілiк жауаптылықтан босатылады.  

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 241 Заңымен.   

14-1-бап. Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария еткен адамдарды тәртіптік жауаптылықтан босату  

       Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария еткен адамдар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында аталған әрекеттерді жасағаны үшін тәртіптік жауаптылықтан босатылады.  

      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 241 Заңымен.   

15-бап. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық  

       Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.  

16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу және оның қолданылуын тоқтату тәртiбi  

       Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.  

      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188 , 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.   

 Қазақстан Республикасының   

  

 Президенті   

  

  

  

2006 жылғы 5 шілде N 157-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына 1-ҚОСЫМША 

       _____________________________  

       _____________________________  

       (өтініш берілетін орган)  

       Жеке тұлға үшін мүлікті жария етуді өткізуге арналған  

       ӨТІНІШ  

       (екі дана етіп толтырылады)  

       Аты-жөні ________________________________________________________  

       СТН _____________________________________________________________  

       Тұратын жері ____________________________________________________  

       Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы __________  

       N ___________ ________________ берген берілген күні _____________  

 Жария етілетін мүліктің тізбесі  

 Мүліктің құны  

 (мың теңге)  

 Орналасқан мекен-жайы  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 Мүліктің жиынтық құны  

  

  

  

         Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (атауы, сериясы, нөмірі,  

       қашан және кім берді):  

       __________________________________________________________________  

       __________________________________________________________________  

       __________________________________________________________________  

       __________________________________________________________________  

       ________________ _________________________________________________  

       күні, айы, жылы (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)  

       __________________________________________________________________  

            (өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы)  

       __________________________________________________________________  

                   (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)  

       М.О.  Өтініштің қабылдап алынған күні, айы, жылы: 2006 жылғы _____  

  

2006 жылғы 5 шілде N 157-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына 2-ҚОСЫМША 

       _____________________________  

       _____________________________  

       (өтініш берілетін орган)  

       Заңды тұлға үшін мүлікті жария етуді өткізуге арналған  

       ӨТІНІШ  

       (екі дана етіп толтырылады)  

       Заңды тұлғаның толық атауы _______________________________________  

       __________________________________________________________________  

       Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі _______________________  

       Мемлекеттік тіркеудің жылы, күні, айы ____________________________  

       СТН ______________________________________________________________  

       Заңды мекен-жайы _________________________________________________  

                          (басшының немесе уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.)  

       ________________________________________________________ негізінде  

         (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)  

       ________________________________________ атынан іс-әрекет жасайтын  

           (уәкілетті өкіл толтырады)  

 Жария етілетін мүліктің тізбесі  

 Мүліктің құны  

 (мың теңге)  

 Орналасқан мекен-жайы  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 Мүліктің жиынтық құны  

  

  

  

         Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (атауы, сериясы, нөмірі,  

       қашан және кім берді):  

       __________________________________________________________________  

       __________________________________________________________________  

       __________________________________________________________________  

       ________________ _________________________________________________  

       жылы, күні, айы (өтініш берушінің қолы)   (өтініш берушінің Т.А.Ә.)  

       __________________________________________________________________  

             (өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы)  

       __________________________________________________________________  

                    (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)  

       М.О.  Өтініштің қабылдап алынған күні, айы, жылы: 2006 жылғы ____  

  

2006 жылғы 5 шілде N 157-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына 3-ҚОСЫМША 

       _____________________________  

       _____________________________  

       (органның атауы)    

 Рет  

 N  

 Өтініш қабылдап алған күн  

 Мүлікті жария еткен тұлғаның (атауы)  Т.А.Ә.  

 Мүлікті жария еткен тұлғаның (заңды тұлғаның) орналасқан жері  

 Жария етілген мүліктің тізбесі  

 Жария етілген мүліктің құны  

 (мың теңге)  

  

  

  

  

  

 Барлығы  

 оның ішінде  

 Ақша  

 Өзге мүлік  

 1  

 2  

 3  

 4  

 5  

 6  

 7  

 8  

  

      таблицаның жалғасы  

 Мүлікті жария еткені үшін төленген алым сомасы (мың теңге)  

 Өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы  

 Мүлікті жария еткен тұлғаның өтініштің бір данасын алғаны туралы қолы  

 Барлығы  

 оның ішінде  

  

  

 Ақша  

 Өзге мүлік  

 9  

 10  

 11  

 12  

 13  

  

       ___________________________________________________________________  

                (тізілімді толтырған маманның Т.А.Ә. және қолы)  

       ___________________________________________________________________  

                     (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)  

       М.О.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегі N 27 Заңы.      Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 149 Заңы.      Заңсыз еңбектенуге көшіп к...

Толық оқу »

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату 1....

Толық оқу »

Рақымшылық жасау туралы

Рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 2 қарашадағы № 152-VII ҚРЗ      Осы Заң ізгілік қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.      1-бап. Рақым...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 2 сәуір N 173-II       Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 113 Заңы       Осы Заң Қазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 19 ақпан N 294-ІІ      Осы Заң Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV Заңы     ...

Толық оқу »

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiм...

Толық оқу »

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жою

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жоюСемей қаласының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 2 сотының үк...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 81-VII ҚРЗ      Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ      Қолд...

Толық оқу »

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайды

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайдыАқтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2017...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2000 жылғы 2...

Толық оқу »

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан бос...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 23 маусымдағы № 195-VIII ҚРЗОсы Заң Қазақста...

Толық оқу »

69-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

69-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 1. Егер қылмыс жасалған күннен баст...

Толық оқу »

66-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

66-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан туындаған үрейл...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚарағанды қаласы Қазыб...

Толық оқу »

65-бап. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

65-бап. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған...

Толық оқу »

65-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің белсенді өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

65-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің белсенді өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 1. Алғаш рет ауырлығы аз немесе орташа қыл...

Толық оқу »

67-бап. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

67-бап. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Ынтымақтастық туралы процестік кел...

Толық оқу »

71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен б...

Толық оқу »

66-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

66-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату Қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан...

Толық оқу »

Процессуалдық келісім шарттарын орындау кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату

Процессуалдық келісім шарттарын орындау кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату🔷 1. Баптың жалпы сипаттамасыҚР ҚК 67-бабы – процессуалдық келісімді жасасқан және оның барлық ш...

Толық оқу »

68-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жағдайының өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

68-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жағдайының өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 1. Қылмыс белгілері бар іс-әрекетті жас...

Толық оқу »

68-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

68-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты еме...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан босату – кінәні мойындау туралы процестік келісімнің шарттарын орындау және заңсыз алынған активтерді қайтару кезінде

Қылмыстық жауаптылықтан босату – кінәні мойындау туралы процестік келісімнің шарттарын орындау және заңсыз алынған активтерді қайтару кезінде🔷 1. Норманың құқықтық мәніҚазақс...

Толық оқу »

67-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ЖӘБІРЛЕНУШІСІМЕН татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

67-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ЖӘБІРЛЕНУШІСІМЕН татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 1. Ауырлығы аз қылмыс жасаған н...

Толық оқу »

64-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің құқық бұзушылығы елеусіз болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату

64-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің құқық бұзушылығы елеусіз болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату Жасалған ә...

Толық оқу »

64-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

64-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  1. Осы Кодекстiң 73-3, 79 (бірінш...

Толық оқу »

36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босатуӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы      1. Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан: ...

Толық оқу »

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Соттарда мыналар мемлекетті...

Толық оқу »

Кедендік құқық бұзушылықтар әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткен кезде әкімшілік жауаптылықтан босату

Кедендік құқық бұзушылықтар әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өткен кезде әкімшілік жауаптылықтан босатуАлматы қаласы СМАЖ-ның 2018 жылғы 1 ақпандағы қаулысыме...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

19-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне куәлік беру міндетінен босату

19-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне куәлік беру міндетінен босату 1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және шеңбері заң...

Толық оқу »

403-бапқа түсініктеме. Сотталушыны Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің қамауынан босату

403-бапқа түсініктеме. Сотталушыны Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қамауынан босатуСотталушы ақталған не айыптау үкімі жаза тағайындамай немесе жазасы...

Толық оқу »

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаул...

Толық оқу »

Көлік құралдары иелерінің белгіленген жылдамдықтан асып кетуі бойынша Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босату

Көлік құралдары иелерінің белгіленген жылдамдықтан асып кетуі бойынша Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң ком...

Толық оқу »

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату 1. Қылмыс жасалғаннан кейін өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің)...

Толық оқу »

130-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн кеменi жалдаушының жауапкершiлiктен босатылуы  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

130-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн кеменi жалдаушының жауапкершiлiктен босатылуыСауда мақсатында теңізде жүзу туралы...

Толық оқу »

83-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

83-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қыл...

Толық оқу »

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталға...

Толық оқу »

Алимент төлеуден босату

Алимент төлеуден босатуКодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес, егер алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін Тараптард...

Толық оқу »

46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан босату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау...

Толық оқу »

Қылмыстық іс шеңберінде ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті қамауға алудан босату

Қылмыстық іс шеңберінде ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті қамауға алудан босату2018 жылғы 18 шілдеде Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 аудандық соты ашық сот отырысында...

Толық оқу »

12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы      Таралымы:      - жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;     ...

Толық оқу »

64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Жасалған әкімші...

Толық оқу »

46-24-бап. Ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайдан, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан босату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-24-бап. Ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайдан, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан босату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемел...

Толық оқу »

Әкімшілік жауапкершіліктен босату / әкімшілік даулар бойынша Заңды қорғау / әкімшілік істер бойынша Адвокат

Әкімшілік жауапкершіліктен босату / әкімшілік даулар бойынша Заңды қорғау / әкімшілік істер бойынша АдвокатМобильді қосымшадағы компаниялардың клиенті kaspi.kz Көлік құралдары...

Толық оқу »

68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Әкiмшiлiк құқық б...

Толық оқу »

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келт...

Толық оқу »

19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен айқын...

Толық оқу »

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру 1. Ауырлығы аз және ор...

Толық оқу »

889-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін әкімшілік жазаны орындаудан босату

889-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін әкімшілік жазаны орындаудан босату Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған Су...

Толық оқу »

68-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

68-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі Әкімші...

Толық оқу »

17-бап. Айғақтар беру міндетінен босату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

17-бап. Айғақтар беру міндетінен босату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және аясы заңда айқындалатын жақын туыстар...

Толық оқу »

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республ...

Толық оқу »

28-бап. Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

28-бап. Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) және аясы осы Кодексте айқынд...

Толық оқу »

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекетті...

Толық оқу »

403-бап. Сотталушыны күзетілуден босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

403-бап. Сотталушыны күзетілуден босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босата...

Толық оқу »

129-бап. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

129-бап. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Кә...

Толық оқу »

170-бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

170-бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Алимент бойынша берешекті төлеуден босат...

Толық оқу »

102-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

102-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босатуСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Егер жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүлiну) немесе мерзiмiн өткiзiп алу:      1)...

Толық оқу »

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату 1. Қылмыс жасағаны үшін сот...

Толық оқу »

19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан босату Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң

19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан босату Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң      Терроризмге қарсы операция жүргізу кезiнде осы Заңда белгiленген негiз...

Толық оқу »

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер қыл...

Толық оқу »

889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган...

Толық оқу »

150-бап. Жұбайды екінші жұбайды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

150-бап. Жұбайды екінші жұбайды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

677-бап. Консулдық алымды төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

677-бап. Консулдық алымды төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Консулдық алым:     1) осы Кодекстің 667 – 671-баптарында көзделген жағдайларда;     2) Қ...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босату

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына құқықтық түсіндірме(Амнистия не...

Толық оқу »